Эмоционалды-әдісқойлық стиль (ЭӘС). ЭӘС-ті мұғалім үшін оқу-тәрбие процесін сәйкес жоспарлау, жоғары шапшаңдық, рефлексивтіліктен ішкі түйсіктің басымдылығы тән. Оқытудың процесі мен нәтижесіне бірдей бағдарлана отырып, мұндай мұғалім оқу-тәрбиелеу процесін сәйкес жоспарлайды, бүкіл оқу материалын кезеңдеп өңдейді, шәкірттердің барлығының (күштілерінің де, әлсіздерінің де) білім деңгейін мұқият қадағалайды, оның іс-әрекетінде үнемі оқу материалын бекіту мен қайталау, шәкірттердің білімін қадағалауорын алады. Мұндай мұғалім жоғары шапшаңдықпен ерекшеленеді, ол сабақ үстіндегі жұмыс түрін жиі ауыстырып отырады, ұжымдық талқылауды қолданады. Оқу материалын өтуде ЭИС-ті мұғалім қолданған бай әдістемелік тәсілдер арсеналын қолдана отырып, ЭӘС-ді мұғалім соңғыға қарағанда балаларды сыртқы тартымдылықпен белсендендіру орнына, оларды өз пәнінің ерекшелігімен біржолата қызықтыруға ұмтылады.
Пайымдаушы-импровизациялық стиль (ПИС).Пайымдаушы-импровизациялық стильді мұғалімге оқыту процесі мен нәтижесіне бағдарлану, оқу-тәрбиелеу процесін сәйкес жоспарлау тән. Эмоционалдық стильді мұғалімдермен салыстырғанда пайымдаушы-импровизациялық стильді мұғалім оқыту әдістерін таңдау мен түрлендіруде аз ойлап тапқыштық көрсетеді, жоғары қарқынды жұмысты үнемі қамтамасыз ете алмайды, ұжымдық талқылауды сирегірек пайдаланады, оның шәкірттерінің сабақ барысындағы спонтанды пікір айтуының салыстырмалы уақыты эмоционалды стильді мұғалімдерге қарағанда азырақ. Пайымдаушы-импровизациялық стильді мұғалімдер, әсіресе сауалдама барысында өзі аз сөйлейді, шәкірттерге жанама түрде (нақтылау, жауап беруге көмектесу т.б. арқылы) әсер ете отырып, жауап берушіге жауабын жете айтуға мүмкіндік беруді қалайды.
Пайымдаушы-әдісқойлық стиль (ПӘС).Оқыту нәтижесіне басымырақ бағдарлана отырып және оқу-тәрбие процесін сәйкес жоспарлай отырып, пайымдаушы-әдісқойлық стильді мұғалім педагогикалық іс-әрекет құралдары мен тәсілдерін пайдалануда ескішілдік танытады. Жоғары әдісқойлық (оқу материалын бекітудің, қайталаудың, оқушылардың білімін қадағалаудың жүйелілігі) оқыту әдістерінің шағын, стандартты жиынын пайдаланумен, оқушылардың қайта жаңғыртушы іс-әрекетіне басымдылық берумен, ұжымдық талқылауды сирек жүргізумен үйлеседі. Сұрастыру процесінде пайымдаушы-әдісқойлық стильдімұғалім оқушылардың аз санымен жұмыс істейді, әлсіз оқушыларға ерекше назар аудара отырып, әрқайсысына жауап беруге көп уақыт береді. Пайымдаушы-әдісқойлық стильдімұғалімге жалпы рефлексивтілік тән [129, 180-190 б.].
* * * Педагогикалық іс-әрекет стилі басқару стилін, қарым-қатынас стилін, мінез-құлық стилі мен мұғалімнің когнитивті стилін бейнелейтін оның интегративті сипаттамасы, бұл А.Я. Никонова, А.К. Маркова бойынша мұғалім еңбегі стилінің төрт түрінде неғұрлым толық көрінеді.