И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым



бет78/188
Дата16.10.2023
өлшемі2,06 Mb.
#116357
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   188
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалы психология екінші, толы тырыл ан, т з

Оқу іс-әрекетінің анықтамасы

«Оқу іс-әрекеті» түсінігі үнемі бір жақты түсінік деп айтуға келмейді. Кең мағынада алғанда ол кейде үйренудің, оқудың және тіпті оқытудың синонимі ретінде жөнсіз қарастырылады. Тар мағынада, Д.Б. Эльконин бойынша – кіші мектеп жасындағы жетекші іс-әрекет түрі. Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, А.К. Маркова жұмыстарында «оқу іс-әрекеті» түсінігі, субъекттің оқу пәніне деген, С.Л. Рубинштейн бойынша түсіндірлетін, бүкіл оның барысындағы ерекше «жауапкершілік қатынаспен» теңестіріле отырып, іс-әрекеттік мазмұн мен мағынаға толады.


Назар аудара кететін жайт, мұндай түсініктемеде «оқу іс-әрекеті» іс-әрекеттің жетекші түріне қарағанда кеңірек түсініледі, себебі барлық жас кезеңдеріне, соның ішінде студенттік кезеңге де таратылады. Бұл мағынадағы оқу іс-әрекеті – іс-әрекет субъектінің оқу әрекетінің жалпыланған тәсілдерін игеруі және оқытушы тарапынан әдейі қойылған оқу міндетін орындау үрдісіндегі, өзіндік бақылау мен өзіндік бағалауға ауысатын сыртқы бақылау мен бағалау негізіндегі өзіндік дамуы. Д.Б. Эльконин бойынша, «оқыту іс-әрекеті – бұл өз мазмұны жағынан ғылыми түсініктер саласындағы әрекеттің жалпыланған тәсілдерін игеру болатын іс-әрекет, ... мұндай іс-әрекет сәйкес түрткілермен қозғалуы керек. Осындай мотивтер ретінде әрекеттердің жалпыланған тәсілдері бола алады, немесе басқаша айтқанда өзіндік өсу, өзіндік шыңдалу мотивтері. Егерде оқушыларда осындай мотивтерді қалыптастыра алған жағдайда, онда жаңа мазмұнға тола отырып, іс-әрекеттің жалпы түрткілері, яғни мектеп оқушысының қоғамдық мәнді және қоғамдық бағалы іс-әрекетті жүзеге асыру позициясымен байланысты түрткілері қуатталады» [238, 245б.].
Оқу іс-әрекеті олай болса іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастырыла алады. Ол, іс-әрекеттің субъекті ретінде үйренушінің өзіне бағыттталады – оның әлеуметтік-мәдени тәжірибені қоғамдық пайдалы, танымдық, теоретикалық және практикалық іс-әрекеттің әр түрлері мен формаларында саналы, мақсатты игеруі арқасында тұлға ретінде қалыптасуы, дамуы және шыңдалуы. Үйренуші іс-әрекеті терең жүйелі білімдер игеруіне, әрекеттің жалпыланған тәсілдерін өңдеуге және де оларды түрлі жағдайларда адекватты және шығармалық түрде пайдалануға бағытталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет