I теоретические основы логопедии



бет75/203
Дата03.02.2023
өлшемі2 Mb.
#64963
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   203
Негізгі кезең

  1. Ауызбен демді (тынысты) ұзақ шығару кезінде дауыс қосу;

  2. Үзілмелі дауыссыз дыбыстарды айтқандағы ауызбен қысқа дем шығаруды қалыптастыру;

  3. Сонорлы дыбыстар тобын және аффрикаттарды айтуды қалыптастыру кезінде ауызбен және мұрынмен қысқа және ұзақ дем шығаруды ажырату,

  4. Жіңішке дыбыстарды қалыптастыру.

Бұл кезеңнің сабақтарының негізгі мақсаты – бірінші кезеңдегідей, яғни артикулемаларды дамытумен бір уақытта сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алуды қалыптастыру.
1 кезең. Фрикативті дыбыстарды айтқызу жұмысы қатаң үзілмелі дыбыстарды қалыптастыруға дейін жүргізіледі. Себебі үйретілген артикулемалардың барлығы бірдей ауызбен тыныс шығаруда айтқызылады.

  1. кезеңнің мақсаты – балаға демді ұзақ шығару кезінде дауысты қосуға үйрету.

Дауыс қосуды дауысты дыбыстар артикуляциясына сүйеніп жасауға болады, бірақ дауыссыз ф-дан дауыс шығаруды бастаған тиімді (бала екі дыбысты ф және в ажырата алады) . Қатаң Ф, ұяң в дыбыстарды айтқан кезде дауыстың қосылған – қосылмағанын білу үшін көмейдің қозғалысын бақылау керек. Ол үшін тактильді-вибрациялы бақылау қолданамыз. Баланың сұқ саусағы логопедтің көмейіне (қалқанша шеміршегінің үстіне (жоғарғы жағына)) қойылады да, логопед балаға түсіндіреді. Дауыссыз тыныс шығарғанда (ф- дыбысында) көмей жұмсақ, ал, дауыс қосылғанда (в -дыбысында) көмей қатайып алға қарай қозғалады да, бұл қатаю дауыс естіліп болғанша байқалады. Бұл құбылыстың механизмі оңай түрде балаға түсіндіріледі ( бұл қатаюдың болу себебі дауыс перделері жақындап көмейді алға қозғалтады). Бала қатаюды өзінің тамағында сезінуі және есінде сақтауы керек.
Жұмыстың бұл кезеңінде №2 кестеде тағы бір бөлім пайда болады: дауыспен бірге дем шығару. Артикулеманы айту сәйкес әріппен белгіленеді. Яғни бала өзінің дыбыс айтуын есту арқылы қадағалауы керек. Сонымен, №2 кесте мынадай болуы мүмкін:

Дем алу

Дауыссыз дем шығару

Дауыспен дем шығару

Ауыздың суреті

Артикулемалар суреттері: а) дауысты дыбыстардың;
ә) қатаң дауыссыз дыбыстардың және олардың әріппен белгіленуі.

Сәйкес дыбыстарды әріппен белгілеу




  1. кезең. Екінші кезеңде ауыз арқылы дем шығарудың жаңа түрі қалыптастырылады: ауыз арқылы дем шығару. Баланың назарын шығарылған ауа ағынының шапшаңдығы мен екпінділігіне аудару қажет. Дем шығарудың бұл түрін меңгеру п,б,т,д,к,қ,ғ,г дыбыстарын қалыптастыру кезінде жүргізіледі. Қысқа дем шығаруға дайындық жаттығуы ретінде й дыбысын айту кезінде дем шығарып жаттықтыру алынады. Суреттері №1 кестеде 1-ші, 2-ші қатардағы дауыстылардан кейін белгіленеді.

П дыбысын қою үшін, бала жабық еріндерге шығарған ауа ағыны екпінді, шапшан (алақандағы мақтаны ұшыратындай) болатындай етіп, үрлеуі керек. Дәптерге артикуляция сызбасы салынады ( жабық еріндер). Кейіннен дәл осындай тыныс шығару б дыбысын дауыс қосып айтуында бекітіледі (дауыстың қатысуы жоғарыда айтылғандай).
Т дыбысын қою үшін тілдің ұшы жоғарғы тістер артында болып, жоғарғы альвеолдарға тақап жапсырылуына назар аударылады. Белсенді және екпінді
(қысқа) дем шығару тілмен альвеолдар арасындағы қабысуды үзеді. Кейіннен Т және Д дыбыстарын дыбыстаумен айналысамыз.
К дыбысы артикуляциясын көрсетіп, түсіндіру арқылы айтқызылады. Балаға тілдің ұшын тіл асты желбезегінің түбіне тигізіп, ауызды сәл жабыңқырап, ауызбен дем шығаруды ұсынамыз. Сәтсіздік жағдай туындаса, дәстүрлі К дыбысын Т –дан қою әдістемесін пайдаланамыз.
Келесі жұмыс - Г дыбысын қалыптастыру . Қалыптастырылып жатқан дыбыстар біртіндеп №2 кестеге толтырылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет