І тарау. Жас ұрпақҚА Ұлттық ТӘрбие берудің Әдіснамалық негіздері 1 Ұлттық тәрбиенің көздері



бет27/52
Дата06.01.2022
өлшемі417,2 Kb.
#15088
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52
Байланысты:
лекция улттык тарбие

әл-Фараби іліміндегі менталитет

Қожа Ахмет Иссауи

Жүсіп Баласағұни

Менталитет - бұл бейне

Өзгеріске тұрақты тұрғыдағы іс-әрекет

Адамның санасыз іс-әрекеті (жағдайға қатысты іс-әрекет)

Этникалық

Ұжымдық

Генетикалық ерекшеліктерге қатысты іс-әрекет

Ұсынып отырған ұлттық менталитет құрылым - жүйесі бейнелердің өзара іс-әрекетке түсу үдерісін қастамасыз етеді. Ондай жағдайда ұжымдық бастаулар басымдықта болып, бүтін бір ұлт сол іс-әрекетке санасыздықпен сай іс-әрекет өзгерістерге ұшырайды және кей жағдайда бейне тұрақтылығы жеңеді. Осы ретте, ұлттық психология басқа ұлттардың конфигурациясына ықпал етеді.

Менталитет сыртқы орта өзгерістеріне үнемі тез арада өзгерістерге ұшырамайды. Өзгеріске ұшырау үшін белгілі менталды әлеует қажет. Менталитеттің көрсеткіші бір ұлтқа тән тәртіп, стандарт (қалып), заңдылық, ережелер т.б.

Қазақ ұлтының менталитетіне тән өзіндік ерекшеліктері бар. Олар: тіліне, интеллектісіне, дініне, тұрмыс болмысына, өмір салтына, әдет-ғұрпына, дәстүр салтына, кәсібіне, мәдениетіне, рухани құндылықтарына байланысты.

Сонымен қорыта келгенде, ұлттық ойлаудың ерекшелігін анықтайтын қасиеттерге мынаны жатқызуға болады:


  • ұлттық ойлаудың қалыптасуы мен дамуы әлеуметтік ортаға, мәдениет, салт-дәстүрге, тіл мен дінге, менталитетке, ұлттық философияға байланысты. Ұлттық ойлау осы рухани салаларда өзіндік дамуға ие болып, дүниені бейнелеудің әр түрлі және әр деңгейлі сатыларына ие болады;

  • ұлттық ойлауға тән қасиет ол тұтастық, түсінік, бірлік. Қазіргі ұлттық ойлау мен менталитеттің басты ұығмдары ретінде тәуелсіздік, еркіндік, патриотизм, ар намыс ұғымдарын жатқызуға болады. өйткені ұлттық ойлаудың ерекшелігі осы ұғымдарды талдау барысында ерекше көрінеді;

  • ұлттық ойлау мен менталитет өзара байланысты және олар бір-бірін толықтырып отырады. Ұлттық ойлау бір жағынан менталитеттің ерекшелігін көрсетіп отыратын болса, екінші жағынан ұлт менталитеті ұлттық ойлаудың негізі болып табылады. Олай болса, оларды бір-бірінен ажыратып қарауға болмайды;

  • ұлттық ойлау мен менталитеттің сол ұлттың ішкі рухы, дүниетанымы, этникалық, эстетикалық, діни көзқарастары көрініс табады және олар жекеленген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс қимылдары мен әрекеттерінде көрінеді.

Ұлттық ойлау мен менталитет арасындағы байланыс бір күннің немесе бірнеше айдың жемісі емес. Олардың өзара байланысы ғасырлар жемісі және олар ұлттың рухани жағдайын көрсететін басты көрсеткіштер. Ұлттық ойлау мен менталитет тілмен де тығыз байланысты, олардың ерекшеліктері осы тіл көрінісін тауып жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет