Қылмыстық-атқару құқығы бойынша дәрістер Дәріс



Pdf көрінісі
бет14/14
Дата06.02.2023
өлшемі245,6 Kb.
#65556
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
14-15 Дәрістер 
Шет мемлекеттерінің заңнамалары әртүрлі жазалардың түрін белгілейді. АҚШ тың 
жұмыс істеп тұрған заң шығарушы жүйесінің ерекшелігі осы елдің қылмыстық және 
пенитенциарлық заңнамасын құру үшін елеулі ықпал болды. Қарастырылып жатқан 
салада ол федералды құқық ережелерінен және әр штаттың заңдарынан тұрады. 
Қылмыстарды жасағаны үшін Американдық соттар пробация, айып және түрмеге қамауға 
қолданады. Пробация институты мәні бойынша бізге белгілі шартты соттау және үкімді 
кейінге қалдыру институтына жақын, осыны орындау барысында қылмыстық іс-әрекет 
жасаған тұлға сотпен анықталып белгілі бір міндеттерді тиісті қызметке жүктеумен 
байланысты бостандықта қалады.
Бас бостандығын айыру түрінде жазаны атқару АҚШ та атқару мекемелерінде жүзеге 
асырылады, олардың жүйесіне федералды, түрмелер, штат түрмелері және жергілікті 
(округтік) түрмелер кіреді. Кәмелетке толмағандар бас бостандығынан айыру жазасын 
жастар реформатияларында немесе тәрбиелік мектептерде өтейді. 


Жапонияның қылмыстық жазалары жүйесіне ұсақ алып, айып, қылмыстық қамау
мәжбүрлі еңбексіз бас бостандығынан айыру, мәжбүрлі сотпен бас бостандығынан 
айырылу өлім жазасы кіреді. Жапониялық пенитенциялар жүйесіне тергеу түрмелері, 
қамау үйлерің, ересек қылмыскерлер үшін түрмелер, кәмелетке толмағандар үшін, 
түрмелер 
кіреді. 
Жапонияның 
пенитенциярлық 
жүйесінің 
сипаты 
ретінде 
сотталушыларды топтастыруға негізделген бас бостандығын айыруға сотталынғандарды 
дамытып жекелеу. 
Ұлыбританияда бас бостандығынан айыру мен байланысты емес негізгі әсер ету 
шаралары болып жазаны, айыпты қоғамға тегін қызмет көрсетуді, атқаруды шартты түрде 
кейінге қалдыру танылады. Ұлыбританияның пенитенциярлық жүйесі орталық және 
жергілікті түрмелерден тұрады. 1969 жылдан бастап орталық пенитенциярлық мекемелері 
үш топқа бөлінген: бас бостандығын қысқа мерзімде өтеу (он сегіз айға дейін), орта 
мерзімге(бір,бес және бес жылға), ұзақ мерзімге (бес жылдан астам). Орталық түрмелер 
ашық және жабық типтегі мекемелерге бөлінеді. Сотталушыларды ұстау жөніндегі 
бірқатар халықаралық құжаттар бар. Олардың біразы БҰҰ аясында әзірленеді, қалғандары 
әртүрлі аймақтық жүйелерге сәйкес жасалады. Көпшілігі мазмұны бойынша сәйкес келеді. 
Сотталушыларды ұстау жөніндегі БҰҰ қабылданған Халықаралық актілер жүйесіне 
келесідей Халықаралық актілер кіреді: жалпы сипаттағы адамдар актісі(1971ж); Адам 
құқығы жалпы декларациясы (1948ж); Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі 
Халықаралық акт (1966ж); Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі 
БҰҰ декларациясы(1963ж); Негізгі діни немесе сенімдер негізінде және кемсітушіліктің 
барлық нысандарын жою жөніндегі декларациясы (1981ж). 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет