Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы



Pdf көрінісі
бет1/75
Дата06.01.2022
өлшемі0,63 Mb.
#14909
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
Байланысты:
пунктуация



Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі (пунктуация) 

 

 

(Оқу-əдістемелік құралы) 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Алматы 2011 

 



 

 



Алғы сөз 

 

Қазақ тілі - өте бай, мағыналы, оралымды тіл, өз ішінде бірнеше саларға 

бөлінетін өзіндік қыры мен сыры көп күрделі тіл. Сондықтан да оның əрбір 

саласын өзіндік ерекшеліне сай оқыту – тіл мамандарының негізгі міндеті. 

Аталған  оқу  құралы  дайындық  факультеттерінде  оқитын  қазақ 

диаспорасы  өкілдеріне  арналған.  Дайындық  факультеттерінде  қазақ  тілін 

оқытудағы  елеулі  қиындықтардың  бірі  –тыңдаушылардың  өздері  келген 

мемлекеттің  білім  беру  жүйесіндегі  қабылданған  графикаға  байланысты 

əртүрлі  жазуды  меңгеріп  келуі.  Мəселен,  Қытайдағы  қазақ  диаспорасы 

А.Байтұрсынұлы  негізін  қалаған  араб  əліпбиіне  негізделген  төте  жазуды 

пайдаланса,  Ресей  мен  Моңғолияда  тұратын  қазақтар  кириллицаны, 

еуропалық қазақтар латын жазуына негізделген əліпбиді қолданады. Осыған 

сəйкес  қазақ  тілінің  грамматикасы  да  əртүрлі  оқытылады.  Сондықтан 

дайындық 

факультетінің 

оқытушыларының 

мақсаты 

оқу 


бағдарламаларындағы  сəйкессіздіктерді  анықтап,  тыңдаушылардың  ЖОО-ға 

түсудегі  кедергілерді  жою  болып  табылады.  Бұл  тұрғыда  Қазақстан 

Республикасы  Тіл  туралы  заңында:  «Қазақстан  Республикасындағы  барша 

азаматтардың мемлекеттік тілді еркін жəне тегін меңгеруіне қажетті барлық 

ұйымдастырушылық  материалдық-техникалық  жағдайларды  жасауға,  қазақ 

диаспорасына  ана  тілін  сақтауы  жəне  дамытуы  үшін  көмек  көрсетуге 

міндетті,»- деп жазылған. 

Оқу  құралының  негізгі  мақсаты  –  тыңдаушылардың  өз  ойларын  дұрыс 

жеткізте білуге үйрету. Ол үшін қажет нəрсе - тыныс  белгісі. Тыныс белгісі 

дұрыс  қойылмаған  мəтінді  түсіну  мүмкін  емесі  ақиқат.  Тыңдаушылардың 

толық  сауатты  болуы  дұрыс  оқуға,  орфографиялық  жəне  пунктуациялық 

дағдыға, өздерінің де басқаларының да ойларын жазбаша жəне ауызекі түрде 

дұрыс  баяндап  беруіне  байланысты.  Орфографиялық  жəне  пунктуациялық 

сауаттылық тыңдаушылардың тіл мəдениетінің, ой-өрісінің, сөз байлығының 

қандай  дəрежеде  екенін  көрсетеді.  Сауаттылық  –  грамматиканың, 

орфография  мен  пунктуацияның  ережелері  мен  заңдарын  жете  білудің 

нəтижесі. Сондықтан да басты міндет – ана тілінен берілетін  грамматикалық 

білім  ережелерін  орфография,  пунктуациялық  заңдылықтарын  жете 

меңгерту, алған теориялық білімдерін іс жүзінде дұрыс қолдана білу іскерлігі 

мен дағдыларын дамыту. 

Оқу құралында əрбір тақырыптан кейін түрлі жаттығулар, тыңдаушылардың 

ой-өрісін  арттыратын  мəтіндер  мен  тапсырмалар,  пікірталастық  тақырыптар 

берілген. 

 

 



 

 

 



 

 

 




 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет