№5 практикалық сабақ. Тұз ерітінділеріндегі гидролитикалық тепе-теңдік. Гидролизденетін тұз ертінділерінің рН есептеу. Сабақ нәтижесінде студент меңгереді:
1. гидролиз константасы мен гидролиздену дәрежесі ұғымын білу;
2. гидролизденетін тұздардың ертінділерінің рН есептеу;
3. алған білімдері мен дағдыларын дәрілік препатараттарды талдауда пайдалану.
Әдебиет, соның ішінде электрондық ресурстар: 1. Патсаев Ә.Қ., С.Ж. Жайлау, Ш.С. Шыназбекова, Б.Қ. Махатов Аналитикалық химия
/Алматы, 2012ж., 74-79б.
2. Молдакалыкова А.Ж. Аналитикалық химия пәнінен сапалық анализ бөлімі бойынша
лабораториялық жұмыстар. Оқу құралы. /Алматы, 2008.
3.
Мырзакожа Д.А Химия бойынша нұсқаулық. – Алматы.- Medet Group, 2021. – 544б
4. Чекотаева К.А., Карлова Э.К. Аналитикалық химия пәнінінң сандық талдау тәсілдері.
/Москва, 2017ж.
5. Ю.Я. Харитонов. Аналитическая химия. Общие теоретические основы. Качественный
анализ./М.:ГЭОТАР – Медиа, 2014.- 688б.
Интернет-ресурс көздері, электрондық кітаптар мен оқулықтар:
https://www.youtube.com/watch?v=UHwQkQHtzbo
www.chem.msu.su
;
http://shopedu.ru/shop/tablitsyi/star/120
https://www.youtube.com/watch?v=ZrG-ZDlZ7sg
Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар: 1. Протолиттік теория тұрғысынан гидролитикалық тепе-теңдік. Талдаудағы маңыздылығы.
2. Гидролиз дәрежесі мен константасы. Анықтау және қорытындылау.
3. Гидролизденетін тұздардың ертінділерінің С
н
мен рН мәндерін есептеу.
4. Гидролиз дегеніміз не?
5. Тұздар гидролизінің қандай типтерін білесіз?
6. Қышқылды тұздар мен негіздердің түзілуі немен байланыстырылады?
7. Сатылы гидролизденуге мысалдар келтіріңіз.
8.Буферлік ерітінділердің Сн және рН есептеу (қышқылдық және негізгік).
9.Гидролизге қандай тұздар ұшырайды?
Сабақты жүргізу түрі: Ситуациялық есептерді, жаттығуларды орындау, талқылау, түсіндіру және
кіші топтарда жұмыс жасау.