И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым



бет99/188
Дата16.10.2023
өлшемі2,06 Mb.
#116357
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   188
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалы психология екінші, толы тырыл ан, т з

Мақсатты ұйғару және мотивация

Сондай-ақ, оқу іс-әрекетін ұйымдастыру үшін аса маңызды оқу іс-әрекетінің мақсатын ұйғаруды өзгерту арқылы мотивацияны қалыптастыру мүмкіндігі және өнімділігі жайлы жағдай да бекітілді. А.К. Маркова жетекшілігімен орындалған Т.И. Лях пен О.А. Чувалованың зерттеулерінде жеткіншектерде тұлғалық-мәнді мағына құраушы мотив қалыптастырылуы мүмкіндігі және осы процесс оның мінездемесінің қалыптасуының белгілі бір кезектілігінде жүзеге асатыны атап көрсетілнеді. Авторлардың айтуынша, алдымен оқу-танымдық түрткі атқарыла бастайды, содан кейін үстемдеуші бола бастайды және дербестікке жетеді, содан кейін барып қана сезіледі, яғни бірінші шарт оқу іс-әрекетінің өзінің жетілуі, ұйымдасуы. Бұл жерде мотивацияның өзінің әрекеттігі О.А. Чувалова көрсеткендей, іс-әрекет нәтижесі емес тәсілдерге бағытталған кезде артығырақ қалыптасады. Сонымен бірге, мотивацияның бұл сипаттамасы түрлі жас кезеңдерінде оқу жағдайының сипатына және мұғалімнің бақылауының қатаңдығына байланысты түрліше көрінеді. Мысалы, оқушы неғұрлым кіші болса әрекеттегі мотивацияның оқу жағдайының сипаты мен мұғалімнің бақылауының қатаңдығына тәуелділігі, танымдық мотивацияның бірінші сатысы ретінде әрекеттігі қалыптасуының жағдайдың міндеттілігі мен мұғалімнің қадағалауынан тәуелдігі тығыс болады. Жалпы мектеп оқушыларының оқу мотивациясын зерттеу оның өз-өзінен қалыптасуының, оның тек іс-әрекет тәсіліне ғана (оның нәтижесіне емес) бағдарланған жастық ерекшеліктерді есепке ала отырып мақсатты түрде сатылап дамуының принципиалды мүмкіндіктерінің жеткіліксіз деңгейін көрсетеді.




Оқу мотивациясының тұрақтылығы

Оқу мотивациясының тұрақтылығы А.К. Маркованың (Л.К. Золотых, Т.И. Лях, Т.А. Платонова, Т.А. Пушкина, О.А. Чувалова және т.б.) тұжырымдамасы шегіндегі мектеп оқушыларын зерттеу материалы негізінде және де Е.И. Савонько тобының (Н.М. Симонова, З.М. Хизроева, И.П. Именитова және т.б.) студенттерді зерттеу материалы негізінде зерттелген. Психологиялық тұрақтылықты зерттеушілер адамға әсер етуші факторлардың кең түрлендіруінде психикалық белсенділіктің қажетті деңгейін қолдай алу қабілеті ретінде анықтайды. Оқу мотивациясына қатысты оның тұрақтылығы – бұл іс-әрекеттің қалыпты және экстремалды жағдайларда да салыстырмалы түрде ұзақ және жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін оның динамикалық сипаттамасы. Тұрақтылықтың жүйелілік елестетуіне сүйене отырып, зерттеушілер оны оқу мотивациясының күші, түсінілуі, әрекеттігі, іс-әрекеттің мағыналы түрткінің қалыптасуы, процеске бағдар және т.б. сияқты сипаттамаларымен бірге қарастырады.


Е.И. Савонько, И.П. Именитова, З.М. Хизроеваның зерттеулерінде мотивациялық құрылымның тұрақтылығы мен оның динамикалығының байланысы оның құрылымындағы компоненттердің сараланып жіктелінуінде, олардың тұрақтылық беталысына қарай тәртіптелінуінде екені көрсетілен. Сонымен бірге, мотивациялық құрылымның құрылымішілік өзгерістердің жылдамдатылған өзгермелілігі, ішкі мотивация компоненттерінің тәртіптелуге қарай қозғалысы, сараланып жіктелінуге деген айқын беталыс сияқты сипаттамалары үрдіске қарай мотивациялық бағдарланған құрылымдардың тұрақтылығының көрсет-кіші болып табылады. Бұл зерттеушілерге процессуалды мотивацияның абсолютті үстемдігі құрылымға одан да үлкен тұрақтылықты береді деп болжауларына мүмкіндік береді. Процессуалды мотивация құрылымы-ның мазмұнды және «энергетикалық» ұйытқысы болып табылады, және одан тұрақтылық пен оның өзгергіштігінің ерекшеліктері тәуелді. Процессуалды және нәтижелік мотивациялық бағдарлар құрылымда бірінші және екінші орын алған жағдайда оның тұрақтылыық деңгейі одан сайын жоғары болады – бұл әсер ету күші бойынша бойынша бірінші фактор. Зерттеушілер (Е.И. Савонько, З.М. Хизроева) тұрақтылықтың психологиялық детерминанттарына жататындарды белгіледі, олар: 1) мотивациялық құрылымның бастапқы түрі; 2) іс-әрекеттің заттық мазмұнының тұлғалық маңыздылығы; 3) оқу тапсырмасының түрі. Тағы да, неғұрлым күшті болып мотивациялық бағдардың үстемдігі, құрылымішілік динамикасының ерекшелігі және мотивациялық құрылымның психологиялық мазмұны сияқты ішкі факторлар екені анықталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет