I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет62/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   256
 

  

Ми  қыртысы  дизартриясы  доминантты  ми  сыңарының  төменгі 

бөліктердегі  орталық  қатпарлардың  (постцентральді  және  премоторлы 

аумақтарының)  зақымдалу  салдарынан  болады.  Ми  қыртысы  дизартрияның 

эфферентті (премоторлы)  және афферентті (постцентральді) түрге бөледі 

Ми 

қыртысы 

дизартрияның 

эфферентті 

түрі 


артикуляциялық 

мускулатураны иннервациялайтын алдыңғы орталық ми қыртысы аумағының 

зақымдалуынан  болады.  Жеке  артикуляторлық  қимылдардың  бұзылуы 

байқалады.  Көбінесе  тілдің  ұшының  қимылы  бұзылады,  соған  байланысты 

тілалды  дыбыстары  бұзылады.  Дыбыс  артикуляциясы  бұзылады,  көптеген 

синкинезия кездеседі. 

 

Сөйлеу  процесінде  бір  дыбыстан  екінші  дыбысқа  ауысуы  қиындық 



туғызады,  баяу  сөйлейді,  сөз  арасында  тоқтап  қалады,  кейде  буындап 

сөйлейді.  Дауысты  дыбыстарды  айтуы  өзгереді,  барлық  дауысты  дыбыстар 

А, Э дыбыстармен ұқсас айтылады, дауыссыз дыбыстар ұзартылып айтылады 

(Мысалы,  сссақат),  қосымша  дыбыстарды  қосып  айтады  немесе  тастап 

кетеді. 

Ми  қыртысының    афферентті  түрі  ми  қыртысының  үлкен  жарты 

шардың  постцентральді  аймақтарының  зақымдалуынан  болады.  Бұл  түрінде 

қол  қимылында  апраксия  мен  оральді  апраксия  (қимылды  «іздеу») 

байқалады. Дизартрияның бұл түрінде  дұрыс артикуляцияны белсенді түрде 

іздеу  байқалады,  сондықтан  артикуляцияны  іздеу  кезінде  сөйлеу  үзіліп 

қалады,  жатық  болмайды.  Аффрикаттар  өзінің  құрылымдағы  бөліктеріне 

ыдырап  айтылады,  саңылау  дыбыстар  жабысыңқы,  шұғыл  дауыссыз 

дыбыстармен алмасады, дауыссыздар қатар келгенде бір дыбыс түсіп қалады. 

Қорытынды: 

1.  ми қыртысындағы моторлы бөлімдердің бұзылуында жалпы сөйлеу  

тілінің баяулауы көрініс алады; 

2.  сөйлеу тілінің жатықтығы бұзылады, сөз арасында тоқтап қалу, әсіресе  

дауссыз дыбыстардың қатар келгенінде; 

3.  дауыссыз дыбыстардың күнгірт, қатал айтылуы; 




 

119 


4.  сөзге қосымша дыбыс қосу; 

5.  қатты дауыстап сөйлеу. 

 

 

Балалардың церебральді сал ауыруы (БЦСА) 

 

Балалардың  церебральді  сал  ауыруы  (БЦСА)  онтогенездің  ерте 

кезеңінде орталық мидың зақымдалуына байланысты әр түрлі симптомдарды 

біріктіретін термин. 

 БЦСА- орталық нерв жүйесінің қозғалыс бөлімдерінің зақымдануының 

салдарынан пайда болатын дамудың күрделі патологиясы. 

1958  ж.  Оксфорд  қаласында  өткен  Бүкіл  әлемдік  денсаулық  сақтау 

ұйымының (БӘДСҰ) мәжілісінде БЦСА-ға келесі анықтама берілген: «БЦСА 



–қимыл-қозғалысты  және  дене  қалпын  басқарып  тұратын  бөлімдерді 

зақымдайтын  бас  миының  үдемейтін    ауыруы.  Ол  бас  миының  дамуының 

ерте кезеңінде пайда болады»

  

Бірақ қазіргі  кезеңге дейін бұл термин туралы бірдей көзқарас жоқ. Әр елде 



әр түрлі анықтамалар береді. 

 

БЦСА-ң  негізгі  симптомы  (белгісі)  қимыл-қозғалыс  функциясының 

бұзылуы. БЦСА-ң негізгі белгісіне психикасының, естуінің, көруінің, сөйлеу 

тілінің  бұзылыстары  қосылады.  Кейбір  балаларда  тырысу  синдромдары 

байқалады.  

 

 



БЦСА-ң  себептері  көп  түрлі.  БЦСА-ң  пайда  болуына  қатысты 

факторларды үшке бөледі: пренатальді, перинатальді, постнатальді.  

Пренатальді  факторларды  үш  топқа  бөледі:  ананың  денсаулығы,  жүкті 

кездегі ауытқулар, іштегі нәрестенің дамуының бұзатын факторлар. 

Перинатальді факторларға босану кезіндегі асфиксия, туу кезінде зақымдалу 

жатады. 


Постнатальді кезеңдегі ауытқуға төмендегідей себептер әсер етуі мүмкін: 

-  бастың, сүйектің зақымдары, гематома, т.б.; 

-  инфекциялар: менингит, энцефалит, мидың абцессі; 

-  интоксикация (улану): дәрімен, мыспен, улы заттармен, т.б.; 

-  оттегінің жетіспеушілігі: туншығу, т.б.; 

-  мидың ісіктері, кисталар, гидроцефалия, т.б. 



БЦСА-ң  патогенезі.  Компьюторлық  томографиялық  зерттеуде  БЦСА-ң  әр 

түрінде  68%  балаларда  мидың  патологиялық  өзгерістері  байқалған.  Ол 

өзгерістер екі топқа бөлінеді. Бірінде жасушаның (клетканың) өзінің ерекше 

бұзылуы, екіншісі - мидың дамуының бұзылуы (дизонтогенез). 



БЦСА-ң клиникалық түрлері (классификациясы) 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет