Ауыл мектептерінде
Қала мектептерінде
1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, қауіпсіздік
техникасы ережелері, санитарлық-гигиеналық
талаптар және еңбек қауіпсіздігі.
2. Тағам әзірлеу технологиясы.
3.
Маталармен танысу. Мата өңдеу технология-
1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау,
қауіпсіздік техникасы ережелері,
санитарлық-гигиеналық талаптар және
еңбек қауіпсіздігі.
2. Тағам әзірлеу технологиясы.
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
125
сы. Тігін машинасымен жұмыс жасау. Киімді
жобалау, дайындау және көркем әшекейлеу
(белдемше,
3. Маталармен танысу. Мата өңдеу
технологиясы. Тігін машинасымен
жұмыс жасау. Киімді жобалау, дайын-
дау және,
шалбар). Мата түрлерімен танысу. Киімді күту.
Машинатану элементтері.
4. Сәндік қолданбалы өнер элементтерімен
көркем материалдарды өңдеу технологиясы.
5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік.
6. Тұрғын үйдің ішкі көрінісі.
7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас
гигиенасы.
8. Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру.
технологиясы.
9. Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар. Көкө-
ніс өсіру – өсімдік шаруашылығының бір
саласы.
10. Жоба.
11. Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы.
көркем әшекейлеу (белдемше шалбар).
Мата түрлерімен танысу. Киімді күту.
Машинатану элементтері.
4. Сәндік қолданбалы өнерінің
элементерімен көркем материалдарды
өңдеу технологиясы.
5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік.
6. Тұрғын үйдің ішкі көрінісі.
7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас
гигиенасы.
8. Жоба.
9. Кәсіби қызмет ету саласының
технологиясы.
Кез келген халықтың мәдениетін алға тартушысы – халықтың қолөнері.
Сол себепті оқушылардың білімін және еңбек дағдысын қалыптастыру
мақсатында, сабақтарда халықтардың және ұлттардың мыңдаған жылдық
қолөнерін қолдануға және үйретуге көңіл аудару қажет.
«Технология» пәнінен 5-9-сыныптардың апталық оқу жүктемесі 1 сағат,
оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды.
Сызу
«Сызу» пәні негізгі орта білім беру деңгейіндегі 9-сыныпта оқытылады.
Курс ойдың аналитикалық және жасампаз компоненттерін қалыптастырып,
білім алушының кеңістіктік ой қабілетін дамытатын негізгі түпнұсқа болып
табылады.
Пәнді оқыту мақсаттары:
-
логикалық және кеңістіктік ойын дамыту;
-
геометриялық білімді негізге алып тәжірибелік жұмыс дағдыларын
дамыту;
-
еңбектену іс-әрекеті дағдыларын: ұзақ күш салуға және
интеллектуалдық жүктемеге қабілеттілікті, дербестікті және шыдамдылықты,
бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді дамыту;
-
функционалдық графикалық сауаттылығын дамыту;
-
шығармашылық әлеуетін және эстетикалық талғамдарын дамыту.
Оқыту міндеттері:
-
бір, екі және үш проекция жазықтығына тік бұрыштап проекциялау
негіздері туралы білімді, сызбаны (эскизді) және аксонометриялық проекциялар
мен техникалық суреттерді құру әдістері туралы білімдерін қалыптастыру;
-
әртүрлі тетікбөлшектердің және модельдердің қарапайым сызбалары мен
эскиздерін, аксонометриялық проекциялары мен техникалық суреттерін
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
126
орындауды және оқуды үйрету;
-
нәрсенің пішінін және оның құрылымдық ерекшеліктерін талдау арқылы,
онымен қоса кеңістіктік бейнені проекциялық кескіндерінен және ауызша
суреттеу арқылы ойша қайтадан жасау әдістерін пайдаланып, статикалық және
динамикалық кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту;
-
оқулық және анықтамалық материалмен өздігінше жұмыс істеуді,
Интернет-ресурстардан білім алуды үйрету;
-
кескіні бойынша нәрсені ойша өзгерту жалпы интеллектуалдық қабілетін
қалыптастыру арқылы білім алушылардың кеңістіктік ойын дамыту;
-
графикалық білімдерін жаңа жағдайларда қолдана білу, графикалық
компьютерлік бағдарламаларда қарапайым сызба құруды үйрету.
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын
дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын
музыка өнері туындылары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында
орындалады.
Бағдарлама міндетті графикалық жұмыстардың тізімін қамтиды, ол негізгі
білік, дағдыларды анықтауға бағдар береді.
Нәрсенің пішінін талдау дағдыларын қалыптастыруға, яғни проекция
жазықтықтарына кескіндеуге, пайда болған кескіндерді талдауға, геометриялық
денелерді, тетік бөлшектерді тануды қамтамасыз ететін жеке белгілерін
анықтауға алғашқы сабақтан бастап ерекше назар аудару қерек.
Графикалық жұмыстың өнімсіз элементтерін болғызбауға тырысу керек
(мысалы, есеп шартын және дайын сызбаларды көшіріп сызу). Тапсырмаларды
орындау үшін пішімі А4 (торкөз) жұмыс дәптерін пайдаланған дұрыс.
Салуларды орындауда білім алушылардың белгілі бір іс-әрекет алгоритмін
қалыптастыруын көздеу қажет. Бұл сызбаны тексеру кезінде де өзекті мәселе
болып табылады.
Оқу уақытының көбі практикалық жұмыс орындауға бөлінуі қажет.
Міндетті графикалық жұмыстардан тыс сызу пәні сабақтарында түрлі
графикалық есептерді қолданған дұрыс. Білім алушылардың танымдық
қызметін жандандыру оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануымен және
сабақтың әдістемелік қамтылуымен жүзеге асады
Сызуға оқыту барысында әр білім алушының өзіне тән ерекшеліктерін
(дарындылығын, ойлау қабілетін, жеке мүддесін) есепке алып, оқушылардың
интеллектуалдық даму деңгейін біртіндеп көтеруге болады. Түрлі оқу
құралдарын
кеңінен
пайдалану
ұсынылады
(карточка-тапсырмалар,
анықтамалықтар, плакаттар, кестелер, модельдер, тетік бөлшектер жиынтығы
және ақпараттық технологиялық құралдар).
Қазіргі қоғамның ақпараттандырылу жағдайына сай «Сызу» пәнінің аса
маңызды бағыты ол білім алушылардың компьютерлік графикалық
сауаттылығын қалыптастыру болып табылады (мектептің мүмкіндігіне қарай,
жергілікті жағдайға лайықты компьютерлік бағдарламаны оқытуға болады).
Үй тапсырмасын тұжырымдау барысында келесі жағдайларды ескеру
қажет:
1) орындалуының түрлілігімен ерекшеленетін шығармашылық,
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
127
эксперименттік, проблемалық сипаттағы есептерді, тапсырмаларды және
жаттығуларды кеңінен қолдану;
2) оқушыларды өздерінің оқу әрекеті нәтижелеріне талдау жасауға
бағыттайтын элементтері бар үй тапсырмаларын енгізу;
3) үй тапсырмасын анықтау барысында оқушылардың жеке және жас
ерекшелігін ескеру.
«Сызу» пәні бойынша апталық оқу жүктемесі – 2 сағат, оқу жылында
барлығы 68 сағатты құрайды.
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Дене шынықтыру
«Дене шынықтыру» оқу пәні – бұл дене шынықтыру қызметі,
оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.
Пәнді оқыту тұлғаны қалыптастыру, адамның танымдық белсенділігінің
дамуына бағытталған. Оқу бағдарламасының мазмұны оқушы, қоғам мен жанұя
сұраныстарын ескере, қазіргі педагогикалық ғылым жетістіктерін айқындайды
Оқыту мақсаты:
-
өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін және қимыл-
қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін
қалыптастыру;
-
физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын;
-
салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын
шығармашылық жолмен қолдану.
Оқыту міндеттері:
-
денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және
негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;
-
дамыту және сауықтыру бағытындағы дене жаттығулары, базалық
спорт түрлерінің іс-қимыл әдістері мен техникасы арқылы қимылдық
тәжірибені байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру;
-
дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы
және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;
-
өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен
нығайту қажеттілігін қалыптастыруға тәрбиелеу;
-
тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде
ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.
Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім»
(ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру» (әрекеттік компонент).
«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұнында адамның таным
белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктері және қауіпсіздік техникасын
қадағалау мен талап етудің ережелері берілсе, «Денені жетілдіру» бөлімінде
оқушылардың дене дайындығын арттыруға бағытталған және жалпы дене
шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары туралы мәліметтер берілген.
Дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары ретінде бағдарламаға
айқындалған маңызы бар базалық спорт түрлерінен (жүзу, шаңғымен жарысу,
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
128
спорттық ойындар, жеңіл атлетика, акробатика элементтерімен гимнастика)
дене шынықтыру жаттығулары мен қозғалыс әрекеттері берілген.
Қазақстандағы дене шынықтыру туралы тарихи ерекшеліктерді ашатын
«Ұлттық ойындар» тақырыбы енгізілді.
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын
дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын
музыка өнері туындылары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында
орындалады.
Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:
-
мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс
дағдысына байланысты ұсынылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын өзінің
материалдарымен толықтыруға (оқушыларға қойылатын негізгі талаптарды
жүзеге асыру барысында) құқылы;
-
«Гимнастика» тарауын («Жалпы дамытатын жаттығулар» және «Ырғақты
гимнастика» бөлімдерін) меңгертуде қатаң тәртіпті сақтау міндетті емес;
-
мұғалім апта кестесіндегі сабақ санына сәйкес балалардың даярлығы мен
сабақтың нақты жағдайына қарай өз жұмысын ұйымдастырады;
-
оқушылардың тактикалық ойлауын дамытуға, дене қасиеттерін
тәрбиелеуге әсерін ескере отырып, ең оңтайлы қозғалыс ойындарының
мазмұны болуы қажет;
-
оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау-
сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс;
-
дене шынықтыру сабақтарының тиімділігі екі параметр бойынша
бағаланады: а) жекелеген бақылау нормативтерінің нәтижелері; ә) мұғалімнің
таңдауы бойынша (Президент сынамалары нормативтерін орындау
нәтижелері).
«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды
толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында
оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің
шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс
дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-
қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.
Оқу жылы ішінде 4 реттен кем емес жалпы мектептік «Денсаулық күні»
өткізіледі және каникул кезінде ұйымдастырылады.
«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу
медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске
асырылады.
Оқушылардың дене шынықтыру бойынша үй тапсырмасын орындаулары
оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі болып саналады. Дұрыс
ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы сабақта алынған білімді бекітуге
және тереңдетуге, сабақта қарастырылған тақырыптарға қызығушылықтарын
қалыптастыруға (қозғалыстарды қайталау, гимнастика жасау және т.б.)
мүмкіндік береді. Үй тапсырмасын тұжырымдау барысында оқушылардың
жеке және жас ерекшеліктерін ескеру қажет.
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
129
бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-
практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың
сайтына орналастырған (www.nnpcfk.kz).
«
ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу
жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы
№500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 25 шілдедегі
№296 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Дене шынықтыру»
пәні бойынша 5-9-сыныптарда оқу жүктемесінің көлемі:
5-
сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;
6-
сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;
7-
сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;
8-
сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;
9-
сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды.
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
130
5
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Қазақ тілі (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)
Тіл - «Мәңгілік Ел» идеясының басты негізі. Ана тіліңді құрметтеу -
ұлттық намысты ояту мен жаңғыртудың көзі. Арнайы оқытуды талап ететін
қағидалар мен ережелер – білім алушылардың тілге саналы көзқарасы мен
жауапкершілігін қалыптастырады. Келешекте тілдің иесі болатын жастардың
тілдік сезімін күшейту, әсіресе, қазіргідей жаһандану өріс алған қоғамда
өткірлене түсуде.
Дәл бүгінгі таңда жаһандану дәуірінің ұлттық құндылықтарға төндіріп
тұрған қаупі үнемі қаперде болуы ескеріліп, бүкіл ұлттық құндылықтардың
ұйытқысы қазақ тілін оқытуда басшылыққа алынған тенденциялары, оларды
жүзеге асыру жолдары мен тірек қағидалары мыналар:
1) қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте қарау;
2) тілді оқытуды белгілі бір пәндік дағдыларға емес, білім алушының
тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау;
3) тілдік білім мен біліктерді ХХІ ғасыр адамының бойында сөйлеу
мәдениетін, ойлау мәдениетін және адамгершілік мәдениетті қатар дамытуға,
қарым-қатынас мәдениетін бейімдеп, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру;
4)
тілді ұлт болашағының мәдени иммунитетін қалыптастырудың тетігі
ретінде оқыту. Тілге деген жауапкершілік пен патриотизмді тәрбиелеуге жаңа
прагматикалық көзқарас тұрғысынан келу, тілді оқытудың құндылықтық
бағдарын сабақ барысында күшейту.
Тілді оқытуда жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығын
қалыптастыруға басымдылық беру . Тілдік білімді оқушының сөйлеу тілінің
базасы ретінде меңгерту және тәжірибелік машықтарды қалыптастыру
бағытында жетілдіру.
Қазақ тілін оқытуда білім мен ғылымның интеграциясын жүзеге асыру
жолы – «Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұнын қазақ тіл білімінің дамуына
сәйкестендіру арқылы тілді ғаламның бір бөлшегі ретінде таныту, тілді
оқытуды Тарих – Білім – Мәдениет үштағанына негіздеу.
Қазақ тілі – мектепте оқытылатын барлық пәндердің, ғылымның кілті.
Ғаламды танытып отырған барлық ғылым табыстары қазақ тілі пәнінде
жаттығу мәтіні ретінде берілуі тиіс.
10-11-
сыныптарда оқу процесінде Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген
(ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393
бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген):
-
жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-
11-
сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
қолданылады;
-
жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
131
бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу
бағдарламасы қолданылады.
Пән бойынша оқу жүктемесі:
-
қоғамдық-гуманитарлық бағыт:
10-
сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
11-
сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
-
жаратылыстану-математикалық бағыт:
10-
сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
11-
сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
Әрбір тоқсанда алынатын бақылау жұмысының (тест, диктант, т.б.) саны
сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.
Қазақ тіліндегі жазба жұмыстарының негізгі мақсаты – дұрыс, сауатты
жазуға, оқушының ауызша және жазбаша ойын, грамматикасын және
стилистикасы жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету. Мұғалім
оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда граматикалық
ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп, көркем
әдебиетті көп оқуға бағыт беріп, оның үлгісін көрсетіп отыруы тиіс. Әр мұғалім
жазба жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол
оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білгенін
ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасау болып табылады.
Жазба жұмысына (диктант) қойылатын талаптар
27-
кесте. 10-11- сыныптарда ұсынылатын жазба жұмыстарының саны
Сын
ыптар
Жазба жұмыстар
түрлері
Оқу тоқсандары
Барлығы
І
І
І
ІІ
І
Ү
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
10
Диктант
2
2
2
8
11
Диктант
2
2
2
8
Жаратылыстану-математикалық бағыт
10
Диктант
1
1
1
4
11
Диктант
1
1
1
4
Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді:
-
«5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0)
немесе тыныс белгісінен 1 қатесі (0/1);
-
«4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі (3/3) бар немесе
емледен 2, тыныс белгісінен 4 (2/4), емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі (1/5)
бар, емледен бір типті 4 қатесі(4/0);
-
«3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі (6/5) бар немесе
емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате (5/6) бар немесе емледен 3, тыныс
белгісінен 8 қатесі (3/8);
-
«2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі (9/5) бар немесе
емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі (8/9).
Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар
аударылады. Егер қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
132
түбірінде қайталанса, онда ол бір қатеге саналады. Бір типті немесе біртекті
қателер дегеніміз сөздің жазылуының грамматикалық, фонетикалық
ерекшелігіне байланысты бір ережеге негізделуі. Алғашқы біртекті үш қате бір
қатеге саналады да, келесі сондай қателер дербес есептеледі.
Диктант мәтінінде 5-тен артық түзету болса, бағасы 1 балға кемітіледі. 3
және одан артық түзетулер кездескен жағдайда үздік баға қойылмайды.
Диктантқа баға қоярда түзетілгенімен, ескерілмейтін орфографиялық және
пунктуациялық қателер:
1) сөзді тасымалдауда;
2) мектеп бағдарламасына енбеген ережелер;
3) әлі меңгерілмеген ережелер;
4) арнайы жұмыс жүргізілмеген қиын сөздер.
Диктантты бағалауда қатенің сипатына мән берілген жөн. Қателердің
ішінен жеңіл қателерді яғни сауаттылық үшін аса маңызды емес қателерді
айырып алған дұрыс. Қателерді есептеу барысында екі жеңіл қате бір қатеге
есептеледі.
Жеңіл қатеге:
-
ережеге бағынбайтын сөздер;
-
автор сөзін берудегі тыныс белгілер жатады.
Ескерту: диктант мәтінінде барлық цифрлар, оның ішінде мезгіл
көрсеткіштері де сөзбен жазылады.
Диктантқа бір ғана баға қойылады. Қосымша тапсырмаларды орындағаны
үшін бағалағанда төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алу ұсынылады:
-
«5» бағасы - оқушы барлық тапсырмаларды орындағанда;
-
«4» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың 4/3 бөлігін орындағанда;
Достарыңызбен бөлісу: |