Химиялық термодинамиканың негізі § термодинамиканың бірінші заңы термодинамикалық түсініктер мен анықтамалар



бет65/79
Дата12.04.2023
өлшемі0,9 Mb.
#81779
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   79
Байланысты:
Микро сож соож

§ 3. ОСМОСТЫҚ ҚЫСЫМ
Коллоидты ерітінділерге нағыз ерітіндідегідей осмостық қысым тән. Ол да газ қысымы секілді ерітіндінің коллигативті (біріккен, орташа) қасиеті екен, яғни ол тек еркін қозғалатын коллоидты бөлшектерге ғана тәуелді. Егер коллоидты бөлшектердін көлемі мен массасының нағыз ерітінділердегі молекула көлемі мен массасынан үлкен екенін ескерсе, онда бірдей көлемдік концентрациядағы коллоидты және нағыз ерітінділерді алып, белгілі бір көлеміндегі коллоидты бөлшекті және молекуланы салыстырғанда, коллоидты бөлшектер аз болады. Мінеки, сондықтан да бірдей концентрациядағы коллоидты ерітіндінің осмостық қысымы нағыз ерітіндімен салыстырғанда аз болады. Мысалы, массалық концентрациясы 10 г/л болатын алтын золінің осмостық қысымы 45 Па, ал осындай концентрациядағы сахароза ерітіндісінің осмостық қысымы 7250 Па. Сондай-ақ, гидрофобты коллоидты ерітіндідегі өл-шенетін осмос қысымының бір бөлігі қосымша электролиттердің кездесуімен байланысты болады.
Коллоидты ерітінділер нағыз ерітінділерге өте ұқсас болғандықтан, оған Вант-Гофф формуласын қолдануға болады:
31
мүндағы П — зольдің осмостық қысымы; n — кодлоидты бөлшектердің мольдік өлшемі; V — зольдің көлемі. Коллоидты бөлшектің мольдік өлшемі деп Авогадро саны қабылданады.
Егер берілген зольде V коллоидты бөлшек болса, онда 1 мольде NA бөлшек бар. n = ν/NA ескерсек, (191) тендеу:
32
болады.
Қоллоидты ерітінділердің бәрі дерлік өте төменгі бу серпімділікпен сипатталып, қайнау температурасы мен қату (кристалдану) температуралары төменгі мәнге, кейде мүлдем өлшеуге келе бер-мейтін шамаға ғана өзгереді. Мысалы, бөлшек өлшемі 4 нм, концентрациясы 0,001% алтын золінің қату. температурасы 0,000004°-қа ғана төмендейді екен.
Осмостық қысым (П) берілген бірлік көлемдегі бөлшек саны (n) мен коллоидты бөлшектердің орташа радиусы (г) арасындағы белгілі бір байланысты табуға септеседі. Ұсақталған заттың бірлік көлемдегі массасы:
m= 4/3πr3dn,
мұндағы d — ерітінді тығыздығы. Осы теңдеуге негіздей, бірдей температура мен дисперстік ортадағы екі дисперсті системаға арнап, келесі өрнекті жазуға болады:
4/3πr dn1=4/3πr dn2 немесе r n1=r n2 бұдан
33
мұндағы D1 дәне D2 — бірінші және екінші зольдің дисперстік дәрежелері.
Демек, коллоидты ерітінділердің осмостық қысымы, олардағы бөлшек радиусының кубына кері пропорционалды да, дисперстік дәрежесінің кубына тура пропорционалды екен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет