ҚҰҚЫҚ негіздері


 Азаматтық құқықтың қайнар көздері



Pdf көрінісі
бет48/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   389
 

5.3. Азаматтық құқықтың қайнар көздері. 

Азаматтық құқықтың қайнар көзі ретінде нормативтік құқықтық актілер 

жəне  өзге  де  азаматтық-құқықтық  нормалар  түсіндіріледі.  Нормативтік 

құқықтық актілердің түрлері «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңның 3-

бабында  көрсетілген.  Бірақ  та  аталған  актілердің  барлық  баптары  азаматтық 

құқық  нормаларын  қарастыра  алмайды.  Орталық  мемлекеттік  органдардың 

барлық нормативтік құқықтық қаулылары азаматтық құқық нормаларын қамти 

алмайды,  ал  тек  осы  реттегі  мүмкіндік  заңмен  қарастырылғанда  ғана  өзінде 

көрініс  табады.  Бұл  АК-тің 3-бабында  тікелей  бекітілген.  Сонымен  қатар 

азаматтық  құқық  нормалары  «Нормативтік  құқықтық  актілер  туралы»  Заң 

қызметінің  сыртында  ғана  көрініс  табатын  дерекнамаларда  кездеседі. 

Азаматтық 

құқықтың 

қайнар 


көздеріне 

ғұрыптар 

мен 

Қазақстан 



Республикасымен 

ратификацияланған 

халықаралық 

шарттар 


жатады. 

Азаматтық қатынастар ғұрыптармен реттеле  алады, соның ішінде егер ҚР-ның 

азаматтық заңдарына қайшы келмесе іскерлік айналымдағы ғұрыптармен. (3-б., 

4-т.)  


Азаматтық құқық қайнар көздерінің түпкілікті түсінігі азаматтық заңнама 

болып  табылады.  Азаматтық  заңнама – азаматтық  құқықтың  барлық  қайнар 

көздерін қамтитын кең əрі ауқымды түсінік. Заң актілері азаматтық заңнаманың 

құрамдас  бөлігі  жəне  тек  мыналарды  ғана  қамтиды:  а)  АК;  б)  заңдар;  в) 

Президенттің  заңи  күші  бар  Жарлықтары;  г)  азаматтық-құқықтық  нормаларды 

қамтитын Парламенттің, Парламент Сенаты мен Мəжілісінің қаулылары; 

Заңи күші бойынша Азаматтық құқықтың қайнар көздері «Нормативтік 

құқықтық  актілер  туралы»  Заңның  бабымен  қарастырылған  нормативтік 

құқықтық актілердің жалпы бағыныштылығына сəйкес анықталады.  

Бұл иерархияда жоғары сатыда ҚР Конституциясы тұрады, одан кейін 

Конституцияға өзгерістер  мен толықтырулар енгізетін заңдар, конституциялық 

заңдар  мен  ҚР  Президентінің    конституциялық  заңи  күші  бар  жарлықтары, 

кодекстер,  заңдар  жəне  Президенттің  заңи  күші  бар  жарлықтары,  Парламент 

жəне  оның  палаталарының  нормативтік  қаулылары,  Президенттің  нормативтік 

жарлықтары, Үкіметтің нормативтік қаулылары жəне т.б. 

Кез келген төмен тұрған нормативтік құқықтық актілер жоғары тұрған 

нормативтік құқықтық актілерге қарсы келе алмайды.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет