ҚҰҚЫҚ негіздері


 Қылмысқа қатысудың түсінігі. Қатысушылардың түрлері



Pdf көрінісі
бет215/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

11.8 Қылмысқа қатысудың түсінігі. Қатысушылардың түрлері. 

11.9 Жазаның мақсаттары. Жаза жүйелерінің жəне түрлерінің жалпы 

сипаттамасы. Жазаны тағайындаудың жалпы негіздері. 

11.10 Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің түсінігі жəне оның маңызы 

 

 

11.1 Қылмыстық құқықтың пəні, түсінігі, міндеттері мен принциптері 

 

Қылмыстық  құқық  жеке  құқық  саласы  ретінде  адамды,  оның  құқықтары 



мен  бостандықтарын,  қоғам  мен  мемлекетті  қылмыстық  қол  сұғушылықтан 

қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі 

жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық нормасы арқылы 

қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге 

байланысты  қылмыс  істеген  адам  мен  мемлекет  арасында  пайда  болады. 

Мұндай  құқықтық  қатынасқа  қатысушылардың  əрқайсысының  өзіне  тəн 

құқықтары мен міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуіне байланысты 

қылмыстық жауапқа жəне жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект, əділ 

сот  органдары  (сот,  тергеу,  прокуратура)  қылмыс  істеген  адамды  сол  міндетті 

орындауға күшпен міндеттейді. Сонымен, қылмыстық құқықтық қатынастарды 

реттейтін бұл функция орын алған қылмыс оқиғасына байланысты қылмыстық 

жауаптылықты  жəне  жазаны  қолдану  немесе  қылмыстық  жауаптылық  пен 

жазадан босату сияқты мəселелерді жүзеге асырады. 

 

Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып тыйым 



салынған іс-əрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі. 

 

Яғни,  қылмыстық  заңның  болуы  жəне  оны  бұзған  адамдарға 



қолданылатын  жазаныңқылмыстық  құқықтық  нормаларда  көрініс  алуы  осы 

көрсетілген  құқықтық  функцияның  толық  жүзеге  асырылуына  мүмкіндік 




253 

 

туғызады.  Үшіншіден,  қылмыстық  қықық  қылмыстық  құқықықтың  нормасы 



арқылы  азаматтарға  қылмыстық  жолмен  қиянат  келтірілгенде  олардың  одан 

қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Мысалы, қажетті қорғану, 

мəжбүрлі  қажеттілік  немесе  қылмыскерді  ұстауда  əрбір  азамат  заңда 

белгіленген тəртіппен қорғануға құқылы. Бұл мəселе тек қылмыстық құқықтық 

норма арқылы реттеледі. 

 

Қылмыстық  құқық  туралы  сөз  болғанда  оның  үш  түрлі  мағынасын 



ескеруіміз  керек.  Қылмыстық  құқық – бұл  жалпы  құқық  жүйесінің  негізгі  бір 

саласы  жəне  пəн  болып  табылады.  Осы  ұғымдардың  бəрінің  жиынтығы 

қосылып қылмыстық құқық курсы деген түсінікті білдіреді. 

 

Қылмыстық  құқық  пəнін  құқық  саласы  ретінде  қарастырғанда  жалпы 



құқық  теориясына  тнə  белгілердің,  негізгі  принциптердің  осы  құқық  саласына 

да  тəн  екендігін  ескеру  керек.  Сонымен  бірге  қылмыстық  құқық  өзінің 

ерекшеліктерін  белгілейтін  жəне  өзін  жеке  құқық  саласы  ретінде  қарастыруға 

негіз  болатын  өзіндік  мазмұн,  өзгешелік  белгілері  мен  принциптері  бар  құқық 

саласы болып табылады. 

 

Құқық  саласы  ретінде  қылмыстық  құқық  заң  шығарушы  органдар 



қабылдаған  қылмыс пен  жаза,  қылмыстық жауаптылық  негізі, жаза жүйелерін, 

жаза тағайындаудың тəртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылық 

пен  жазадан  босатуды  белгілейтін  заң  нормаларының  жиынтығы  болып 

табылады. 

 

Басқа  құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі  заңдылық 



базасы  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  болып  табылады. 

Қылмыстық  құқықтың  ережелері  мен  институттарының  мазмұны  қолданылып 

жүрген  қылмыстық  құқықтың  нормаларында  анық  көрсетілген.  Қылмыстық 

құқық  нормалары  мазмұнына  қарай  екі  түрлі  қызметті  жүзеге  асырады. 

Қылмыстық  құқық  нормалары  мазмұнына  қарай  екі  түрлі  қызметті  жүзеге 

асырады.  Біріншісі – қылмыстық  құқық  ережелері,  принциптері  мен 

институттарын  белгілеу  арқылы  қылмыс  пен  жазаны  анықтайды.бұл  нормалар 

қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің мазмұнын құрайды. 

 

Екінші  бір  нормалар  қоғамға  қауіпті  əрекеттің  немесе  əрекетсіздіктің 



қылмыс  қатарына  жататын  белгілерін,  шеңберін  жəне  оны  істегені  үшін 

тағайындайтын  жазаның  түрлері  мен  шыегін  белгілейді.  Мұндай  нормалар 

қылмыстық  құқықтың Ерекше бөлімінің мазмұнын құрайды. 

 

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде мынадай өзіндік ерекшелік 



белгілерімен көрініс табады: 

 

Қылмыстық  құқық  пəні  қылмыс  істеуге  байланысты  пайда  болатын 



қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді. Ал мұндай ретке қылмыстық құқықтық 

қатынастардың  субъектілері  болып  бір  жағынан  қылмыс  істеген  адам  жəне 

қылмысы үшін соларға мемлекет атынан шара қолданантын мемлекеттік құқық 

қолдану жəне құқық қорғау органдары болады. 




254 

 

 



Белгіле  бір  əрекеті  немесе  əрекетсіздігкті  қылмыс  қатарына  жатқызып, 

оған  жаза  тағайындау,  қоғамға,  жеке  адамаға  жəне  мемлекетке  қарсы 

қылмыстық  іс-əрекетке  тыйым  салып,  оны  бұзғаны  үшін  қылмыстық  жауапқа 

жəне  жазаға  тартатын  нормаларды  белгілеу – мемлекеттің  құзыреті.  Осы 

тұрғыдағы қоғамдық қатынастарды ретке келтіру қылмыстық құқыққа ғана тəн 

əдіс болып табылады. 

 

Қылмыстық құқық Жалпы жəне Ерекше бөлімнен тұрады.  



 

Қылмыс  пен  жаза  туралы  ұғым,  қылмыстық  заңның  түсінігі,  міндеттері, 

қылмыстық  жауаптылықтықтың  негіздері,  одан  босату,  қылмыс  құрамының 

түсінігі,  қылмыстық  заңның  кеңістіктегі  жəне  мезгілдегі  күші,  іс-əрекеттің 

қылмыстылығын  жоққа  шығаратын  мəн-жайлар  туралы  түсініктер,  сондай-ақ 

қылмыс  істеу  сатылары  туралы  ұғыммен,  қылмысқа  бірге  қатысу,  жазаның 

мақсаттары 

мен 


жүйесі, 

жаза 


тағайындаудың 

немесе 


қылмыстық 

жауаптылықтан  жəне  жазадан  босатудың  мəселелері  осы  Жалпы  бөлімде 

зерттеледі. 

 

Ерекше  бөлімде  нақты  қылмыс  құрамдары  жəне  оларды  істегені  үшін 



белгіленген  жаза  түрлері  көрсетіледі.  Жалпы  жəне  Ерекше  бөлімдер  өзара 

тығыз байланысты, осы екі бөлімнің жиынтығы қылмыстық құқықты құрайды. 

Жалпы  жəне  Ерекше  бөлімдердің  бірлігі  олардың  алға  қойған  мақсаты 

мемлекетті,  қоғамды,  азаматтарды  жəне  құқық  тəртібін  қылмыстық 

қолсұғушылықтан  қорғау  арқылы  айқын  көрінеді.  Қылмыстық  құқықтың 

Жалпы  бөлімінің  нормаларын  қолдану  арқылы  Ерекше  бөлімнің  нормалары 

жүзеге  асырылады.  Жалпы  бөлімнің  ережелері  мен  институттары  Ерекше 

бөлімдегі  нақты  нормаларды  қолданғанда  басшылыққа  алынады.  Сол  себепті 

осы екі бөлім нормалары бір-біріне сəйкес болуы қажет. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет