Еңбектестіктің негізгі бағыттары
Оқу процесіндегі оқу еңбектестігі өз тарапынан келесі төрт бағыт бойынша тарамдалған өзара әрекет болып келеді: 1) мұғалім – оқушы (оқушылар), 2) оқушы – диадалар және триадалардағы оқушы, 3) оқушылардың барлық оқу ұжымдарындағы жалпы топтық өзара әрекеті, мысалы тілдік топтарда, жалпы сыныпта және 4) мұғалім – мұғалімдер ұжымы. Г.А. Цукерман басқа барлық бағыттардан генетикалық туынды, тағы бір маңызды бағытты қосады – оқушының «өз-өзімен» еңбектестігі (мүмкін, бұл мұғалім үшін де әділетті болар).
Еңбектестікке талдау жүргізуде біріншіден, мұғалім – оқушы(лар) бағыты, әдетте, оқушы+оқушы бағыты бойынша өзара әрекетпен толықтырылатынын атап өту маңызды, бұл оқу іс-әрекетінің топтық сипатымен шартталады. Екіншіден, негізгі зерттеулер еңбектестіктің үйренушінің (үйренушілердің) тұлғалық дамуына, оның (олардың) оқу іс-әрекетінің тиімділігіне ықпалын білуге бағытталған. Нәтижесінде, оқудағы оқушы–оқушы еңбектестігі, оқытудың ұйымдастырушы формасы ретінде, тек нақты бір оқу пәні бойынша оқытудың тиімділігін арттыру үшін ғана емес, сондай-ақ шәкірт тұлғасының дамуы, қалыптасуы үшін де елеулі қор беретініне көз жеткізеді.
Түрлі субъекттермен еңбектестік
Түрлі адамдармен оқудағы еңбектестікті, оны кіші мектеп жасындағы балалармен іске асыру мысалында талдай отырып, Г.А. Цукерман оның маңызды ерекшеліктерін атап көрсетеді.
«Оқудағы еңбектестікті үлкендермен құру үшін, репродуктивті әрекеттену мүмкіндігін тосқауылдайтын және әрекет пен өзара әрекеттің жаңа тәсілдерін іздеуді қамтамасыз ететін жағдайларды жасауды талап етеді.
Құрбылыстармен оқудағы еңбектестікті құрау үшін, балалардың әрекетін ұйымдастыруда, түсініктік қарама-қайшы-лықтардың жақтары топқа үйлестірушіні қажет етуші, біріккен жұмысқа қатысушылардың пәндік позициясы ретінде көрінетіндей етуді талап етеді.
Өз-өзімен оқудағы еңбектестік пайда болу үшін, балаларды өз көзқарастарындағы өзгерістерді табуға үйрету керек» [230, 35 б.] (өзімнің бөліп көрсеткенім - И.З.). Басқаша айтқанда, үйренушінің оқу процесіндегі түрлі субъекттермен еңбектестігі оның мазмұнының, құрылымының, ерекшелігімен сипатталады, осыны оны ұйымдастыруды есепке алған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |