І аралық бақылаулар мен емтихандардың сұрақтары: Тарихи деректану ұғымы


Классификация, Деректанулық терминдер



бет2/21
Дата04.05.2023
өлшемі52,11 Kb.
#89858
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
2. Классификация, Деректанулық терминдер
Деректанулық терминдер: "дерек", "деректану", "сыныптау", "тарихи дерек", "тарихи факт" т.б.
Негізінен деректің 7 типтік классификациясы бар: жазба, заттай, этнографиялық, фольклорлық, лингвистикалық, құжаттық, фона құжаттық.
Заттай-археологиялық ескерткіштер, көркем сурет; сөздік деректер-ауызша шығармалар; жазба деректер-этногр. деректер; дыбысты деректер-саз, әуен; салттық деректер-тұрмыстық матер., дәстүрлер.
Қазан төңкерісінен кейін кеңес тарихшылары тарихи ескерткіштерді пайдалануда «сыннан өткізу» дәстүрін жалғастырып, оны екі бағытта- «сыртқы сын» және «ішкі сын» сипатында жүргізді.
Деректанудың ең маңызды міндеттерідің бірі- тарихи деректерді талдау әдістемесін жасау және оны тарихи зерттеулерде пайдалану.
Тарихи деректану әдістемесі келесі методологиялық принциптерге негізделеді:
1/ Объективтік принцип. Бұның ұстамасы- тарихи құбылыстарды барлық қайшылықтармен, күрделігімен, сан қырлығымен қоса жан-жақты зерттеу. Барлық деректерге толық талдау жасау. Бір-бірімен байланысты деректер кешенің зерттеу.
Осы принципті қолданудың екі аспектісі бар:
1 аспектінің шарты- алдымен деректі толық оқып шығу. Деректің мағынасын дұрыс ашып, ондағы тарихи шындықтың объективтілігін қамтамассыз ету үшін деректін диалектикалық күрделігімен бірге объективті және субъективті сипаты ескеріліп, тұтас күйінде талдануы керек.
Зерттеуші алдына қойған мақсатына байланысты деректің тек қажетті ақпараттық бөліміне немесе деректің жеке фактісін пайдалануы да мүмкін. Алайда, зерттеу жұмысында дұрыс ғылыми түсініктін берілуі тек барлық деректерге сәйкес толық талдаудың негізінде ғана мүмкін болады.
2 аспектісінің шарты- деректің деректік қорының қалыптасуында, яғни деректерді анықтауда, іріктеуде объективтілік принципіне ерекше мән беріледі. Тек барлық деректерді анықтап, салыстырғаннан сон, олардың негізгілерін іріктеп алған жөн. Деректік база шектеулі болғанда ғана деректің жаңа типтерін пайдалануға көшу жөн.
2/ «Партиялық принцип». Ол, деректі зерттеудің өзекті мәселесі етіп әлеуметтік талдауды алады: деректін қандай ұлттық, әлеуметтік топтың не таптың мүддесін қорғайтындығын анықтайды.Мұндағы «партиялық» деген ұғым тек коммунистік қана емес, одан әрі кең. Бұл принцип арқылы деректін әлеуметтік, саяси, таптылық негізін анықтау болып келеді. Деректің объективтәләгән анықтауда, Ш. Уалиханов былай деген: «ХҮІІІ ғ жүз жылдық шапқыншылықтын ауыр зардабы мен қайғы-қасретке толы. Сол заманда туған қазақ жыр-дастандары қаншалықты мұнды болса, қалмақ дастандары, соңшалықты көтерінкі көңіл-күіде айтылды».
3/ Тарихи принцип. Бұл принцип бойынша, деректін пайда болу уақытында болған тарихи оқиғалар мен тарихи кезеңді зерттеу болады. Деректанудағы тарихи принциптүрлердін эволюцияға ұшырауы заңдылықтың экономикалық себептілік тұрғысынан ашуды қажет етеді.
Тарихи принципті ескермеу зерттеушілерді көптеген жаңсақтықтарға ұшыратады.
Деректанулық талдау дегеніміз- деректердегі ақпараттың ғылыми- танымдылық маңызын анықтау мақсатында жүргізілетін бір-бірімен ттығыз байланысты зерттеулердің жиынтығы. Деректін пайда болуын деректанулық сыни талдаудан өткізудің сатылары текісті оқудан, оның дәл мазмұнын, өмірден орын алу формасын, түпнұсқалығын, уақытын. Авторын, жасалған жерін, пайда болуына себеп болған оқиғаның, деректін жасаудағы мақсаты мен міндеттерін анықтаудан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет