І-ші деңгей Санитарлық микробиологияның даму тарихы туралы жазыңыз. Санитарлық микробиологияға пән ретінде түсіндірме айтып беріңіз


Кең тараған тағамдық инфекцияларды топтастырыңыз



бет38/70
Дата13.12.2022
өлшемі221,53 Kb.
#57014
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70
Байланысты:
Санитар сессия ответы толык еместт

15. Кең тараған тағамдық инфекцияларды топтастырыңыз.
Кең тарағандары: Тамақ токсикоинфекциясы, яғни тағамнан улану микроорганизмдері, олар - стрептокококтар, стафилококтар, ботулизм бактериялары, шигеллалар,сальмонеллалар.
Сапасыз тағамдар микробтардың көбеюіне, олардың уының пайда болуына жағдай туғызып адамдардың тамақтан улануына алып келеді. Микроорганизмдер сапасыз тамақ ішкеннен кейін, оған түскен микробтарға байланысты уланудың алғашқы белгілері тамақтан кейін бір-екі сағаттан кейін пайда болуы мүмкін, басқа жағдайларда олар қоздырғышқа байланысты 12 және одан да көп сағаттан кейін пайда болады. Тамақтан улануды болдырмау үшін тамақтану гигиенасының, тағамды сақтау мен дайындаудың қарапайым ережелерін орындау қажет: - жеке гигиена ережелерін сақтау; - қолды жиі жуу, әсіресе қоғамдық орындар мен дәретханаға барғаннан кейін; - тамақ дайындау кезінде бір рет қолданылатын резеңке қолғапты қолдануға болады; - ас үй ыдысын, плитаны, үстелдің бетін, раковинаны, тақтайшаларды арнайы құралдармен жуу және таза ұстау; - тамаққа қолданылатын өнімдерді өңдеу және сақтаудың барлық ережелерін сақтау тиіс; - жаңа және дайын өнімдерді өңдеу үшін әр түрлі пышақ пен кесу тақтайларын пайдалану керек; - өнімдерді жәндіктер мен кеміргіштерден қорғау. Азық-түлік ашық жерде, еденде сақталмау тиіс; - өнімдерді ауаның түсуінен барынша оқшаулап, ыдысты қақпақпен жауып, ыдыс-аяқ пленкамен жабылу қажет; - қоқыс шелегін дезинфекциялау құралдарымен өңдеп, оны қақпақпен жауып, қоқыстан жиі босату керек; - ұсақ туралған ет пен балықты суда ерітуге болмайды; - барлық жұмыртқаның қабығын хлорамин ерітіндісімен немесе содасы бар жылы сумен жуыңыз.


16. Стафилококтық токсикоинфекция қандай тағамдар арқылы тарайды тұжырымдаңыз.
Стафилококкалы уланудың көзі кремі бар ұнды кондитер өнімдері, сүт пен сүт өнімдері, етті, балықты, көкөністі тамақтар, майдағы балық консервілері болуы мүмкін. Стафилококктармен зақымданған өнімдердің сыртқы түрі бұл кезде өзгермейді. Стафилококктардың азық-түлік өнімдерінде дамуына әр түрлі факторлар әсер етеді. Бұл өнімдерде белоктар мен көміртектер мөлшерінің көптігі токсиннің жинақталуына ықпал етеді. Токсиннің түзілуі мен жинақталуына оңтайлы температура 37 °С. Мысалы, қайнатпа кремде 37 °С температурада энтеротоксин 4 сағ кейін жинақталып бастайды, сондықтан бұл крем қосылған кондитер өнімдері жылдам сатуға жатады. Стафилококкты инфекцияның көзі ауру жұқтырған адам, сонымен қатар сүтті, әсіресе маститпен ауыратын жануарболып табылады. Адамда стафилококктың тіршілік ететін негізгі орны тері жабыны, жұтқыншақтың шырышты қабаты. Тұмау ауруы кезінде стафилококктар біршама артады. Наубайхана өндірісінде өнімдердің зақымдану көзі терінің, әсіресе қолдың іріңді ауруы бар жұмысшылар болуы мүмкін. Осылайша стафилококкалар ауру процесінде, шикізат пен дайын кремнің зақымданғанда кездеседі, ангина, жоғарғы тыныс жолының катары, ауру тісі бар тұлғалар арқылы пайда болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет