Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Дәріс 45. АМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ



бет233/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   271
Дәріс 45. АМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ


Амин қышқылдары деп - карбон қышқылының молекуласындағы көмірсутегідегі сутегінің орнын амин тобы басқан органикалық қосылыстарды айтады.
Амин қышқылдарының физиологиялық маңызы өте зор, өйткені олардың қалдықтарынан ақуыздар құрылады және олардан ферменттер, витаминдер, гормондар түзіледі. Амин қышқылдарын көбінесе тривиалды (шығу тегі бойынша) атаумен айтады.
Мысалы: NH2 – СН2 – СООН - глицин. Сонымен қатар, амин қышқылдарын атау үшін сәйкес карбон қышқылының атына «амино» деген сөз қосып, амин тобының орнын грек алфавитімен көрсетіп атайды. Мысалы:





- аланин немесе α- аминопропион қышқылы



Амин қышқылдарының жіктелуі

Амин қышқылдары құрылысы бойынша үш топқа бөлінеді:


1. Ациклді
2. Карбоциклді
3. Гетероциклді
Ациклді амин қышқылдары карбоксил –СООН және -NH2 топтарының санына қарай бөлінеді:
1. Моноаминкарбон қышқылдары: аланин СН3- СН(NH2) – СООН – барлық ақуыздар құрамына кіреді.
2. Моноаминдикарбон қышқылдары: аспарагин қышқылы НООС- СН2- СН(NH2)- СООН – аминоянтар қышқылы, ақуыз гидролизі нәтижесінде түзіледі. Табиғатта аспарагин қышқылының амиді кездеседі –
NH2СО- СН2- СН(NH2)- СООН.
3. Диаминмонокарбон қышқылдары: Н2N (СН2)4 СН(NH2) СООН – лизин, кейбір балық уылдырығының құрамында кездеседі, күшті негіз, ауыстырылмайтын амин қышқылдарына жатады. Оны синтетикалық жолмен капролактамнан және биохимиялық әдіспен алады.
Изомерия
Амин қышқылдарының изомериясы функционалды топ орнына және көміртегі скелеті құрылысына байланысты болады.







α – аминпропион қышқылы (α-аланин)

β - аминпропион қышқылы (β-аланин)












α – аминмай қышқылы

β - аминмай қышқылы

γ – аминмай қышқылы

α – аминизомай қышқылы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет