И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Мотивациялардың (түрткілердің) негізгі жіктеулері



бет94/188
Дата16.10.2023
өлшемі2,06 Mb.
#116357
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   188
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалы психология екінші, толы тырыл ан, т з

Мотивациялардың (түрткілердің) негізгі жіктеулері

Адамның мотивациялық саласын жалпы жүйелік түрде көрсету зерттеушілерге түрткілерді жіктеуге мүмкіндік береді. Жалпы психологияда мінез-құлық (іс-әрекет) түрткілерінің (мотивациялардың) түрлерін түрлі негіздер бойынша шектейтіні белгілі. Осындай негіздер ретінде болатындар: а) іс-әрекетке қатысу сипаты (түсінікті, белгілі және шынайы жүретін іске асатын түрткілер, А.Н. Леонтьев бойынша); б) іс-әрекетке себепші болу уақыты (алыс – қысқа мотивация, Б.Ф. Ломов бойынша); в) әлеуметтік мәнділік (әлеуметтік – жеке тұлғалық, П.М. Якобсон бойынша); г) оларды іс-әрекетттің өзіне араласу немесе одан тыс болу фактісі (кең әлеуметтік түрткілер – жеке тұлғалық түрткілер, Л.И. Божович бойынша); д) іс-әрекеттің белгілі бір түрі, мысалы оқу мотивациясы және т.б.


Жіктеу негіздері ретінде Х. Мюррейдің, М. Аргайлдың, А. Маслоудың және т.б. сызбаларын қарастыруға болады. Түрткілерді қарым-қатынас сипаты бойынша шектеу еңбегі П.М. Якобсонға тиесілі. Зерттеудің осы желісін жалғастыра отырып, топтық ықпалдасу мен қарым-қатынасты анықтаушы әлеуметтік қажеттіліктерді А.А. Леонтьев бойынша үш негізгі қажеттіліктерге бөлуге болады олар мыналарға бағытталады: а) өзара әрекеттесу объекті мен мақсатына; б) коммуникатордың өзінің мүддесіне; в) басқа адмның немесе тұтастай қоғам мүддесіне. Қажеттіліктердің (түрткілердің) бірінші тобының көрінуіне мысал ретінде өндірістік топ мүшесінің жолдастарының алдында өзінің өндірістік іс-әрекетінің өзгеруі жайлы сөз сөйлеуін келтіруге болады. Әлеуметтік тұрғыдағы қажеттіліктер, түрткілер «...тұтастай қоғамның мүддесі және мақсатымен байланысты...». Түрткілердің бұл тобы адамның мінез-құлқын топ мүшесі ретінде шарттайды, қоғам мүддесі тұлға мүддесіне айналады. Осы түрткілер тобы мысалы, тұтастай оқу үрдісін сипаттай отырып, оның субъектін де: педагогты, оқушыларды алыс, жалпы, түсінікті түрткілер тұрғысынан сипаттауы мүмкін екені анық. Коммуникатордың өзіне бағыттылған түрткілер (қажеттіліктер) жайлы айтқанда А.А. Леонтьев «не тікелей қандай да қызықты немесе маңызды нәрсені білу тілегінің қанағаттануына бағытталған, не ары қарай мінез-құлық тәсілін, әрекет тәсілін таңдауға бағытталған» түрткілерді есепке алады. Түрткілердің бұл тобы оқу іс-әркетінде үстем ететін оқу мотивациясын талдауда неғұрлым қызығушылық тудырады.
Іс-әрекеттің үстем мотивациясын анықтауға субъект ретінде тұлғаның өзінің интеллектуалдық-эмоционалдық-ерік саласының ерекшелігі тұрғысынан келген жөн. Осыған сәйкес, адамның жоғары рухани қажеттіліктері имандылық, интеллектуалдық-танымдық және эстетикалық тұрғыдағы қажеттіліктер (түрткілер) ретінде бола алады. Бұл түрткілер адамның рухани сұраныстарының, қажеттіліктерінің қанағаттандырылуымен байланыстырылады, олармен П.М. Якобсон бойынша сезімдер, қызығулар, әдет және т.б. сияқты түрткілер үздіксіз байланысты. Басқаша айтқанда жоғары әлеуметтік, рухани түрткілер (қажеттіліктер) шартты түрде түрткілердің (қажеттіліктердің) үш тобына бөлінуі мүмкін: интеллектуалдық-танымдық, имандылық-этикалық және эмоционалды-эстетикалық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет