Білім беру процесіндегі субъект іс-әрекетінің пәні Біріккен субъект іс-әрекеті ретіндегі білім беру процесінің пән, яғни оның бағытталған нәрсесі, қоғамдық сананың білімдер жүйелерінің, іс-әрекет тәсілдерінің, құндылықтар жиынтығы болып табылады, оларды педагог тарапынан беру оны үйренушілердің игерулерінің белгілі бір тәсілдерімен кездеседі. Егер оның игеру тәсілі педаогог ұйғарған әдіспен сәйкес келсе, онда біріккен іс-әрекет екі жаққа да қанағаттану әкеледі. Егер осы нүктеде айырмашылықтар байқалса, онда пәннің ортақтастығы да бұзылады.