8
1.1 Аристотельдің жіктеуіндегі
метафизика мен физика
І ТАРАУ. ТАРИХИ ИДЕЯЛАРЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ
МЕН ҒЫЛЫМ
Әйгілі
ойшыл,
антика
философы
Аристотельдің
шығармашылығында фило-
софия тұрғысынан алғашқы рет ғылым туралы ой толық сипатталынған,
яғни философия ғылымының негізі мен оның нақты мүмкіндіктері
берілген болатын.
Адам ойының эволюциясына үлкен ықпалды ғылыми біліммен,
ғылыми пәндер жіктемесі тигізген. Логикалық әдістің түрі ретінде
жіктеме ғылыми зерттеудің типология амалының негізгі элементі болып
табылады. Ол ғылыми білімді ұйымдастырудың логикалық-әдістемелік
амалы ретінде қолданылады, бірақ оның эвристикалық мүмкіндіктері
шектеулі болып келеді. Аристотель классификациясының маңызды
қағидалары ол: бөлшектеп тұтастық сәйкестігін анықтау; жалпыламаның
артықшылығы; жіктеме элементтері арасында байланысты орнату
кезінде теориялық құрамдас бөліктеріне көбірек назар бөлу.
Итальян философтары Дж.Реале мен Д.Антисери Платон мен
Аристотельдің шығармашылықтарын салыстыра отырып, келесідей
қорытынды жасады: «Аристотельдің ғылыми рухы мен ойшылдығы ...
оны органикалық синтезбен жүйелілікке, олардың табиғатына
байланысты тақырыптар мен мәселелерді дамытуға, әр түрлі мәселелерді
шешетін әдістердің дифференциясына қарай жетеледі. Өзіне барлық
мәселелерді тартатын платондық иірілген спиралінің орнына бір тұрақты
жүйелендіру келуі тиіс еді ...»
Аристотель классификациясында барлық ғылымдар келесідей
бөлінеді: теориялық (математика, физика, психология, метафизика);
тәжірибелік (этика, саясат, экономика); продуктивті (шығармашылық,
техника, эстетика, риторика). Аристотельдің классификациясының негізі
логика мен метафизика болып табылады, олар философиялық-логикалық
алғы шарт қызметін атқарады.
Осының барлығы «Аристотель корпусы» атты трактатталарында
сипатталған. Бірінші циклі – ол логикалық: «Аналитиктер» 1-ші және 2-
ші, «Талқылау туралы», «Топика», «Софистикалық жалғандықты
әшкерелеу туралы», «Риторика» және «Категориялар» жалғастырады.
Екінші цикл – физикалық-космологиялық: «Физика», «Аспан туралы»,
«Пайда болу мен жою туралы», «Метеорологика». Үшінші цикл–
«алғашқы философия туралы» трактат – «Метафизика» (14 кітап).
Төртінші цикл – биология-психологиялық: «Жан туралы», «Жануарлар
тарихы», «Жануарлардың бөлшектері туралы», «Жануарлардың