I теоретические основы логопедии


Алалиясы бар баланы ПДТ, зияты бұзылған, сөйлеу тілі дамымаған



Pdf көрінісі
бет127/230
Дата03.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#121586
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   230
Байланысты:
Логопедия

Алалиясы бар баланы ПДТ, зияты бұзылған, сөйлеу тілі дамымаған,
ерте балалық аутизмі бар баладан ажырату. 
 
М
оторлы алалияны айқындау өте қиын, себебі, бұл ауытқудың өзі 
күрделі, кейбір сөйлеу тілінің бұзылыстарымен немесе сөзсіз бұзылыстармен 
ұқсас және күрделі болып келеді. Моторлы алалияны зият бұзылыстарынан, 
психикалық дамуының тежелуінен (ПДТ), ерте балалық аутизмі бар 
балалардан 
ажырата 
білу 
қажет. 
Зиятының жеткіліксіздігі бар
балаларға орталық жүйке жүйесінің диффузды 
түрде жетілмеуі тән болады, ал алалиясы бар балаларда екі жарты шардағы 
бас миының аса біліне қоймайтын билатеральды зақымданулары, бас ми 
қыбығындағы жүйке клеткаларының жетіліп дамуының кешеуілдеуі 
байқалады.
Зияттың 
жеткіліксіздігіндегі 
және 
алалиядағы 
сөйлеу 
тіл 
бұзылыстарының түрлі механизмдері осы екі категориядағы балалардың 
сөйлеу тілі дамуының динамикасының ерекшеліктерін белгілейді. Сондай-
ақ, зиятының кемістіктері бар балалар 6-7 жасқа келгенде, олигофренияның 
күрделенбеген түрлерінде, ана тілінің қарапайым грамматикалық 
стереотиптерін өз бетінше меңгерсе, ал моторлы алалиясы бар балалар өз 
бетінше дұрыс сөйлеуді меңгере алмайды. Зиятының жеткіліксіздігі бар 
балалардың сөйлеу тілі дамуының кешеуілдеуі тотальды бірқалыпты сипатта 
болады және импрессивті және экспрессивті сөйлеу тілінде байқалады. 


273 
Алалияда не импрессивті не экспрессивті (алалияның түріне байланысты: 
моторлы немесе сенсорлы) сөйлеу тілінің жетілмеуі байқалады.
Моторлы алалияда сөйлеу тілін түсінуде күрделі бұзылыстар 
байқалмайды. Моторлы алалиясы бар балаларда сөздің дыбыстық және 
буындық құрамы бірінші реттілік болып бұзылған болса, зиятының 
жеткіліксіздігі бар балаларда ол екінші реттілік болып бұзылады. Алалиясы 
бар балалар сөйлемнің құрылымын бұзып айтса, зиятының жеткіліксіздігі бар 
балаларда ол сақталады, алайда, семантикалық аграмматизм айқын көрінеді. 
Зиятының жеткіліксіздігі бар балалар ойды дұрыс іріктей алмайды, 
баяндаудың мәнін бұзып, ақпаратты айтуда уақытты дұрыс жеткізе алмайды.
Мектепке дейінгі кішкентайлар тобындағы зиятының бұзылысы бар 
балалардың психикалық дамуында, таным әрекеттерінің жетілмеуі, 
эмоциялық жағының кедейлігі анық көрінеді. Алалиясы бар балаларда 
дифференциалды түрде эмоциялық реакциялары, өзінің сөйлеу тілінің 
кемістігіне сынмен қарап бағалауы байқалады. Алалиясы бар балалардың 
психикалық дамуының қарқыны зияты төмен балалармен салыстырғанда аса 
жоғары, алайда, қалыпты сөйлейтіндерден төмен болады. 
Психикалық дамуы тежелген 
(ПДТ) балалардың сөйлеу тілінің 
бұзылыстары

бас миының қабығындағы сөйлеу аяларының зақымдануымен 
емес,
 
ең 
алдымен

анализатор 
арасындағы 
байланыстардың 
жеткіліксіздіктерімен байланысты. ПДТ-нде сөйлеу тілінің бұзылуы 
бірінішілік емес, психикалық дамудың баяу дамуының нәтижесі болып 
табылады. Алалияда сөйлеу тілінің тұрақты, терең бұзылыстары, 
аграмматизм белгілері болады, ал
 
психикалық дамуының тежелуімен 
күрделенген оқуда қиындықтарға тап болатын балаларда ондай байқалмайды. 
ПДТ балалардағыдай, бағытталған логопедиялық әсер ету 
нәтижесінде, сөйлеу тілінің бұзылысы негізгі болмай, балалар әдеттегідей, 
математикадан үлгермей жатады. Логопедияда бұзылыстың механизмі мен 
шоғырлануын белгілеудің қиындықтарымен мүмкін еместігі салдарынан
алалия тобына 
сөйлеу тілінің тежелуі (СТТ) бар
балаларды қосып жатады. 
Себебі, СТТ балалар моторлы алалиясы бар балалар сияқты сөз қорын 
молайтуда, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын өңдеуде, дыбыстарды 
айтуда қиналады. Алалиясы бар балалардың сөйлеу тілін тексергенде, оның 
даму жолдарының ерекшеліктерін және өзіне тән қиындықтары байқалады. 
СТТ-де сөйлеу тілінің дамуы қалыпты дамыған сөйлеу тілінен тек өзінің 
қарқыны бойынша және орталық жүйке жүйесінің бұзылуымен 
нейродинамикалық сипатының түзетуге икемділігі бойынша айырмашылығы
бар.
СТТ бала айтылған сөзді, сөздердің грамматикалық жағының 
өзгерулерін ұғады; ол дыбысталуы ұқсас сөздердің мағынасын 
алмастырмайды. Алалияда баланың ұзын түсініктемелерді түсінуі ауыр 
болады. СТТ-дағы сөйлеу тілінің дамуында сөздің құрылымы бұзылуы мен 
аграмматизмдер байқалмайды, ол ана тілінің грамматикалық нормаларын 
баланың меңгеруін диагностикалаудың маңызды көрсеткішінің бірі болып 
табылады. СТТ балалар өз бетінше тілдік жалпылауларды меңгере алады. 


274 
Оларда сөйлеу тілінің жетілмеуі өз бетінше жойылуы да мүмкін. Түзету
жеңіл түрде өтуі де мүмкін, негізінен сөйлеу тілінің дыбыстық жағына 
қатысты болады. СТТ балалармен логопедиялық сабақтарды ерте бастаған 
жағдайда мектепке барғанда баланың сөйлеу тілінің жеткіліксіздіктері 
толық 
түзелуі 
әбден 
мүмкін. 
Ерте балалар аутизмі 
(ЕБА) дегеніміз - баланың қоршаған ортамен 
эмоциональді қарым-қатынасының қалыптасуы бұзылған, психикалық 
дамудың ерекше аномалиясы. Аутизмде, оның ерте кезеңдерінде, сөйлеу тілі 
қалыпты дамиды, бала сөйлеу тілінің даму қарқыны бойынша кейде өзінің 
сау құрдастарының алдында болуы да мүмкін. Кейіннен, 1,5-2 жас 
шамасында ол қасиетінен айырылып, қоршаған адамдармен сөйлеспей 
қойып, кейде түсінде өз-өзімен сөйлесіп жатуы мүмкін. Сөйлеу тілін 
жоғалтқанда бала ым-ишара және имитация жасау білігінен де айырылады.
Аутизмі бар бала, айтылған сөзді ұққанымен, қарапайым нұсқауларды 
орындамайды. ЕБА бар балаға сөйлеу арқылы қатынас жасаудың шұғыл 
түрде шектеле қалуы, кейде мутизмге дейін күрделі болуы, сөйлеу тілінің 
лексика-грамматикалық жағының дамымауы, фонетикалық бұзылыстармен 
сөз, сөйлем соңындағы жоғары тональділіктегі дауыстың бұзылуы, өзін көп 
уақытқа дейін екінші, үшінші жақтан атауы, белсенді сөз қорында баланың 
туыс адамдарын білдіретін сөздердің жоқ болуы тән. Кейбір жағдайларда, 
аутизммен қатар ЖСТД немесе алалия болуы мүмкін. Бұл формалар әсіресе 
сөйлеу тілін дамытуда өте қолайсыз, себебі, олар бірін-бірі күрделендіреді.
 
 
Жалған алалия синдромы
церебральды сал ауруы (параличі) бар 
балаларға тән болып келеді. Алалия балалар церебральді сал ауруында 
(параличінде) кездеседі, әсіресе, жүре пайда болған оң жақ гемиплегияда. 
Жалған алалия синдромы
церебральді сал ауруы (параличі) бар балаларда 
кездесіп, сөйлеу тілінің қалыптасу қарқынының тежелуі түріндегі белгісінде 
болуы мүмкін. Бұл жерде қимыл-қозғалыс жеткіліксіздігінің интеллект 
зақымдануымен бірге болуы, іс-әрекетінің бұзылуы, мотивацияның бұзылуы, 
соматикалық әлсіздігі сөйлеу тілінің дамуына кері әсер ететін факторлар 
болады. Жалған алалия синдромының құрылымында ең алдымен, сөйлеу 
тілінің экспрессивті жағының қалыптасуының бұзылуы - сөйлеу тілінің 
фонетикалық және лексикалық-грамматикалық жақтарының дамуы тежелуі, 
сөйлеуге деген негативизм, қарым-қатынас жасаудағы қиындықтар, 
фонематикалық естудің бұзылыстары көрініс табады. Моторлы алалиямен 
салыстырғанда, жалған алалия синдромы полиморфты және тұрақты сипатқа 
ие, жалған алалия синдромдары түзетуге келеді. Жалған алалия синдромы,
қабықша
 
сөйлеу аяларының зақымдануымен байланысты емес, керісінше, 
олардың функциональды жағының жеткіліксіздігіне, әлсіздігіне қатысты.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет