ҚҰҚЫҚ негіздері


 Қазақстан Республикасының  Парламенті



Pdf көрінісі
бет42/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   389
4.5.2  Қазақстан Республикасының  Парламенті 

1995 


жылғы 30 тамыздағы Қазақстан 

Республикасының 

Конституциясының 49-бабына сəйкес, Парламент - Қазақстан Республикасының 

заң  шығару  қызметiн  жүзеге  асыратын  Республиканың  ең  жоғары  өкiлдi 

органы.   Парламенттiң  өкiлеттiгi  оның  бiрiншi  сессиясы  ашылған  сəттен 



83 

 

басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен 



кезден аяқталады. Парламенттiң өкiлеттiгi Конституцияда көзделген реттер мен 

тəртiп  бойынша  мерзiмiнен  бұрын  тоқтатылуы  мүмкiн.   Парламенттiң 

ұйымдастырылуы  мен  қызметi,  оның  депутаттарының  құқықтық  жағдайы 

конституциялық заңмен белгiленедi.  

Парламент 

институтын 

конституциялық 

нормалар 

реттейді. 

Конституцияның    IV  бөлімі    Парламентке  арналған,  одан  басқа    «Қазақстан 

Республикасының  Парламентi  жəне  оның  депутаттарының  мəртебесi  туралы» 

1995 жылғы 16 қазандағы № 2529 Қазақстан Республикасының Конституциялық 

Заңы реттейді. 

Парламенттың  ұйымдары  мен  қызмет  тəртібін  толық  қамтитын,  ол  

Парламент  Регламенттері:  Жалпы  регламент,  Палат ( Сенат  пен  Мажилис) 

регламенты,  сонымен  қатар 1997 ж. 7 мамырдағы    «ҚР  Парламенттың    О 

комитеттері мен комиссиялары туралы заңы.   

Парламент  тұрақты  негiзде  жұмыс  iстейтiн  екi  Палатадан:  Сенаттан  жəне 

Мəжiлiстен  тұрады.   Сенат  депутаттарының  өкiлеттiк  мерзiмi - алты  жыл

Мəжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл.  

Сенат  конституциялық  заңда  белгіленген  тəртіппен  əр  облыстан, 

республикалық  маңызы  бар  қаладан  жəне  Қазақстан  Республикасының 

астанасынан  екі  адамнан  өкілдік  ететін  депутаттардан  құралады.  Сенатта 

қоғамның  ұлттық-мəдени  жəне  өзге  де  елеулі  мүдделерінің  білдірілуін 

қамтамасыз  ету  қажеттілігі  ескеріліп,  Сенаттың  он  бес  депутатын  Республика 

Президенті тағайындайды.  

Мəжіліс конституциялық заңда белгіленген тəртіппен сайланатын жүз жеті 

депутаттан тұрады. Мəжілістің тоқсан  сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, 

тең  жəне  төте  сайлау  құқығы  негізінде  жасырын  дауыс  беру  арқылы  жүзеге 

асырылады.  Мəжілістің  тоғыз  депутатын  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 

сайлайды.  Конституцияда  Парламент  депутаты  екі  палатың  дкпутвты  бір 

мезгілде бола алмайтындығы ерекше көрсетілген.  

Парламенттің құзыреттері бірнеше топтарға бөлінеді: 

Палаталардың ортақ отырысында жүзеге асырылатын құзыретті; 

Парламенттың  жалпы  құзыреті,  Палаталардың  бөлек  отырыстарында 

кезекпен алдымен Мəжілісте, содан кейін Сената қаралатын мəселелер; 

Сенаттың қарауындағана болатын мəселелер; 

Мəжілістің қарауындағана болатын мəселелер; 

əр Палата дербес шешетін мəселелер, өзге Палатаның қатысуынсыз. 

Парламенттың  ұйымдастырушылық құқықтық құзыретін жүзеге асыруы: 

Парламент  Сессиялары.  Парламент  сессиясы  оның  Палаталарының 

бiрлескен  жəне  бөлек  отырыстары  түрiнде  өткiзiледi.   Парламенттiң  бiрiншi 

сессиясын  Қазақстан  Республикасының  Президентi  сайлау  қорытындылары 

жарияланған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей шақырады.  Парламенттiң 




84 

 

кезектi  сессиялары  жылына  бiр  рет  қыркүйектiң  бiрiншi  жұмыс  күнiнен 



маусымның соңғы жұмыс күнiне дейiн өткiзiледi. 

 Парламент  сессиясын,  əдетте,  Республика  Президенті  ашады  жəне  сессия 

Сенат  пен  Мəжілістің  бірлескен  отырыстарында  жабылады.  Парламент 

сессиялары  аралығындағы  кезеңде  Республика  Президенті  өз  бастамасымен, 

палаталар  төрағаларының  немесе  Парламент  депутаттары  жалпы  санының 

кемінде  үштен  бірінің  ұсынысымен  Парламенттің  кезектен  тыс  сессиясын 

шақыра алады. Онда сессияны шақыруға негіз болған мəселелер ғана қаралады.  

Палаталардың  бiрлескен  жəне  бөлек  отырыстары  оларға  əр  Палата 

депутаттарының  жалпы  санының  кемiнде  үштен  екiсi  қатысқан  жағдайда 

өткiзiледi. Палаталардың  бiрлескен  жəне  бөлек  отырыстары  ашық  отырыстар 

болып  табылады.  Регламенттерде  көзделген  реттерде  жабық  отырыстар 

өткiзiлуi  мүмкiн.  Республика  Президентiнiң,  Премьер-Министр  мен  Үкiмет 

мүшелерiнiң, Ұлттық Банк Төрағасының, Бас Прокурордың, Ұлттық қауiпсiздiк 

комитетi  Төрағасының  кез  келген  отырыстарға  қатысуға  жəне  сөз  сөйлеуге 

құқығы бар.  

  Парламент тыңдаулар. Парламент Палаталары өз құзыретінің шеңберінде 

тыңдаулар өткізеді. Палатлардың Бюросының шешімімен өткізіледі. Олар ашық 

жəне жабық болады. Парламент тыңдаулары Палаталардың бөлек немесе ортақ 

отырыстарында өткізілмейді. 

   Парламенттың  жұмыс  органдары.  Сенат  пен  Мəжілістің  тұрақты  

комитеті  мен    Палаталардың  ортақ  комиссиялары  жұмыс  органдары  болып 

танылады.  Палаталардың  тұрақты  комитеттері    заң  жобасының  жұмысын, 

алдын ала қаралауды жəне сұрақтарды дайындауды жүзеге асырады.  Тұрақты 

комитеттер  құрылғаннан  олардың  құрамының  санын  анықтайды,  тұрақты 

комитеттер  мүшесі  сайлайды,  əр  Палатадан  жеті  адамнан  аспау  керек 

(халықаралық қатынастан, заңтанудан, экономикалық реформадан). 

Палаталардың  ортақ  жұмысы  үшін    Сенат  пен  Мəжіліс  ортақ  комиссия 

құрады, мүшелік саны Палаталардың келісімі бойынша анықталады.  Комиссия 

мүшелерін сайлау Палаталардың əрқайсысымен жүзеге асырылады. 

Парламенттың  координациялық  органдары.  Координациялық  органдары 

болып Сенат жəне Мəжіліс Бюролары танылады.  

Мəжiлiс  Бюросы  Парламент  Мəжiлiсiнiң  үйлестiрушi  органы  болып 

табылады жəне Мəжiлiс Төрағасы жанынан құрылады. 

Бюро  құрамына  Парламент  Мəжiлiсi  мен  Сенаттың  Төрағасының 

орынбасарлары,  Мəжiлiстiң  тұрақты  комитеттерiнiң  төрағалары,  Мəжiлiсте 

өкiлдiк  ететiн  саяси  партиялар  фракцияларының  жетекшiлерi  кiредi. 

Құзыретіне: 

Палаталардың  комитетері  мен  комиссияларының  координациялық 

жұмысын жүзеге асырады; 



85 

 

Парламент  пен  оның  Палаталарының  қарауына    заң  жобасы  мен  өзге  де 



шешімдерді дайындайды; 

Комитеттердің  ортақ  мəселелеріне  қатысты  қызметіне  ұйымдастыруда 

көмек көрсетеді; 

Палатаның  өзге  де  ұйымдастырушылық  қызметіне  қатысты  жұмысы 

атқарады. 

Бюро  Палатларының  отырыстары    Палат  төрағасымен  шақырылады, 2/3 

мүшесі болған жағдайда өткізілген болып саналады.  

  ҚР  Парламентінің  Палаталарының  төрағалары.  Төрағалар  Парламент 

Палаталарын  басқарады.  Палаталарды  мемлекеттiк  тiлдi  еркiн  меңгерген  өз 

депутаттарының  арасынан  Палаталар  депутаттары  жалпы  санының  көпшiлiк 

даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мəжiлiс сайлаған төрағалар 

басқарады.  

  Сенат 

Төрағасының 

қызметiне 

кандидатураны 

Қазақстан 

Республикасының  Президентi  ұсынады.  Мəжiлiс  Төрағасының  қызметiне 

кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады. 

 Палаталардың  төрағалары,  егер  бұл  үшiн  Палаталардың  депутаттары 

жалпы  санының  көпшiлiгi  дауыс  берсе,  қызметтен  керi  шақырылып  алынуы 

мүмкiн, 


сондай-ақ 

олар 


өз 

еркiмен 


орнынан 

түсуге 


хақылы.  

        Парламент Палаталарының төрағалары:  

       1)  Палаталардың  отырыстарын  шақырып,  оларға  төрағалық  етедi;  

       2)  Палаталардың  қарауына  енгiзiлетiн  мəселелердi  əзiрлеуге  жалпы 

басшылық жасайды; 

       3)  Палаталар  төрағаларының  орынбасарлары  қызметiне  сайлау  үшiн 

Палаталарға кандидатуралар ұсынады;  

       4)  Палаталар  қызметiнде  регламенттiң  сақталуын  қамтамасыз  етедi;  

       5)  Палаталардың  үйлестiру  органдарының  қызметiне  басшылық  жасайды;  

       6) Палаталар шығаратын актiлерге қол қояды;  

       7) палаталарға Конституциялық Кеңестің, Орталық сайлау комиссиясының, 

Республикалық  бюджеттің  атқарылуын  бақылау  жөніндегі  есеп  комитетінің 

мүшесі қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар ұсынады; 

        8)  өздерiне  Парламент  регламентi  жүктейтiн  басқа  да  мiндеттердi 

атқарады.  

  

Мəжiлiс Төрағасы:  



        1) Парламент сессияларын ашады;  

         2) Палаталардың кезектi бiрлескен отырыстарын шақырады, Палаталардың 

кезектi  жəне  кезектен  тыс  бiрлескен  отырыстарына  төрағалық  етедi.  

Палаталардың  төрағалары  өз  құзыретiндегi  мəселелер  бойынша  өкiмдер 

шығарады.  



86 

 

 Парламент  Мəжiлiсiнiң  Төрағасы  Палаталардың  кезектi  бiрлескен  жалпы 



отырыстарын шақырады, Парламент Палаталарының кезектi жəне кезектен тыс 

бiрлескен жалпы отырыстарына төрағалық етедi.  

Сенат пен Мəжіліс төрағаларының бір-бір орынбасарлары болады, Палата 

төрағасның  ұсынысы  бойынша  көпшілік  дауыс  жинаған  депутат  сайланады. 

Палата  төрағасының  орынбасарлары  төрағаның  құзырет  беруімен  арнайы 

функцияларын  атқарады,  сонымен  қатар,  төраға  болмаған  немесе  қызметін 

жүзеге  асыруға  мүмкіндігі  болмаған  жағдайда  төрағаның  құзыреті  беріледі. 

Төраға  орынбасарын  лауазымынан    босата  алады,  егер  оған  Палата 

депутаттарының көпшілігі дауыс берсе.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет