Адсорбцияның БЭТ теориясы. Бұл теорияны адсорбцияға арнап 1945 жылы ғалымдар Брунауэр, Эммет, Тэллор ұсынды және осы авторлар фамилияларының бас әріптерінен қысқартылып, ол ад-сорбцияның БЭТ теориясы деп аталады. БЭТ теориясы адсорбциядағы Ленгмюрдің динамикалық сипатын сақтап калған. Бұл теория бойынша адсорбция көп қабатты болып есептеледі. Осы көп қабаттың біріншісі адсорбент — адсорбат арасындағы молекулааралық әрекеттесу әсерінен пайда болады, яғни адсорбент бетіндегі бірінші молекула қабаты құралады. Енді осы бірінші қабаттағы әрбір адсорбцияланған молекула келесі адсорбциялық қабатты түзуші орталыққа немесе тартушы күшке айналады. Осылайша екінші қабаттағы әрбір молекула үшінші қабатты түзуші орталыққа айналады, өстіп қабат саны арта береді. Оның пайда болу үлгісі 8-суретте кескінделген.
Бірінші қабаттағы адсорбция жылуы адсорбент — адсорбат арасындағы әрекеттесу әсерімен анықталады, ал қалған екінші, үшінші қабат арасындағы мұндай жылу адсорбцияланатын молекулалардың өзара тартылысы арқылы сипатталады. Сондықтан да екінші қабаттан бастап, олардағы адсорбция жылуы сондағы молекулалардың конденсацияланған жылуына тең. Екінші жәке келесі қабаттардың пайда болуы бірінші қабаттың әлі бітпеген
8
кезінде де бастала береді. Әрбір адсорбциялық қабат өзін қорша-ған ортамен және көршілес өзге қабаттармен әркез динамикалық тепе-теңдікте болады. Ондай тепе-теңдіктегі адсорбциялық қабат үлгісі 8-суретте көрсетілген.
Капиллярлық конденсация. Адсорбциямен қатар капиллярлық конденсация құбылысы, яғни қаныққан бу қысымы аз кездегі адсорбат буының конденсациясы байқалады. Адсорбция кезінде адсорбент қуысындағы ішкі қабырғалар адсорбцияланатын заттың буымен өте жүқа пленка болып жабылады (астарланады). Олар сұйықпен жақсы жұғысады. Мұндағы тепе-теңдік қысымының қаныққан будың серпімділігінен кіші болатыны физикадан белгілі. Сондықтан да адсорбент қуысындағы қаныққан бу кіші қысым кезінде де конденсациялана береді.
Қапиллярлық конденсациямен сорбциялық гистерезис құбылысы жиі байқалады, адсорбция мен десорбция изотермаларының бірдей бола бермеуінен адсорбциямен салыстырғанда десорбция құбылысы кіші қысымда баяу жүреді. Капиллярлық конденсация кезіндегі гистерезис құбылысының пайда болуына физикалық адсорбцияның қайтымдылығымен қатар, адсорбент қуыстарының түрі, қисықтығы, бірдей болмауы әсер етеді.