Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту
1. Білімділік: Сандар құрамы туралы білімдеріне сүйене отырып, қосу және азайту амалдарының өзара баланысын түсіндіру. 5 санын қосу және азайту тәсілдерін үйрету.
2. Дамытушылық:Оқу санын қосу және азайту арқылы оқушылардың ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру.Ойын, шығармашылық тапсырмалар жүргізу арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Тапсырмаларды өз бетінше орындауға, қатесіз шығаруға машықтандыру.
3. Тәрбиелік: Ойындар ұйымдастырып, тапсырмаларды орындауда шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқыр болуға тәрбиелеу. Математикалық тілде сөйлеуге баулу. Сауатты , көркем жазуға тәрбиелеу. Адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.