Құқық бұзушылық түсінігі және түрлері
1. Құқық бұзушылық түсінігі.
2. Құқық бұзушылық түрлері.
3. Құқық бұзушылық себептері.
4. Заңды жауапкершілік түсінігі және қағидалары.
5. Құқық бұзушылықтын алдын алу
Жоспар:
Құқық бұзушылық - қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылық: азаматтық (жеке басқа, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетін қаралайтын мәліметтерді тарқату және т.б.), ++әкімшілік (ұсақ бұзақылық жол ережесі тәртібін бұзу), тәртіптік (жұмыстан кешігу, жұмысқа бармау және т.б.) теріс қылық және т.т. Құқық бұзушылықтың барынша қауіпті түрі қылмыс болып табылады. Құқық бұзушылықтар үшін заңмең тиісінше әкімшілік, азаматтық құқықтық, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Тәртіптік құқық бұзушылық - қызметтік қатынас саласында бағынушылық тәртібін бұзуға бағытталатын, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол өндірістің қызметтік, әскери және оқу тәртібін бұзып, олардың алдында түрған шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, басқару және де мақсаттар мен міндеттерді орындауға кедергі болады. Бұл үшін мынадай санкциялар қолданылуы мүмкін: ескеру, сөгіс, жұмыстан шығару, оқу орнынан шығару және т.б.
Азаматтық құқық бұзушылық — азаматтық құқық нормаларымен реттелетін мүліктік және онымен байланысты жекелеген қатынастарға зиян келтіретін, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол шарттық және шартсыз деп екіге бөлінеді. Шартты — азаматтық құқықтың шартқа қатысушы субъектілерінің әрекетінен туындаса, шартсыз — азаматтық құқықтың нормаларының талаптарын сақтамау және орындамаумен байланысты болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық — мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін әкімшілік, қаржылық, жер және басқа құқық салаларының нормаларымен реттелетін, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік.
Қылмыс - қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет-әрекетсіздік. Ол қоғамның қалыпты өмір немесе мемлекеттік құрылыс, шаруашылық жүйе, меншік және азаматтардың саяси, еңбектік, мүліктің және басқа да құқықтары. Қылмыстың занды сипаты — оларға қылмыстық заңмен тыйым салу мен жазалау шараларын қолдану болып табылады. Қылмысты заңда көрсетілген, қылмыстың барлық нысандык белгілерін иеленуші құқық бұзушылық өзінің жеңіл мәнділігіне байланысты қоғамға қауіпті болмаса, қылмыс болып саналмайды.
Құқық бұзушылық себептері:
1. Әлеуметтік жағдайлар — отбасы, мектеп, қызмет істейтін ұжым, жалпы қоғам өмірінің әсері. Бірақ бұлар әр адамға әртүрлі ықпал етеді. Тұрмысы ауыр, қиын жағдайда тәрбиеленіп, өмір сүретіндер де, сонымен біреуге уайымсыз, тоқтықта өскендер де занды бұзуы мүмкін. Бұл жағдайды бабаларымыз ежелден-ақ байқаған. «Жаманнан жақсы туар, адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туар, бір ауыз сөзге алғысыз» деген мақал айғағы болса керек.
2. Биологиялық жағдайлар. Бір отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленіп, өскен балалардың ой-өрісінің сапасы әртүрлі болатыны белгілі. Біреуі мейірімді, салмақты, жігерлі болса, екіншісі қатыгез, жеңілтек, жігерсіз болуы мүмкін. Әрине балалардың жаратылысынан әр түрлі болуы, бұзақылық, адамның тегіне байланысты деген сөз емес. Бұзықтық түқым қуаламайды, бірақ, адамның жаратылысына тән жаман мінездерді өсіп-өнетін кезеңге тап болса, адам әдепсіздік заң бұзушылық қылықтан тайынбайды.
Құқық бұзушылықтың себептері төңірегінде ежелден осы күнге дейін сан түрлі пікірлер айтылуда. Айтылған ойларды тұжырымдасақ, адамдардың құқықтық нормаларды бұзуына, ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әсер ететінін байқаймыз.
3. Құқық бұзушылықтың субъективтік себебі — бұл, мемлекеттік идеологияға, адами құндылықтар мен қоғамдық мүддеге қарама-қайшы құқықтық сананьщ төмен деңгейлігі.
4. Ал объективтік себебі — өмірдегі, экономикалық және әлеуметтік қатынас саласындағы нақтылы кайшылықтар. Құқық бұзушылықты тудырушы объективтік жағдайға — оның субъективтік және объективтік себептерінің орнын алуына жол беретін, ұйымдастырушылық және техникалық тәртіптің жеткіліксіздігін айтуға болады. Құқық бұзушылық қашан да жекелік сипатта болады. Жеке тұлғаның қабылдаған және оның қажеттілік мақсаты арқылы анықталатын құқыққа қайшы шешім, құқық бұзушылықтың тікелей себебі болып табылады. Бірақ құқық бұзушылық себебін белгілі бір әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру жеткіліксіз. К.Маркс былай деген болатын: қоғам тек адамдардан ғана тұрмайды, олардың ара байланысы мен қарым-қатынасын бейнелейді ( К. Маркс, Ф. Энгельс. Шығ. жинағы, 3-т, З-б.). Сондықтан да құқық бұзушылықтың себебін жекелеген құқыққа қайшы әрекеттер арқылы түсіну мүмкін емес.
5. Ғылыми зерттеу нәтижесі құқық бұзушылықтың себебі жеке адамның қажеттіліктерімен оны қанағаттандырудың әлеуметтік мүмкіндігінің арасындағы қайшылықга деп түсіндіреді. Яғни бұл өз кезегінде қоғамдық жағдайдың сипатына тәуелді болады. Бұл дегеніміз қоғамдық қатынастар жүйесінде: өндіріс, саясат, мәдениет, шаруашылық, түтыну салаларында белгілі бір орынға ие болу. Ал қалыпты өмір сүру жағдайда бұлар бір-бірімен сәйкес келіп отыруы тиіс. Қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі белгілі бір орынды иелену адамның кәсіпқойлық дәрежесін, білімін және мәдени мәртебелігін айқындайды.
6. Жеке адамның әлеуметтік мәртебелерінің бір-біріне сәйкес келмеуі оны қоғамдық тәртіпті бұзуға итермелейді. Яғни саяси-экономикалық үстемдікке әлеуметтік саладағы жағдай сәйкес келмеуі, жеке адамдардың білім мәртебесіне экономика, мәдениет саласында тиісті орынды қамтамасыз етпеген жағдайда, олар заңсыз әрекеттерге барады. Кейбір саяси қызметкер өзінің жағдайын мемлекеттегі рөлімен теңестіру үшін, билікті теріс мақсатта пайдаланады. Ең арысы жалданбалы жұмысшы да, сатылмалы жұмыс күшінің ақысы оның қоғамдық қажеттігін өтемесе, қолайсыз мүмкіндіктерді пайдалануға бет бұрады. Жоғарыда айтып өткен құқық бұзушылықтың негізгі себептерін түжырымдай келе байқайтынымыз — заңды мінез-құлық, құқықтық сана, құқықтық мәдениеттің бұл тұрғыда алатын орны ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: |