Имашева турсынай бахытжановна



бет34/34
Дата23.09.2023
өлшемі6,21 Mb.
#110020
түріДиссертация
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
ҚОСЫМША Д

Бақылау жұмысы


Студенттердің өзін-өзі кәсіби дамыту саласында білімдері мен біліктерінің қалыптасқандығын анықтауға; студенттер үшін жоғары оқу орнында өзін-өзі кәсіби дамытудың және кәсіби тұрғыда әлеуметтік педагог болудың мәнін айқындауға; студенттердің өзін-өзі кәсіби дамытуын жобалап, өзін-өзі кәсіби дамыту бойынша жүйелі әрекеттерді жүзеге асыру қабілетін анықтауға бағытталған.



  1. «Даму» және «өзін-өзі дамыту» түсініктерінің астарында не бар, Сіз қалай ойлайсыз?

  2. «Өзін-өзі кәсіби дамыту» түсінігін Сіз қалай түсінесіз?

  3. Сіздің ойыңызша, болашақ маманның өзін-өзі кәсіби дамытуына қандай жағдайлар немесе факторлар әсер етуі мүмкін? Олардың жағымды да, кері де әсерін сипаттаңызшы.

  4. Сіз қалай ойлайсыз, мамандарды жоғары оқу орнында даярлау кезінде-ақ өзін-өзі кәсіби дамытуды қалыптастырудың мәні қандай? Бұл қасиет жеке Сіз үшін және Сізге болашақ маман үшін қаншалықты құнды?

  5. «Болашақ әлеуметтік педагогтың өзін-өзі кәсіби дамытуы» және «әлеуметтік педагогтың өзін-өзі кәсіби дамытуы» түсініктерінің мәнін Сіз қалай түсінесіз?

  6. Әлеуметтік педагогтың кәсіби қалыптасуы кезінде өзін-өзін кәсіби дамытуына Сіз қандай мән бересіз?

  7. Болашақ әлеуметтік маманның өзін-өзі кәсіби дамытуда оқытушыларр мен студенттердің ролін анықтап көріңізші.

  8. Сіздің ойыңызша болашақ әлеуметтік педагог пен қазірдің өзінде еңбек етіп бастаған әлеуметтік педагог қандай жолмен, қандай әдістердің көмегімен өзін-өзін кәсіби дамыта алады?

  9. Сіз өзіңіздің өзін-өзі кәсіби дамытуыңыз бойынша қандай әрекеттер жасаудасыз?

  10. Сіздің ойыңызша маманның өзін-өзі кәсіби дамытуына мақсат қою кезінде қандай факторлар негізгі болып табылады?

  11. Сіз өз алдыңызға өзін-өзі кәсіби дамыту мақсатымен бірге қандай міндеттер қоясыз?

  12. Сіз жетіспейтін ақпаратты іздеу, кәсіби білімді, икем мен машықтары арттыру қажеттілігін сезінесіз бе? Бұл мәселені қалай шешесіз?

  13. Қалай ойлайсыз, Сізде өзін-өзі кәсіби дамытуды жобалай алу мен өзін-өзі кәсіби дамыту бойынша әрекеттер жүйесін жүзеге асыра алу қаншалықты қалыптасқан? Ол үшін Сіз не істейсіз?

  14. Сізде өзін-өзі кәсіби дамыту процесі кезінде қандай қиындықтар туындайды?

  15. Сіз өзіңіз үшін өзін-өзі кәсіби дамытудың қажеттілігін және оның Сізге болашақ маман ретінде керек екенін сезінесіз бе?

  16. Сізге өзін-өзі кәсіби дамыту туралы қосымша ақпарат керек пе? Не туралы кеңірек білгіңіз келеді?

  17. Студенттерді даярлаудағы жұмысын, оның ішінде, студенттерді өзін-өзі кәсіби дамытуына басымдық бере отырып, жоғары оқу орнының жұмысын бағалаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет