Ылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет100/103
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17045
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
218 
Қ
ОРЫТЫНДЫ 
 
Ғылым  тарихы  мен  философиясын  жоғарыда  атап  көрсетілген 
жағдайларды  ескере  отырып  қорытындыласақ,  ғылымның  тарихи 
дамуында білім сан жағынан ғана емес, сонымен бірге сапа жағынан да 
қоғамның даму процесінде өзгерістерге ұшырап отыратынын аңғарамыз.  
Алғашқы қауымда ғылыми білімнің алғышарттары ғана болды. Ал 
нағыз  ғылымның  өріс  алуы  еңбектің  ойлау  жігіне  қол  еңбегіне 
бөлінуімен  және  жазудың  пайда  болуымен  байланысты.  Осы  кезден 
қоғамдағы ғылымның рөлі әр кезеңде артып отырған және оның өз ішкі 
заңдылықтары қалыптасқан. 
Өзінің  бірінші  сатысында  ғылым  ең  алдымен  өндіріс  және 
практикалық  қажеттіліктерді  өтеуге  бағытталған  еді.  Екінші  сатысы 
ғылым  тариында  ХУ  ғасырдан  басталады.  Бұл  кезде  жаратылыстану 
ғылымдары  күрт  дамыды.  Сонымен  қатар  саяси  ғылымдар  мен 
философияның  да  ерекше  дамыған  кезі  еді.  Үшінші  кезеңі  ғылымның 
жан-жақты  да  күрделі  сатысын  қамтиды.  Ол  ХХ  ғасырға  сәйкес  келеді 
және  жоғарыда  атап  көрсетілгендей  ғылым  дамуының  өзара 
байланысындағы  және  сыни  бағамдау  қарым  қатынасындағы  түбегейлі 
өзгерістерін байқаймыз.  
Ғылымда  дифференцияция  шапшаң  дамуда.  Іргелі  ғылымдар 
білімнің  көптеген  бағыттарының  жиынтығы  ғана  деп  айтылуда.  Әрбір 
ғылым саласында және ішкі ғылыми салаларында өзара ықпалдасу өріс 
алып, жаңа бірлескен бағыттардың рөлі барған сайын арта түсуде.  
Тағы  бір  заңдылық  ретінде  ғылымның  белгілі  және  жүйелі 
дербестігінің  күшеюін  атаған  жөн.  Ғылым  өз  ішінен  дамудың  мол 
көздеріне  ие  болып,  жаңа  мәселелерді  өз  деңгейінде  жаңаша  шешуге 
және жан-жақты игеруге мүмкіндіктері молайды. 
ХХ  ғасырдағы  ғылым  дамуының  зор  дербестігін  салыстырмалы 
түрде  қабылдау  керек.  Ғылымдағы  алға  жылжу  практиканың  дамуына, 
өзгерістің  қажеттілігіне,  қоғамды  басқарудың  шектелуіне,  қазіргі 
жаһандану  процесінің  деңгейіне  байланысты.  Дегенмен  ғылым 
философиясы  және  ғылым  тарихы  дамуының  ішкі  заңдылықтары  мен 
логикасын естен шығармауымыз жөн. 
“Ғылым  тарихы  мен  философиясы”  пәнін  оқуды  аяқтаған  магистрант 
философиялық  білім  жүйесінде  ғылым    философиясының  орнын,  оның 
негізгі  ұғымдарын  толық  игеруі  тиіс;  эволюциялық  негізгі  дәуірінде, 
ғылымның  ерекше  белгілері;  қалыптастыру  позициясы  тұрғысынан 
ғылымнын  генезисі  туралы  түсінігі  болуға;  ғылымның  деңгейлерін, 
методологиясын,  құрылымын  түсінуге;  ғылыми  зерттеу  проблемалары 
туралы түсінігі болуға тиісті. 
 


 
 
219 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет