373
Бірінші деңгейдегі балаларды логопед біртіндеп қарапайым сөйлем
(зат есім+етістіктің 3-жағы Мысалы, Ата келді. Әке отыр) құрауға үйрете
бастайды. Бұл қарапайым диалогты меңгеру сатысы болып саналады.
Бұл кезеңде дыбыс айтуын түзетуге бағытталған жұмыс мақсатты
түрде жүргізілмейді. Дегенмен, кейбір дыбыстардың артикуляциясын
дамытуға арналған жаттығулар жасату, дыбыстың айтылуын анықтау,
қайталау, сөздерді буындап қайталату, айтқызу; буындарды ырғақты
қайталату; айтылуы ұқсас сөздерді ажырату (бас-қас, шәй-май, жазады-
оқиды, т.б.) сияқты жұмыс түрлері дыбыс айтылуын, фонематикалық
қабылдауын жетілдіруге ықпал етеді.
Екінші деңгейдегі балаларды оқыту-түзету жұмысы 4 жастан бастап
әр түрлі мекемелерде жүргізіледі (мектепке дейінгі мекемелерде, сөйлеу
мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектептің дайындық топтарында,
психоневрологиялық стационарлар мен санаторийлерде т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: