И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым



бет3/188
Дата16.10.2023
өлшемі2,06 Mb.
#116357
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   188
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалы психология екінші, толы тырыл ан, т з

Біз педагогтардан әрекеттесу-дің небір қағидаларын сақтауды талап етпейміз, бірақ біз оларға өздерің болашақта басқаратын пси-хикалық құбылыстардың заңдарын оқып, зерттеңдер және оларды өздерің қалап алған жағдайларда басшылыққа алып, солар бойынша әрекеттесіңдер демекпіз.


К.Д. Ушинский. Человек как предмет воспитания


Студентке - болашақ ұстазға айтарым
(алғысөз орнына)

Шығыстың ұлы ойшылы, дәрігері Ибн Синның (Авиценна) (980-1037) «Зияныңды тигізбе» деген дәрігерлердің негізгі адамгершіліктік - этикалық, кәсіби өсиеті бәрімізге белгілі. Ол туралы дәрігерлер дайындайтын жоғары оқу орны түлектерінің беретін Гиппократ антында айтылған. Ендеше, біздің алдымызда педагогикалық ықпалдың тиімділігін және сипатын анықтайтын педагогикада кәсіби уағыз бар ма деген сұрақ туады. Болашақ ұстаздарға сондай уағыз ретінде, біздің терең нанымымыздан туған екі ақыл кеңес берер едік: «оқушыны түсін» және «үйренуге көмектес. Осыған байланысты білім үрдісінің күрделілігін ескере отырып, педагогикалық ықпалдың заңдылықтарын және механизмі білімнің негізгі міндетін орындауға, яғни оқушының тұлға ретінде қалыптасуына және дамуына көмектесер еді.


Білім үрдісінің күрделілігі, адам өмірінде маңызды орын алғанымен тез арада көрнекі, нақтылы нәтиже бермейді. Білім үрдісінің нәтижесі (әрине ықпал әсерін ескеру және басқа да фактілердің (мысалы тұқым қуалаушылық, отбасы тәрбиесі, өзін-өзі тәрбиелеу т.б.), адамның кейінгі өмір өнегесі, іс әрекеті, мінез-құлқы болып табылады. Сондықтан, кез-келген білім беру ордасында педагогикалық ықпалдың әсерін тікелей бақылау мүмкін емес.
Педагог мамандығын таңдаған әрбір адам, оқушы мен тәрбиеленушінің алдында ғана емес, сонымен қатар, өзіне-өзі жауап беруге және өзінің кәсіби даярлығы үшін Педагог, Оқытушы, Тәрбиеші құқына ие болуы үшін жауапкершілік алады. Кәсіби педагогикалық парызды лайықты орындау адамнан бірқатар міндеттер қабылдауын талап етеді.
Біріншіден, өзінің жеке мүмкіндіктерін объективті түрде бағалауы, осы кәсіпке байланысты маңызды қасиеттердің әлді, әлсіз жақтарын білуі (өзін-өзі реттеу ерекшелігі, өзін-өзі бағалау, эмоционалдық көріністер, коммуникативтік, дидактикалық қасиеттер т,б). Мысалы, адамның өз мінез-құлқын сәйкес бағалай алу және түзету қабілеттілігі сияқты позитивтік кәсіптік қасиеті басқа адамдарға адекватты ықпал ете алудың алғышарттарының бірі болып табылады. Бұл қасиеттердің қалыптасуы болашақ педагогтардан рефлексивтік ойлаудың дамуын, өзін-өзі реттеу ерік жігерлігін, жоғары деңгейлі таным белсенділігін қажет етеді.
Екіншіден, болашақ педагог интеллектуалдық іс-әрекеттің жалпы мәдениетін (ойлау, ес, қабылдау, елестету, зейін), мінез-құлық мәдениеті, қарым-қатынас, атап айтқанда, педагогикалық қарым-қатынасты меңгеруі тиіс. Педагог - бұл оқушылар үшін еліктеу үлгісі болып табылады, олар мұғалімнің әрекетіне саналы түрде, көп жағдайларда ойланбай еліктейді. Осыған орай, болашақ педагог –студенттің рефлексияланған, түзетілген «Мен» бейнесі тұлғалық, коммуникативтік, кәсіби тренингті үнемі талап етеді.
Үшіншіден, педагог іс-әрекетінің негізгі және қажетті шарты - ол сыйластық, білім және өзінің оқушысын «Басқа адам» ретінде түсінуі. Құндылық жүйесі, бағалау, мінез-құлық моделі сәйкес келмеуіне қарамастан, мұғалім оқушыны қабылдауы, түсінуі қажет; бұл мәселе қарым-қатынас, әрекеттің психологиялық механизмі мен заңдылықтарын білуін қажет етеді.
Төртіншіден, педагог оқушылардың іс-әрекетін, олардың еңбектестігін ұйымдастырушы, сонымен бірге ол педагогикалық қарым - қатынасты жеңілдететін серіктес пен адам ретінде, яғни К. Роджерс бойынша «фасилитатор» болып табылады. Бұл – студенттен, яғни болашақ педагогтан ұйымдастырушылық, коммуникативтік қабілетін дамытуды міндеттейді. Осындай қабілеттілік оқу процесіне қатысушылардың танымдық белсенділігін ынталандыратын оқу іс-әрекетінің белсенді формаларын қатыстыра отырып, оқушылардың білім меңгеру процесін басқара алуға мүмкіндік береді. Осындай кәсіби шеберлікті дамыту тек терең психологиялық-педагогикалық білімді ұйғармайды, сондай-ақ студенттен үнемі, жүйелі кәсіби тренингті қажет етеді.
Демек, педагогтың кәсіби қасиеттері, оның психологиялық педагогикалық әрекетінің уағыздарымен, келесі постулаттармен ара қатынаста болуы тиіс:

  • Оқушыны Адам, Жеке тұлға ретінде құрметте (көнеден келе жатқан алтын қағида - өзіңе қалай қарасын десең, өзгеге де солай қараңыз).

  • Үнемі өзіңді-өзің дамыту және өзіңді-өзің жетілдіру мүмкіндігін ізде (өзі үйреніп білмеген адам басқаға оқытудың, үйренудің дәмін, «ақыл-ой тәбетін» дамыта алмайды деген сөз белгілі).

  • Білімді оқушыға үйренгісі келетіндей, өздігінен білім алуға және әртүрлі жағдайда қолдана алатындай беру қажет.

Бұл қағидалар көпке танымал тезистерді айқындаудың мәні: тек тұлға ғана жеке тұлғаны тәрбиелейді, тек мінез ғана мінезді қалыптастырады. Педагог Тұлға болуға міндетті, бұл оның кәсіби сипаттамасы.
Біз қарастырып отырған педагогикалық психология проблемалары, қазіргі кездегі білім берудің дамуының негізгі беталыстарының жалпы контекстінде, тұлғалық–іс-әрекеттік тұрғыда талданады. Осы тұрғыда, а) білім беру процесінің ортасында үйренушінің өзі тұрады, нақты оқу пәнінің құралдарымен оның тұлғасын қалыптастыру, б) оқу процесі оқушының жан-жақты дамуына және оның пән білімін меңгеруіне бағытталған оқу іс-әрекетін басқару мен ұйымдастыруы деп жобалайды. Оқып үйренуге деген тұлғалық – іс-әрекеттік ықпалдарға сәйкес кітапта бірқатар проблемалар қарастырылған, олар бүгінгі күні педагогикалық психологияның іргетасын құрайды. Олардың ішіндегі негізгілері: оқу-танымдық міндеттерді орындауға бағытталған, оқытушы мен оқып-үйренушінің өзара әрекеттесулері тең серіктердің оқудағы еңбектестігі ретінде; педагог пен оқып-үйренушінің оқу іс-әрекеті және педагогикалық қарым-қатынас субъектілері ретіндегі психологиялық сипаттамалары; оқу іс-әрекетінің өзінің психологиялық ерекшеліктері; меңгерудің психологиялық механизмдері мен заңдылықтары және т.б.
Қорыта келе, кез-келген оқулық өз тарапынан ғылыми білімдердің, көзқарастардың, түрлі авторлық позициялардан мазмұндалған, берілген жағдайда тұлғалық-іс-әрекеттік тұрғыдан алынған, тұжырымдамалар мен теориялардың құрылымданған жиынтығы болып келетінін атап өту қажет. Бұл амал отандық психологияда К.Д. Ушинский, М.Я. Басов, П.Ф. Каптерев, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев және т.б. көптеген ғалымдардың күш салуының арқасында қалыптасқан. Беріліп отырған келіс К. Роджерстің гуманистік психологиясының негізгі ережелерімен де үндеседі.
Оқырмандардан бірінші басылымның мәтінінде жіберілген қателер, мағыналық бұрмалаулар мен басқа да редакциялық басылудағы қателіктер үшін кешірім өтіне отырып, автор екінші басылым мәтіндеріне енгізілген бірқатар толықтырулар мен анықтауларға және әдебиеттерге цитата келтіру мен сілтемелерге назар аударуды сұрайды.
Оқулық мәтініне цитата келтіру мен сілтемелерде автор оқулықтың екінші басылымын қолдануды сұрайды.
Автор кітаптың бастапқы мәтінін ары қарай түзетуде өзінің қызығушылығын білдіргендерге ризашылдығын білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет