И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Сабақты талқылаудың жалпы схемасы



бет137/188
Дата16.10.2023
өлшемі2,06 Mb.
#116357
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   188
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалы психология екінші, толы тырыл ан, т з

Сабақты талқылаудың жалпы схемасы

Көптеген зерттеушілер ұсынған сабақты психологиялық талдаудың схемасын жалпылау (шет тілі сабағының мысалында) мұндай талдаудың іс-әрекеттік тұрғыдан келу негізіндегі жалпы моделін анықтауға мүмкіндік береді. Схемаға талқылаудың келесі жоспарлары кіреді: іс-әрекет субъекті, олардың іс-әрекеті және еңбектестік. Бірінші жоспар – оқушылардың шет тілін оқу пәні ретінде игеруі ерекшеліктерінің психологиялық сипаттамасы. Осы тұрғыдан мұғалім талдауды келесі сұраққа жауап ретінде жүргізеді: шет тілдік сөйлеу әрекетін меңгерудің ерекшеліктері қандай? оған кіретін сөздік әрекеттердің, ойды тілмен (грамматикалық, лексикалық, фонетикалық) жеткізудің және оны қалыптастыру мен тұжырымдау тәсілдерінің даму сипаты қандай? осы іс-әрекеттің операционалдық механизмдерін жетілдірудің жолы қандай? Сабаққа талдау жасай отырып, мұғалім барлық буындардағы меңгеру (материалды) заңдылықтарын, оқушылардың дағдыларының жетілуін, коммуникативтік қабілеттердің дамуын және т.б. есепке алады.


Екінші жоспар – шет тілі мұғалімінің психологиялық ерекшеліктері: мұғалімнің жалпы тұлғалық және кәсіби-педагогикалық бағыттылығы және оның сабақтағы көрінісі; шет тілі мұғалімінің жалпы педагогикалық және арнайы (коммуникативтік, талдамалық және т.б.) қабілеттері және олардың сабақтағы көрінісі; мұғалімнің жеке-психологиялық ерекшеліктері: эмоционалдық, мазасыздық, өзін-өзі бағалауы т.б. және олардың сабақтағы көрінісі; оның іс-әрекетінің ерекшеліктері.
Үшінші жоспар – оқушылардың оқу іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері, олардың жеке-психологиялық ерекшеліктерінің көрінісі: оқушылардың пәндік, бақылаушылық, өзін-өзі бағалаушы әрекеттерінің қалыптасқандық деңгейі; олардың оқу пәніне деген қатынастары және олардың шет тілі сабағындағы көрінісінің сипаты, шәкірттердің оқу іс-әрекетіне араласуы, оқушылардың сабақтағы интеллектуалдық белсендігі (ойлау, перцептивті, мнемикалық); оқушылардың сабақта жас және даралық-психологиялық ерекшеліктерінің және психикалық күйлерінің (зейін, стресс, қысымдылық, әзірлік және т.б.) көрінісі, мұғалімнің осы ерекшеліктерді еске алуы. Тұлға аралық қатынастар а) тілдік шағын топтарға қатысушылар арасында, б) оқушылар мен мұғалім арасындағы және олардың сабақтағы көріністері.
Төртінші жоспар – педагогикалық қарым-қатынас және ынтымақтастық: қандай коммуникативті тапсырмалар және олар мұғалім мен шәкірттер тарапынан қалай орындалады; педагогикалық қарым-қатынас стилі (өктемшілдік, демократиялық, либералды – өз бетімен жіберу); сыныптағы өзара әрекеттесу схемасы және шәкірттердің еңбектестік ерекшеліктері (диадалар, тиадалар, лидерлік және т.б.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет