Міндеттерді орындау тәсілдері
Міндеттерді орындау тәсілдерін қарастыруда орындау субъекті немесе орындаушы субъект түсінігі енгізіледі (Г.А. Балл). Осыған сәйкес міндетті орындау тәсілі деп «орындаушы іске асыру барысында берілген міндетті орындауды қамтамасыз ете алатын кез-келген процедура». Басқаша айтқанда, орындау тәсілі орындаушы - адамның субъективтік сипаттамасымен теңестіріледі, олар тек операцияларды таңдау мен олардың кезектілігін ғана анықтамайды, сонымен қатар, олар орындаудың жалпы стратегиясын анықтайды. Міндеттерді түрлі тәсілдермен орындау оқу іс-әрекетін жетілдіруге және субъекттің өзінің дамуына үлкен мүмкіндіктер береді. Міндетті бір ғана тәсілмен орындау кезінде оқушының мақсаты – дұрыс жауап табу; міндетті бірнеше тәсілмен орындау кезінде ол неғұрлым қысқа, үнемді шешім таңдау алдында болады, оның өзі көптеген теоретикалық білімдерді, белгілі амал, тәсілдерді өзектендіруді және берілген ситуация үшін жаңаларын қалыптастыруды талап етеді. Сонымен бірге, оқушыда білімді пайдаланудың белгілі бір тәжірибесі жинақталады да, логикалық ізденіс жасау тәсілдерінің дамуына ықпал етеді және өз кезегінде, оның зерттеушілік қабілетін де дамытады. Міндетті орындау тәсілі түсінігіне Г.А. Балл орындау процесінің өзін енгізе отырып, оны сипаттауда орындаушының операциялары ғана емес, оларды жүзеге асыру кезіндегі уақыттық және энергетикалық шығындар да есепке алынатынын көрсете кетеді.
Оқу міндетін орындау моделі өзіндік бағдарланушымен қатар басқа да әрекет тәсілдерін қамтиды, ең алдымен бақылаушы және атқарушы әрекеттерді. Бұл жерде көрсете кететіні (Е.И. Машбиц) оқу іс-әрекетінің толықтай қызмет етуі әрекет тәсілдерінің барлық бөліктерінің ұйымдастырылуын ұйғарады. Міндетті орындау үшін орындаушы – субъектте міндетке енбейтін және сырттан алынатын құралдар жиынтығы болуы керек. Орындау құралдары материалдық (саймандар, машиналар), материяланған (мәтіндер, схемалар, формула-лар) және идеалды (орындаушы қолданатын білімдер) болуы мүмкін. Оқу міндетінде барлық құралдар пайдалануы мүмкін, бірақ идеалды, формасы бойынша вербалды құралдар жетекші болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |