И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет28/149
Дата01.04.2022
өлшемі10,59 Mb.
#29557
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   149
-семантикалық тәсіл.  Ол -  сөздің лексикалық мағынасының 
абстракцияланып,  жалпылануы  арқылы  іске  асады.  Сөйтіп, 
жалпы  грамматикалық  мағына  пайда  болады.  Екінші  -   син- 
тетикалық  тәсіл.  Грамматикалық  мағынаның  синтетикалық 
тәсіл арқылы берілуінің тіл білімінде бірнеше жолы бар.  Олар:
28


қосымша  қосылу  жолы,  яғни  грамматикалық  тұлғалардың 
(формалардың)  үстелуі  арқылы  грамматикалық  мағынаның 
берілуі, префикс қосылу жолы, яғни сөзге префикс (приставка) 
қосылу арқылы ғрамматикалық мағынаның берілуі; ішкі флек- 
сия жолы, яғни сөздің ішкі кейбір дыбыстарының өзгеруі, алма- 
суы, қосылуы арқылы грамматикалық мағынаның берілуі; екпін 
арқылы, яғни екпіннің өзгеруімен грамматикалық магынаның 
берілуі,  супплетивті  жол,  яғни  грамматикалық  мағынаның 
жеке-жеке  сөздер  арқылы  берілуі.  Үшінші  -   аналитикалық 
тәсіл.  Аналитикалық  тәсілдің  бірнеше  түрі,  жолы  бар.  Олар: 
негізгі  сөздердің  тіркесуі  арқылы  грамматикалық  магынаның 
берілуі (мысалы, алтын сағат, темір күрек, ағаш үй, шәкірт бала 
сияқты тіркестерде  алғашқы  зат  атаулары  алтын,  темір,  ағаш,
шәкірт екінші зат атауын оілдіретш создермен тіркесу арқылы 
заттық мағынада емес, қатыстық;  сындық мәнде қолданылған) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет