Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау


Са2+ катионына сапалық реакциялар



бет24/124
Дата22.09.2022
өлшемі1,45 Mb.
#39819
түріҚұрамы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   124
Байланысты:
ІІ. Затты сапалы рамын аны тау сапалы анализді жіктелуі

Са2+ катионына сапалық реакциялар
1. Н24 әсері
Кальций катионы күкірт қышқылымен суда нашар еритін кальций суль-фатының ақ тұнбасын түзеді:


Баяу тұндырған жағдайда ине тәріздес гипс кристалдарын – кальций суль-фатының дигидратын CaSО4 ·2Н2О түзеді:

Тұнба толық түсу үшін ерітіндіге сондай көлемде этанол қосады, таза сулы ортаға қарағанда сулы–этанолды ортада кальций сульфатының ерігішітігі азаяды. Кальций сульфаты қышқылдар мен сілтілерде ерімейді, бірақ аммоний сульфатының қанық ерітіндісінде комплексті қосылыс түзіп ериді:

Тәжірибе: Кальций тұзының ерітіндісінің 3 тамшысына 3-4 тамшы күкірт қышқылы ерітіндісін және 7-8 тамшы этил спиртін қосып тұнбаның түзілуін бақылайды. Бөлме температурасында тұнбаның түсу шапшаңдығына назар аудару керек. Түзілген тұнбаның қасиеттерін зерттеу керек.
2. Аммоний оксалаты (NH4)2C2О4 кальций Са2+ катионымен ақ түсті кристаллды тұнба береді. Тұнба суда және 2н сірке қышқылында ерімейді:
СаСl2 + (NH4)2C2О4 → СаС2О4↓ + 2NH4Cl
Са2+ + С2О42- → СаС2О4
Тәжірибе:
Сынауыққа 3 тамшы СаСl2 құйып, оған 1 тамшы сірке қышқылын қосып, ортаның рН тексереді, содан кейін 3 тамшы (NH4)2C2О4 қосады, артынша 1-2 тамшы аммиак ерітіндісін қосқанда ақ кристалл тұнба түзіледі. Байқауды қайталап, яғни сірке кышқылының орнына 6 тамшы тұз кышқылының ері-тіндісін қосып, тұнбада не байқалатынына көңіл аудару керек.
Тәжірибені жүргізу жағдайлары:
1) бастапқыда әлісіз қышқылдық ортада (рН = 5–6) сірке қышқылы қаты-сында тұндыру қажет, реакцияның соңына қарай аммиак ерітіндісін қосуға болады (рН = 7–8) ;
2) ерітіндіні қыздырады;
3) реакцияның жүруіне С2О42--ионын тотықтыратын күшті тотықтыр-ғыштар және де оксалат ионымен тұнба түзетін Mg2+, Ва2+, Sr2+ иондары кедергі келтіреді.
Mg2+, Ва2+, Sr2+ катиондары да аммоний оксалатымен (NH4)2C2О4 ақ крис-талды тұнба береді, бірақ бұл қосылыстардың ерігіштігі әртүрлі. Кальций оксалаты СаС2О4↓ практика жүзінде суда және аммиак ерітіндісінде ерімейді, бірақ минералды қышқылдарда қымыздық қышқылын түзіп ериді:
СаС2О4 + 2НСl → СаСl2 + Н2С2О4
Оксалаттардың сірке қышқылында ерігіштігі де әртүрлі, барий оксалаты стронций оксалатына қарағанда сірке қышқылында жақсы ериді, ал СаС2О4↓ ерімейді. ВаС2О4, СаС2О4 және SrС2О4 күшті минерал қышқылдарда ериді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет