Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата03.03.2017
өлшемі0,77 Mb.
#6931
1   2   3   4   5   6

  

13 


 



«Өлкетану»  курсы  бойынша  сабақтар  мен  сабақтан  тыс 

жұмыстарын, жалпы мектепішілік іс-шаралар өткізу бойынша әдістемелік 

ұсыныстар 

 

2013-2014 

оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің 7-сыныптарында 

факультативтік  курс  ретінде  кіргізілген  «Өлкетану»  пәнінің  бағдарламасына 

тоқталар болсақ, курсты оқуға аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат бөлінген. Бұл 

курстың  мақсаты  оқушыларға  өзінің  туған  өлкесінің  (ауылының,  ауданының, 

қаласының) табиғаты, табиғат ресурстары, өнеркәсіптері, ауыл шаруашылығы, 

көлік  жүйесі,  тарихы,  әдебиеті,  мәдениеті,  белгілі  адамдары  туралы  білім 

қалыптастыру. Бұл білімді оқушылар мұғалімнің көмегімен, өздерінің үздіксіз 

ізденістерінің нәтижесінде, өз  күштерімен жинақтаулары  көзделген.  Өлкетану 

курсын оқу барысында пәнаралық байланыс жүзеге асырылады, тек география, 

биология,  тарих,  әдебиет,  тілдер,  музыка  пәндері  ғана  емес,  сонымен  қатар 

бейнелеу  өнері,  технология,  дене  шынықтыру  пәндерімен  де  байланыс  бар. 

Оқушылар  табиғатқа  саяхат  кезінде  жинақтаған  материалдарын  альбомда 

безендірген  кезде,  жүрген  жолдың  планын  сызған  кезде  бейнелеу  өнері 

мұғалімінің  көмегі  қажет.  Ол  альбомды  әдемі  безендіруге  қажетті  пайдалы 

кеңестер  бере  алады.  Ал  дене  шынықтыру  мұғалімі  жүру  ережелерімен 

таныстырады.  

Оқу  процесіне  өлкетануды  енгізуге  ықпал  ететін  жұмыстардың  неғұрлым 

тиімді түрлері: 

1.  Өлкетану  материалдарын  география,  биология,  химия,  физика,  тарих, 

әдебиет, тіл пәндері басқа да пән сабақтарында пайдалану. 

2. Табиғатқа және өнеркәсіпке саяхат жасау. 

3. Табиғат құбылыстарына бақылау жүргізу: ауа райына, жергілікті жердегі 

су қоймаларының режиміне, халықтың шаруашылық өміріндегі өзгерістерге. 

4. Жергілікті жерде практикалық жұмыстар орындау. 

5. Өлкетану бұрышын немесе мектепте өлкетану мұражайын құру. 

  

Жалпы  білім  беретін  мектептің  7-сыныбына  арналған  «Өлкетану» 



курсының  бағдарламасындағы  тақырыптарға  байланысты  төмендегі  қосымша 

материалдарды ұсынамыз.  



Туризм негіздерімен танысу және карталармен жұмыс істеу. 

Туризм – адамдардың шет елге немесе өзі өмір сүретін жерден өзгешелігі 

бар  басқа  жерге  саяхат  жасауы.  Туризмнің  түрлері  мақсатына  байланысты: 

медициналық,  сауықтыру,  рекреациялық,  көңіл  көтеру,  спорттық,  танымдық, 

діни  және  басқа  түрлерге  бөлінеді.  Туризм  жеке  және  ұжымдық  жетілдіру 

құралы ретінде жоспарлануы мен тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, 

бос  уақытты  өткізумен,  спортпен,  мәдениетпен  және  табиғатпен  тікелей 

араласуға байланысты қызмет. Сонымен қатар жергілікті жердің аумағындағы 

табиғатқа бақылау жүргізу, нысандармен, ескерткіштермен танысу мақсатында 

жасалатын  саяхатты  да  жергілікті  туризмге  жатқызуға  болады.  Өлкетану 

курсының мазмұнды бөлімдерін меңгеру үшін өлкенің бай әлеуетін пайдалану 

қажет.  Олар  бір-бірін  толықтырып  отыратын  жұмыс  түрлері  (тарихи, 

географиялық, мәдени, техникалық сипатта) болуы мүмкін, мысалы: 

14 


 

1) арнайы тақырыптағы туристік саяхат; 

2) мұғалім дайындаған тапсырмаларды оқушылар өз күштерімен орындауы 

арқылы, мұғалімнің басқаруымен өткізілетін – экскурсия; 

3) жергілікті жердің аумағын таныстыру саяхаты; 

4)  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  экспедициясы  (мұғалімнің  басқаруымен 

немесе  жоғары  оқу  орындарының  ғылыми  экспедициясының  құрамында). 

Жұмыстың бұл түрлері жергілікті материалдарды меңгеру үшін ұсынылады. 

 

«Экскурсия»  (excursio)  латын  тілінен  аударғанда  «серуендеу»  деген 



мағынаны  білдіреді.  Экскурсия  дегеніміз  –  табиғат,  өнеркәсіп  нысандарына, 

жергілікті  жердің  назар  аударарлық  жерлеріне  ұжыммен  ұйымдасқан  саяхат 

жасау.  Мақсаты туған өлке туралы қосымша деректер,  материалдар жинақтау 

арқылы  өлкені  тереңірек  оқу,  зерттеу.  Бағдарлама  бойынша  жоспарлы 

жүргізілген  экскурсиялар  оқылған  материалды  тәжірибемен  бекіту  мақсатын 

көздейді,  ал  бағдарламадан  тысқары  экскурсиялар  зерттеушілік  сипатқа  ие 

болады.  Экскурсияның  бірнеше  түрлері  бар.  Олар:  тарихи,  кәсіптік,  табиғи, 

архитектуралық,  әдеби  және  т.б.  Экскурсиялар  тақырыптық  және  кешенді 

болып бөлінеді, нысанның орналасқан жеріне байланысты жақын және қашық 

болуы мүмкін. Экскурсия нысаны болып бір оқиғамен байланысты ғимараттар, 

түрлі  құрылыстар,  археологиялық  ескерткіштер,  өнер  туындылары  саналады. 

Экскурсия  кезінде  нысанды  көрсету  басты  орын  алады.  Нысандарды  келесі 

топтарға бөлуге болады: 

1.  Өлке  өмірінде  болған  тарихи  оқиғалармен,  қоғаммен,  мемлекеттің 

дамуымен байланысты орындар. 

2.  Ғимараттар  мен  құрылыстар,  мемориалды  ескерткіштер,  белгілі 

адамдардың  өмірі  мен  қызметіне  байланысты  орындар:  архитектуралық 

ансамбльдер, қоғамдық-инженерлік құрылыстар, мәдени саланың ғимараттары 

және т.б. 

3.  Табиғи  нысандар:  ормандар,  саябақтар,  өзендер,  көлдер,  қорықтар  мен 

қорықшалар. 

4. Мемлекеттік және халық мұражайларының сурет экспозициясы, тұрақты 

және уақытша көрмелер. 

5.  Археология  ескерткіштері:  ежелгі  тұрақтар,  қоныстар,  қорғандар,  киелі 

орындар. 

6. Өнер ескерткіштері: бейнелеу, қолөнерінің туындылары.  

Өлкетану  мақсатында  өткізілетін  экскурсиялар  барысында  негізінен 

топографиялық  карталар  қолданылады,  олардың  географиялық  картадан 

айырмашылығы  –  масштабында.  Оларға:  1:25  000  –  1:100  000  масштабына 

дейінгі карталар жатады.  

Топографиялық  картада  жергілікті  жер  шартты  белгілермен  белгіленеді. 

Топографиялық  картаның  шартты  белгілері  –  бұл  графикалық,  әріптік  және 

сандық  белгілеудің  жүйесі.  Олардың  көмегімен  картада  жергілікті  жер 

нысандарының  орналасқан  орны  көрсетіледі  және  олардың  сапалық,  сандық 

сипаттамалары  беріледі.  Ауданның  немесе  облыстың  картасын  (ауылдық 

жердің планын) қолдана отырып келесі жұмыс түрлерін өткізуге болады: 

– 

картадан  өз  елді  мекенін  (жуықтап  болсын),  ал  егер  план  болса  өз 



15 

 


көшесін, мектебін табу; 

– 

картадан  және  планнан  қажетті  нүктелерді  табу:  біздің  елді  мекеннен 



оңтүстік-шығысқа  қарай  18  км  жердегі  елді  мекенді  көрсет,  елді  мекенді  ата. 

Бұл елді мекен несімен әйгілі? 

– 

(атауы)  ауылында  біздің  танымал  жерлесіміз  дүниеге  келген  және  өмір 



сүрген. Бұл ауыл бізден қай бағытта және қандай қашықтықта орналасқан?  

– 

әңгіменің ретін мұқият тыңдаңдар: «Біз ауылдан оңтүстік бағытқа қарай 



шықтық  және  10  км  жол  жүрдік.  Одан  кейін  біз  оңтүстік-шығысқа  қарай 

беталдық.  Тағы  8  км  жол  жүрдік.  Осы  жерден  шығысқа  қарай  5  км  жерде  ... 

бар». Оқушылар нысанды атаулары керек.  

– 

түнде  от  жалыны  А.  ауылынан  60



азимутпен,  ал  Б.  ауылынан  270

азимутпен  көрініп  тұрды.  От  қай  жерде  жағылды  және  біздің  елді  мекеннен 



қандай қашықтықта орналасты? 

– 

біз біздің елді мекеннен 360



азимут бойынша жүреміз. Бізге жолымызда 

қандай  елді  мекендер  және  тарихи  ескерткіштер  кездеседі?  Осындай 

тапсырмаларды қаланың планына қарап та құрастыруға болады.  

Жергілікті  жерде  бағдарлау  дегеніміз  –  көкжиек  тұстарын  және  қоршаған 

жергілікті заттар мен жер бедерімен салыстырғанда, өзі тұрған жерді анықтау, 

қажетті  қозғалу  бағытын  таңдау  және  сол  жолмен  адаспай  жүру.  Жергілікті 

жерге  шолу  жасағанда  көзге  анық  көрінетін  жергілікті  жердегі  кез-келген  зат 

бағдар ретінде қызмет етуі мүмкін. Мысалы: елді мекен, көпір, тау жотасы, өзен 

тағы басқа нысандар. Жергілікті жерді топографиялық картамен және картасыз 

бағдарлауға  болады.  Картасыз  бағдар  жүргізген  кезде  көкжиек  тұстарын 

анықтап  алу  керек.  Көкжиек  тұстарын  компас  бойынша,  аспан  денелері  және 

жергілікті  жердегі  заттардың  кейбір  белгілері  арқылы  анықтауға  болады. 

Көкжиек  тұстарына  қарап  бағытты  анықтау  үшін  солтүстік  бағытын  білу 

жеткілікті,  егер  ол  анықталса,  онда  оң  жақта  шығыс,  сол  жақта  батыс,  ал 

солтүстік бағытқа қарсы жақта оңтүстік болады.  

Түнгі  уақытта  көкжиек  тұстарын  Темірқазық  жұлдызы  арқылы  анықтауға 

болады.  Ол  әрдайым  солтүстікте  болады,  ал  оны  Жетіқарақшы  жұлдыздар 

шоғыры  арқылы  тауып  алуға  болады.  Жетіқарақшының  екі  шеткі 

жұлдыздарының (альфа және бета) арасындағы кесіндіні ойша бес рет қосамыз. 

Анықталған  нүкте  Ақбозат-Көкбозат  жұлдыздар  шоғырына  жататын 

Темірқазықты көрсетеді. 

Көкжиек тұстарын жергілікті жердегі заттар (белгілер) бойынша анықтау: 

– 

құмырсқа  илеуі  жақын  маңдағы  ағаштардан,  дің,  бұталардан  әрдайым 



оңтүстікке орналасады; 

– 

құмырсқа  илеуінің  оңтүстік  жағы  солтүстік  жағынан  жазықтау  болып 



келеді; 

– 

мүк пен қыналар ағаштарды, тастарды, жоталар мен ертеректе салынған 



ғимараттарды солтүстік жағынан көмкереді; 

– 

көктем  айларында  солтүстікпен  салыстырғанда  оңтүстік  еңістегі  қар 



жамылғысы тезірек ериді; 

– 

оңтүстіктегілермен  салыстырғанда  солтүстіктегі  ағаштардың  қабығы 



бұжырлау және күңгірттеу болады; 

16 


 

– 

православ  және  протестант  шіркеулерінің  басы  әрқашан  шығысқа 

қаратылады; 

– 

таудың  оңтүстік  етегіндегі  қармен  салыстырғанда  солтүстігіндегі  қар 



қаттырақ болып келеді [9].  

Оқушылар  демалысының  қызықты  түрінің  бірі  –  жаяу  саяхат,  ол  мектеп 

оқушысын  халықтың  ұлттық  мәдени  өмірімен,  туған  өлкенің  табиғатының 

байлықтарымен, тарихи және табиғи ескерткіштермен таныстырады. Саяхаттың 

бұл  түрі  туған  өлкеге  деген  сүйіспеншілік  сезімін  тәрбиелейді,  төзімділікке, 

ұжым  құрамында  өзін  ұстай  білуге  үйретеді,  сондықтан  саяхаттардың  білім 

беру-тәрбиелік  мәні  зор.  Өлке  аумағына  жаяу  саяхат  жасау  уақыты  мен 

қашықтығына  қарай  бір  күндік  немесе  бірнеше  күндік  болады.  Бір  күндік 

саяхаттар  негізінен  жексенбі  күндері,  нақты  бір  тақырыпта  өткізіледі.  Таңдап 

алынған  тақырыпқа  байланысты  бұл  саяхаттар  оқушылардың  географиялық 

немесе  тарихи,  әдеби  білімдерін  тереңдетуге  көмектеседі.  Бірнеше  күндік 

саяхаттар  негізінен  каникул  уақытында  ұйымдастырылады.  Оған  өте  жақсы 

дайындалу  қажет.  Бұндай  саяхаттың  танымдық,  қоғамдық  пайдалы, 

денсаулықты  жақсарту  сияқты  мақсаттары  болуы  мүмкін.  Танымдық  мақсаты 

маршруттың  жолындағы  нысандармен  танысуды  және  кешенді  физикалық-

географиялық  бақылаулар  жүргізуді  көздейді.  Қоғамдық  пайдалы  –  өлкетану 

материалдарын  жинау  немесе  басқа  ұйымдардың  тапсырмаларын  орындау. 

Денсаулықты жақсартудың мақсаты каникул кезінде оқушылар демалып, жаңа 

күшпен оқуға кірісуді көздейді. Бірнеше күндік саяхат барысында жүргізілетін 

жазба жұмысы келесі 1-кестеде көрсетілген.  

 

1-

кесте – Маршрут бойынша жүрудің кестесі 



 

Күні  Маршруттың  бағыты, 

бір 

күнде 


өткен 

жолдың 


бөлігі, 

жолдағы нысандар 

Өлкетану 

және 


қоғамдық  пайдалы 

жұмыстар 

(жүргізілген 

зерттеулер,  материал 

жинау) 

Топтың  жүрген 



жолы 

туралы 


мектепті 

хабардар ету 

Түнеу 

орны 


 

 

 



 

 

  



Бірнеше күндік саяхат барысында, түнде ұйықтауға арналған шатыр болуы 

шарт. Шатырды орналастыруға арналған жерді таңдау ережелері: 

1. 

Шатырлы  лагерьдің  орнын  орманның  маңайынан  таңдаңыз,  өйткені 



орманның  маңайына  қарағанда  орманның  ішінде  және  өзеннің  жағалауында 

сары маса көп болады. Сонымен қатар өзеннің маңында таңертең салқын. 

2. 

Шатырды орнатуға жазық немесе дөңесті жерді таңдаңыз, жаңбыр болған 



жағдайда  судың  астында  қалмайтындай  және  егер  кішкене  болсын  төбе 

болатын болса басты сол төбеге қарай жіберіңіз, ұйықтауға ыңғайлы болады.  

3.  Мүмкіндігінше  шатырды  көлеңкелі  жерге  қойған  жөн,  бұл  шатырды 

қатты қызып кетуден сақтайды. 

4.  Құмырсқа  илеуінің  болмауына  көңіл  аудару  қажет,  өйткені  олар  өздері 

17 


 

жүретін жолдарын ауыстырмайды да жолындағы шатырды бірден жаулап алуы 

ықтимал. 

5.  Шатырды  орнатардың  алдында  алаңқайды  бүршіктерден,  бұтақтардан 

тазарту керек, олардың үстінде ұйықтау өте қолайсыз. 

6.  Егер  саяхат  жылдың  салқын  мезгілінде  болса,  онда  шатырдың  астына 

құрғақ жапырақтар немесе шөп салып барып орнатқан жөн, бұл жерден келетін 

сыздан қорғайды. 

7.  Шатырды  оттан  алысырақ,  оттың  ұшқындары  жетпейтін  қашықтықта 

орнату  қажет.  Шатыр  жаққа  түтін  келмес  үшін  желдің  бағытын  анықтап  алу 

керек. 


8. Қазықтарды жерге 45

бұрышпен қағу керек және қазықтың үштен төрт 



бөлігі жерге кіруі тиіс. 

Саяхатқа  шығарда  оқушыларды  рюкзакқа  (жол  сөмкесіне)  заттарды  салу 

жолымен таныстыру:  

– 

рюкзактың шеттері бос болмауы керек; 



– 

аса  қажет болмаса  рюкзактың  сыртына  заттарды жіппен  байлап ілмеген 

жөн; 

– 

ең алдымен ұйықтауға қажет заттар салынады; 



– 

шатырдың қазықтары рюкзактың шеттеріне салынады; 

– 

қалған  жерге  тамақ  салынған  қапшықтар  салынады,  немесе  алдымен 



тамақ пісіретін ыдыс салынып оның ішіне тамақтарды салуға болады; 

– 

содан кейін адамға аса қажет болатын заттар салынады; 



– 

жаңбыр  болған  жағдайда  рюкзак  су  болып  қалмас  үшін  сыртынан  не 

ішінен су өткізбейтін полиэтилен қағазбен орауға болады; 

– 

рюкзактың  қалталарына  жолда  қажет  болып  қалатын  заттар  салынады 



(жиналмалы пышақ, фонарик т.б.); 

– 

жұмсақ  заттарды  арқаға  қарай,  ауыр  заттарды  сөмкенің  түбіне,  ірі 



заттарды  жоғары  жағына,  ал  жиі  қажет  болатын  заттарды  қалталарға  салған 

дұрыс.  


Экскурсия кезіндегі жалпы және қауіпсіздік ережелері. 

1. Белгіленген бағдардан шықпауға тырысу және топтан бөлініп кетпеу. 

2.  Қоршаған  ортаны  қажетсіз  қатты  дауыстармен,  музыкамен  мазаламау. 

Өйткені  мазасы  кеткен  аңлар  мен  құстар  өздерінің  үйреншікті  орындарын 

тастап кетеді. 

3. 


Аңдардың  індерін,  құстардың  ұяларын,  құмырсқалардың  илеуін 

бұзбаңдар.  Ұядағы  жұмыртқалар  мен  балапандарға  тиіспеңдер,  бұл  олардың 

қаза болуына себепкер болуы мүмкін. Құмырсқалар – орманның санитарлары. 

Олар бір күнде 70 – 100 мың орман зиянкестерін жояды.  

4. 

Жылан кездесе қалса оған тиіспе. Сонда ол сендерге тиіспейді. Жыландар 



өздері  бірінші  болып  шабуыл  жасамайды.  Жыландар  кесілген  ағаштың  ескі 

түбірінде,  бұзылған  үйлердің  үйінділерінде,  құздардың  шығыңқы  жерлерінде 

күннің көзіне қыздырынып жатқанды жақсы көреді, сондай жерлерден байқап, 

аяқтарыңның  астына  қарап  жүріңдер.  Жорғалап  келе  жатқан  жыланды 

көрсеңдер жол беріңдер.  

18 


 

5. 

Қоршаған  ортаға  әрқашан қамқорлық  жасауға,  флора  мен  фаунаға  зиян 

келтірмеуге тырыс. 

6. 


Тамақ  қалдықтарын  ағаш  түбіне  жинап  қою,  олар  орман  аңдары  мен 

құстарға  азық  болады.  Қоқысты  (қажетсіз  заттарды)  қалдырмай  алып  кету 

немесе  жерге  көму.  Есте  сақтаңдар!  Толық  шірігенге  дейін  қағаз  қалдығы  2 

жыл,  қаңылтыр  банка  –  90  жылдан  астам,  полиэтилен  пакет  –  200  жылдан 

астам, шыны – 1000 жылдан астам уақыт жатады. 

7. 


Жуынуға, ыдыс жууға арналған құралдарды су қоймасынан 100 метрден 

кем  емес  қашықтықта  қолдану.  Су  қоймасына  ешқандай  затты  төкпеу  және 

тастамау. 

8. 


Шыны  ыдыстарды  сындырмау,  адамдар  не  орман  жануарлары 

жарақаттануы мүмкін және шыны қалдықтары жазда өрттің шығуына себепші 

болады. 

9. 


Тамақ пісіруге арналған  отты ағаштан, орманнан  1,5  - 3  м қашықтықта 

жағу.  Егер  оттың  бұрынғы  орны  болса,  жаңа  орын  бастамау.  От  жағатын 

алаңқайды  кепкен  бұтақтардан,  жапырақтардан  тазарту  керек  және  шөп 

өспейтін  тақыр  жерді  таңдаған  дұрыс.  Отты  аз  уақытқа  болса  да  қараусыз 

қалдыруға  болмайды.  Үйге  кетердің  алдында  оттың  орнына  су  құю.  Тамақ 

пісіруге  арналып  жағылған  оттан  өрт  шығу  қаупі  шыққан  жағдайда  оттың 

үстіне үлкен зат (мысалы көрпе) жаба салу керек, содан кейін үстінен су құю 

керек.  Оттан  шыққан  қара  түтінмен  демалмауға  тырыс.  Қою  түтін  шыққан 

жағдайда мұрынды және ауызды ылғалды шүберекпен орап алған дұрыс. Отты 

шетінен бастап ортаға қарай сөндіру керек.  

10. 

Әдемілігіне  қызығып  өсімдіктерді  жұлмау,  оларды  балтамен,  үшкір 



заттармен  шауып-жарақаттамау.  Жарақат  алған  үлкен  қайың  ағашынан  бір 

маусым  ішінде  200  л  шырын  ағып  кетуі  мүмкін.  Ағаштардың  жарақат  алған 

діңіне ауру тудыратын организмдер кіреді. 

11.  Елді  мекендерден  тыс  жерлерде  жаяу  жүргіншілер  көлік  жүретін 

бөлігімен  қозғалған  кезде  көлік  құралдарының  қозғалысына  қарсы  бағытта 

жүруі тиіс. 

Өлкенің  табиғат  жағдайлары  (жер  бедері,  пайдалы  қазбалары,  климаты, 

өзендері,  көлдері,  батпақтары,  топырақ  және  өсімдік  жамылғысы,  жануарлар 

дүниесі)  –  зерттеудің  маңызды  бөлігі.  Бұл  зерттеу  жұмыстары  бақылау 

жүргізетін  арнайы  стансаларда  немесе  жергілікті  жердің  метеорологиялық 

стансасында, мектептің географиялық алаңында, арнайы экскурсия, саяхаттарда 

жүргізілуі  тиіс.  Бақылау  жүргізілетін  стансалар  табиғатты  бақылауға  және 

сабақтар  өткізуге  қолайлы  сәйкес  құралдар-жабдықтармен  жабдықталуы, 

сонымен  қатар  сынып  оқушылары  толық  сиятын  алаң,  қауіпсіздік  ережелері 

қарастырылуы тиіс.  

Өлке аумағының жер бедері 

Жер  бедерін  оқу  барысында  алдымен  Қазақстан  Республикасының, 

оқылатын  өлкенің  аумағын  қамтитын  жекелеген  аймақтардың  физикалық, 

геологиялық карталарының мәліметтері алынады. Даладағы зерттеу жұмыстары 

кезінде  (неғұрлым  жан-жақты)  жер  бедерінің  әр  түрлі  формаларының  (кеуіп 

қалған  жерлер,  төбелер,  тау  тізбектері,  шұңқырлар,  жылғалар,  жыралар, 

19 

 


көшкіндер,  сайлар)  шығу  тегі  түсіндіріледі,  өлшеу  жұмыстары  жүргізіледі, 

олардың сыртқы бейнесі, пішіні суреттеледі және қағаз бетіне бейнеленеді.  

Жер  бедерінің  алуан  түрлі  формалары  екі  бағытта:  морфологиялық  және 

генетикалық  белгілері  бойынша  жіктеледі.  Морфологиялық  жіктелу  бойынша 

сыртқы белгілері және жер бедері формаларының өлшемдері ескеріледі, бірақ 

олардың шығуы мен өзара байланысына баға берілмейді. Жіктелудің бұл түрі 

топография  мен  картографияда  қолданылады,  өйткені  топографиялық 

карталарда  жер  бедері  формаларының  сыртқы  бейнесі  мен  өлшемдері  көрініс 

табады. Жер бедері формаларының генетикалық жіктелуі олардың шығу тегін, 

жасын, өзара байланысын есепке алу негізінде жүргізіледі. 

Жүргізілетін  (геоморфологиялық)  бақылаудың  маңызды  жағы  аумақтың 

геологиялық құрылымы мен жер бедерінің арасындағы қарапайым байланысты 

анықтау. Жер бедерімен танысу барысында қандай пайдалы қазбалар бар және 

олардың  кен  орындары  туралы  мағлұматтар  анықталады.  Өлке  аумағындағы 

пайдалы  қазбалар  не  себепті  пайда  болғанын  түсіндіру  қажет,  сонымен  қатар 

олардың  пайда  болуының,  геологиялық  құрылыммен  және  жер  бедерімен 

байланысы  бар  немесе  жоқ  болуы  түсіндіріледі.  Кен  орындарын  картада 

шартты белгілермен  белгілеу  қажет.  Пайдалы қазбалардың  үлгілері мектептің 

өлкетану мұражайына қою үшін немесе сабақтарда пайдалану үшін жиналады 

және олардың қай жерден алынғаны туралы мағлұмат толық жазылады.  

Өлкені  зерттеу  жұмысы  қандай  сипатта  болса  да,  нақты  оқылатын 

аймақтың  картографиялық  негізіне  ие  болуы  тиіс.  Карталар  немесе 

картасхемалар  мектепте  немесе  жергілікті  әкімшілікте  болуы  тиіс.  Ал  егер 

жергілікті жердің қажетті масштабтағы картасы болмаған жағдайда, нақты бір 

жеке аумақтың топографиялық картасын оқушылар саяхат барысында өздері де 

жасай  алады.  Ол  үшін  қолда  бар  картаны  (әрине  жергілікті  жердің  планына, 

картасына  неғұрлым  жақынын)  үлкейту  әдісі  қолданылады.  Үлкейту  келесі 

тәсілмен  жүзеге  асырылады:  картаға  жақтары  5х5  мм  шаршылардан  тұратын 

торлар сызылады. Картадағы әр шаршыны қажетті мөлшерге үлкейту арқылы, 

керекті  пішіндер  миллиметрлік  қағазға  көшіріледі.  Егер  үлкейту  1:500000 

масштабты  схемадан  жасалса,  онда  1:100000  масштаб  үшін  5  мм  тордың  әр 

шаршысы карта-схемада 2,5 см-ге сәйкес, ал 1:50000 масштаб үшін 5 см-ге тең 

болады.  Барлық  деректер  және  қосымша  ақпараттан  жиналған  деректер  де 

дайын карта-схемаға түсіріледі. Бұл жұмыс өз өлкесі туралы карта дайындауға 

негіз болады, оны сабақтарда қолдануға және өлкетану мұражайына қоюға да 

болады.  

Туған өлке аумағына экскурсияға шығу барысында жүрген жолда көптеген 

тау  жыныстарын (түйіршіктерінің түсі және көлемі жағынан әр түрлі құмдар, 

түсі  әр  түрлі  балшықтар,  әктас  және  басқалар)  кездестіруге  болады.  Тау 

жыныстарының үлгілерін целлофан қапшықтарға жинап, әр қапшыққа үлгінің 

атауы  және  алынған  жерін  жазу  керек.  Осылайша  туған  өлкенің  тау 

жыныстарының жиынтығын жасауға болады.  

Өлкенің жер бедерін оқып-зерттеуді келесі жоспармен жүргізуге болады: 

1. 


Жер бетінің жалпы сипаты (төбелі, жазықты, ойлы-қырлы). 

20 


 

2.  Өзен  аңғарлары,  сай-жыралар  жиі  кездесе  ме?  Жергілікті  жерді  аз 

тілімденген деп санауға бола ма? Өзен аңғарларының жалпы сипаты.  

3. Жер бетін жауып жатқан өсімдік түрлері (өсімдіктің ағашты, бұталы және 

шөптесін түрлерінің құрамын атап көрсету). 

4.  Өзен  жағаларында,  сай-жыраларда  жер  қыртысының  кеуіп  қалған 

бөліктері  бар  ма?  Бар  болған  жағдайда  әр  қыртыстың  қалыңдығын  өлшеу,  әр 

горизонттан тау жыныстарының үлгілерін алу. 

5.  Су  айрықтарында  қойтастар  (жекелеген  немесе  үйінді  түрінде)  кездесе 

ме? Қойтас орындарын картаға белгілеу. Қойтастың үлгісін алу. 

6. Жер бетінде төбешіктер кездесе ме? Көкжиек тұстарына қарай олардың 

бағытын анықтау.  

7. Төбешік бетін қандай жыныстар құрайды (құм, балшық т.б.)? 

8. Төбе бетін құрайтын жыныстардың үлгілерін жинау. Үлгілерді нөмірлеу 

және сол нөмірлерді картаға үлгі алынған жерлерге белгілеу. 

9.  Жекелеген  төбелердің  пішінімен  және  планнан  олардың  орналасуымен 

танысу.  Олардың  биіктігін,  беткейлерінің  құлдилығын,  көкжиек  тұстарына 

қарай бағыттарын, беткейлеріндегі өсімдік жамылғысының сипатын анықтау.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет