И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Педагог позициясынан тұлғалық-іс-әрекеттік келіс



бет34/188
Дата16.10.2023
өлшемі2,06 Mb.
#116357
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   188
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалы психология екінші, толы тырыл ан, т з

Педагог позициясынан тұлғалық-іс-әрекеттік келіс

Тұлғалық-іс-әрекеттік келіс оның компоненттерінің жиынтығы-ның ең ортақ формасында (әсіресе, тұлғалық) оқытушының позициясынан «оның өмірінің жалпы контексінде, яғни қызығушылықтарының бағыттануы, өмірлік жоспары, құндылықтары, тұлғаның шығармашылық дамуын дамыту үшін оқудың мәнділігін түсінудегі оқушының оқу әрекетін мақсатты ұйымдастыру мен басқаруды» білдіреді [98, 9 б.]. Тұлғалық – іс-әрекеттік келіс дегеніміз педагогтың оқыту процесін дәстүрлі тұжырымдалуына басқаша қарау, басым көпшілік жағдайда оның білім беру, икемділік пен дағдыларды қалыптастыру, яғни тек оқу материалын меңгеруді ұйымдастыру ретінде; қарым-қатынастың субъекттік-объекттік схемасы, оқытушы мен оқыту объекті - студенттің өзара әрекеттесуі тек меңгерілетін білімдердің жиынтығын білдіреді.


Тұлғалық-іс-әрекеттік келіс оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру (және басқару) ретіндегі оқу процесінің өзін ұйымдастыруды ұйғара отырып, олардың өздері алдына нақты оқу тапсырамаларын (танымдық, зерттеушілік, қайта жаңартушылық, жобалық және т.б) қойып, оларды шешу осы процесті қайта бағыттауды білдіреді. Әрине, тұлғалық-іс-әрекеттік келіс барысында педагогтың тапсырмалар мен әрекеттердің номенклатурасын, оның төменнен жоғары дамуын (иерархиясын), ұсынылу түрін және олардың орындалуының алгоритмі мен бағыттану негізін меңгерген жағдайында оқушылардың осы әрекеттерді орындауын ұйымдастыру міндеті тұр.
Кез-келген әрекет, оқу әрекетін де қоса, тұлғалық-іс-әрекеттік келісті жүзеге асырушы мұғалім, оқытушы үшін қажеттелік шартынан туса, негізгі және ең маңызды мәселе тек қана оқушының коммуникативтік және оқу-танымдық қажеттелігін қалыптастыру болып қана қоймай, олардың өздерінің де оқу әрекетінің жалпыланған әдістері мен тәсілдерін ойлап табудағы, жаңа білімді меңгеру, зерттелінетін әрекеттердің барлық түрлерінде одан да жетік жетілдірілген біліктерді қалыптастыру болып табылады.
Тұлғалық-іс-әрекеттік келіс оқытудың процесі мен объектісінің сипатының өзгеруін анықтай отырып, мұғалім, оқытушы мен оқушылардың, студенттердің өзара әрекеттесуінің негізгі схемасының өзгеруін де ұйғарады. Әрекеттесудің кеңнен тараған S→О схемасының орнына, мұнда S – мұғалім, оқытушы – педагогикалық әсер ету мен басқарудың субъекті, ал О – оқушы, студент – осындай әсерді объекті, субъекттілік-субъектті, мұғалім, оқытушы оқу міндеттерін шешуді оқушылар, мен студенттің бірлескен [87 б.]. Мұғалімнің, оқытушының ақпараттық-бақылаушы функциялары көп жағдайда өзіндік үйлестірушілік функцияға орын беруі тиіс. «Мұғалім ғылыми тұрғыдан, - тек әлеуметтік тәрбие беруші ортаның ұйымдастырушысы, оның әрбір оқушымен өзара әрекеттесуінің реттеушісі мен бақылаушысы», - деп Л.С. Выготский ерекше көңіл аударған [46, 192 б.].
«Школа-88» ВНИК тұжырымдамасының авторлары атап өткендей, «оқушыға оқыту мен тәрбие берудің «объекті» ретінде қарау ақыр аяғында оның мұғалімнен алшақтауына әкеліп соқты, оны мақсаттан мектеп жұмысындағы құралға айналдырды. Соның нәтижесінде оқу оқушы үшін өз мәнін жоғалтты, алынған білім нақты өмір шындығында сыртта қалды. Білім беру процесінен осындай алшақта қалуды мұғалім де басынан кешірді, ол өз бетімен білім беру мақсаттарын қоюдан, өз әрекетінің құралдары мен әдістерін таңдаудан қалды. Ол өзінің кәсіптік позициясының адамдық бағытын жоғалтып алды. Шын мәнінде алғанда, мұғалім де, оқушы да білім беру машинасының әртүрлі «бұрандасына» айналды» [94, 10-11 б.]. Мектепте оқытудың бұл сипаттамасы көп жағдайда жоғары оқу орынындағы оқытуға да қатысты.
Тұлғалық-іс-әрекеттік келістің жағдайында оқыту мен педагогикалық қарым-қатынастың өзі осылайша S1→S2 схемасы бойынша жүзеге асырылады, мұнда S1 - бұл мұғалім, оқытушы, яғни қарым - қатынас пәніне, өзіне серіктес ретінде, оқушыларға ақпарат беруші мазмұнды тұлға, қызықты тыңдарман ретінде шынайы қызығушылық тудыратын адам; S2 - бұл оқушы, студент, онымен қарым-қатынасты оқытушы оның ұйымдастырушылық, үйлестірушілік, дұрыс бағытта стимул беруші және нығайтушы реакциясын есепке ала отырып оқу міндеттерін шешуде еңбектестік деп қарастырады.
Бұл жерде ұжымдық субъект қалыптасып және оқытудың ұжымдық коммуникативтілігінің принципі жүзеге асырылуы үшін оқу міндеттерін шешуде оқушылардың өздерінің оқу еңбектестігі ұйымдастырылуы қажет. Бұл принципті ересектерді курстық оқытудағы қазір жүзеге асырылып жатқан тұлғаның резервтік мүмкіндіктерін белсендіру әдісінің үшінші принципіне жатқызуға болады, Г.А. Китайгородская бойынша бұл - «топтық оқыту арқылы жекелеп оқыту» принципі [85]. Басқа сөзбен айтқанда, оқу процесінде «субъект» S1 схемасы (мұғалім, оқытушы) ← S 1 + S2 + S3 + S4 +..... + Sn (оқушылар, студенттер), оның нәтижесінде бірыңғай, өзара әрекеттесуші, жиынтық субъект пайда болады (S3).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет