«Құқық негіздері» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып



бет4/8
Дата27.05.2022
өлшемі70,76 Kb.
#35766
1   2   3   4   5   6   7   8
Оқу мақсаты 10.2.3.2 Экологиялық кодекс негізінде өзекті экологиялық
проблемаларды шешудің құқықтық жолдарын ұсыну
10.2.4.2 Нақты өмірлік жағдаяттарды қылмыстық құқық нормаларына сәйкестендіру

        1. Нақты жағдаяттарды талдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның негізгі ережелерін пайдалану

Бағалау критерийі Білім алушы

          • Экологиялық кодекс негізінде өзекті экологиялық проблемаларды шешудің құқықтық жолдарын сипаттайды

          • Нақты өмірлік жағдаяттың қылмыстық құқық нормаларына сәйкестігін анықтайды

          • Нақты жағдаяттарды талдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның негізгі ережелерін пайдаланады

Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты 20 минут


Тапсырма

  1. Суреттерде көрсетілген экологиялық проблемаларды анықтап, оны шешудің құқықтық жолдарын ұсыныңыз.




Экологиялық проблема

Құқықтық шешу жолдары






Экологиялық проблема









  1. Жағдаятқа қатысты сұраққа жауап беріңіз.

Жағдаят

Сұрақ

Екі дос Орманов пен Вавилов көп ақша табудың оңай жолы, дүкеннің кассасын тонау деп өзара әңгімелеседі. «Ол үшін қару керек»,-дейді Орманов. «Тауып көрейік», деп жауап береді Вавилов. Содан кейін олар қаруды табу үшін қару сататын дүкенді және оның кассасын тонайды.

Жағдаятты Қылмыстық кодекс бойынша түсіндіріңіз.


Қылмыстың қандай белгілері бар?
1.
2.




  1. Жағдаятқа қатысты сұраққа жауап беріңіз.



Жағдаят

Сұрақ

Ж. қаласында «Қазпочта» АҚ оператор- кассирі болып жұмыс істеп жүргенде, Б. Есімді азамат жалған құжат жасап, 4 750 109 теңгені иеленіп, жұмсап жіберген

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын қолданыңыз.
1.
2.
Бұл жағдаятты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңы мен ҚР қылмыстық кодексі негізінде талдаңыз.

Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Экологиялық кодекс
негізінде өзекті экологиялық проблемаларды шешудің құқықтық жолдарын сипаттайды

1


1-өзекті экологиялық проблеманы
анықтайды;

1

1-экологиялық проблеманың құқықтық шешу жолын ұсынады;

1

2-өзекті экологиялық проблеманы
анықтайды;

1

2-экологиялық проблеманың құқықтық
шешу жолын ұсынады;

1

Нақты өмірлік жағдаяттың қылмыстық құқық нормаларына сәйкестігін
анықтайды

2


қылмыстық кодекс бойынша түсіндіреді;

1

қылмыстың 1-белгісін жазады;

1

қылмыстың 2-белгісін жазады;

1

Нақты жағдаяттарды талдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның негізгі ережелерін пайдаланады

3


берілген жағдаятты сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның ережелерін жағдаят бойынша қолданады;

1

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның негізгі ережелерінен
мысал келтіреді;

1

ҚР қылмыстық кодексіне сілтеме
жасайды

1

Барлығы

10

«Жария құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні



Бағалау критерийлері

Оқу жетістігінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Экологиялық кодекс негізінде өзекті экологиялық проблемаларды шешудің
құқықтық жолдарын сипаттайды

1/2-өзекті экологиялық проблеманы анықтап, шешудің құқықтық жолдарын ұсынуда қиналады

1/2-өзекті экологиялық проблеманы анықтап, шешудің құқықтық жолдарын ұсынуда қателіктер жібереді

1/2-өзекті экологиялық проблеманы анықтап, шешудің құқықтық жолдарын ұсынады

Нақты өмірлік жағдаяттың қылмыстық құқық
нормаларына сәйкестігін анықтайды

Нақты өмірлік жағдаяттың қылмыстық құқық нормаларына сәйкестігін анықтауда, қылмыстың 1/2-белгісін анықтауда қиналады

Нақты өмірлік жағдаяттың қылмыстық құқық нормаларына сәйкестігін анықтауда, қылмыстың 1/2-белгісін анықтауда қателіктер жібереді

Нақты өмірлік жағдаяттың қылмыстық құқық нормаларына сәйкестігін анықтап, қылмыстың 1/2-белгісін анықтайды

Нақты жағдаяттарды талдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның негізгі ережелерін пайдаланады

Жағдаятты талдауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның негізгі ережелерін, ҚР қылмыстық кодексін пайдалануда қиналады

Жағдаятты талдауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның негізгі ережелерін, ҚР қылмыстық кодексін пайдалануда қателіктер жібереді

Жағдаятты талдауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның негізгі ережелерін, ҚР қылмыстық кодексін пайдаланады


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет