Информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану



бет26/26
Дата06.01.2022
өлшемі130,74 Kb.
#12688
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
инф

ІІІ. Дамытушылығы:

Практикалық тапсырма:



A

B

C

(A+B)/C

12

36

3




123

121

4




45

135

9




Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, интерактивті тақтадан дұрыс жауабымен тексерип, қателерін өздері тауып, дұрыстайды.

2. у=2х2+5х-10 функциясының графигін тұрғызу. Функцияның графигін салу үшін функцияның аргументін -5<х<2,5 диапазонында 0,5 қадаммен өзгертіп отырайық. Нүктелік диаграмма типін таңдаңыз.






х

у

-5

15

-4,5

8

-4

2

-3,5

-3

-3

-7

-2,5

-10

-2

-12

-1,5

-13

-1

-13

-0,5

-12

0

-10

0,5

-7

1

-3

1,5

2

2

8

2,5

15

ІV.Қорытындылау.Тест тапсырмаларын орындау.

1.Microsoft Excel дегеніміз …

А) бағдарламанатын кестелік процессор;* Б) кестелік калькулятор; С) MS Word.



2. Excel терезесі қалай аталады?

А) Excel жұмыс беті; Б) Excel кітабы;* С) Excel кестесі.



3. Excel бағдарламасындағы кестенің ең аз құрауышы… болып табылады.

А) формула; Б) кітап; С) ұяшық.*



4. Белсендіұяшық – бұл… ұяшық.

А)команданы жазуға арналған; Б) енгізу командасы орындалатын;* С) оператор.



5. Берілген деректер қатарын ажыратып көрсететін не?

А) тор; Б) аңыз;* С) тақырып.



V. Үйге тапсырма беру. 11 – бөлім.

VІ. Оқушыларды бағалау.

10-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі. Алфавит.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілі және оның негізгі элементтері, Паскаль ортасы туралы толық түсінік беру;

Дамытушылығы: Оқушыларды алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой-өрістерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білім білікті қалыптастыру

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Өткен материалды қайталау

3. Жаңа сабақты түсіндіру

4. Сабақты бекіту

5. Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталдау сұрақтары


  • Алгоритм дегеніміз не?

  • Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?

  • Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

  • Тармақталу алгоритм дегеніміз не ?

Жаңа сабақты түсіндіру

Паскаль тілін 1968-1971 жылдары Швейцарияда профессор Никлаус Вирт оқып-үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды.

Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады.

Паскаль тілінің негізгі элементтері

Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программада әрбір жолдан кейін нүктелі үтір (;) қойылады.

Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.

Кез-келген программа Program сөзінен басталып, оның тақырыбы жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі.

Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі – болып табылады.

Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соңend түйінді сөзімен аяқталады.



Тілдің алфавиті

Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер (символдар) жатады.

Тіл ерекшіліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:

-атаулар (идентификатор);

-цифрлар;

-айыру белгілері;

-арнайы символдар.

Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады.

Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.

Арифметикалық амал белгілері:

(+) – қосу; (-) –азайту;

(*) – көбейту; (/) – бөлу.

DIV – және (логикалық көбейту) операциясы;

MOD – қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының

нәтижесі 1;

Логикалық амал белгілері:

AND – және (логикалық көбейту) операциясы;

OR – немесе (логикалық қосу) операциясы;

NOT – емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;

XOR – арифметикалық немесе амалы;

SHL – биттер (1 мен 0-дер)тіркесін солға ығыстыру;

SHR – биттер (1 мен 0-дер)тіркесін оңға ығыстыру;

Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER (келесі жолға көшу) пернесін басу белгісі және түсініктемелер жатады.

Сонымен айыру белгілері: ____ (бос орын);, (үтір);. (нүкте);: (қос нүкте);; (нүктелі үтір); ` (апостроф); (;); [;]; {;}.

Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: = (тең), <>(тең емес), < (кіші), >(үлкен), <= (кіші не тең), >= (үлкен не тең).

Сабақты бекіту сұрақтары


  • Паскаль тілі қай жылдардан бастап қолданыла бастады?

  • Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?

  • DIV, MOD айырмашылығы қандай?

  • АІТ + Ғ5 пернесі қандай қызмет атқарады?

  • Айыру белгілерін ата?

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі. Алфавит.

Сыныптан тыс жұмыстар

6 – сынып оқушылары арасында

Тақырыбы: «Ғажайып жетілік» танымдық білім сайысы

Мақсаты:

Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыруда сыныптан тыс жұмыстың маңызы зор. Білім сайыстарында оқушылардың есте сақтау қабілеті дамып, ойын еркін жеткізуге, қарсыласын сыйлай білуге, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.



Көрнекілігі: интерактивті тақта

Сайысқа 6а, б – сынып оқушыларының ішінен ең білімді де көңілді, тапқыр информатиктерден 6 оқушы қатысады.

Армысыңдар, бүгінгі «Ғажайып жетілік» танымдық білім сайыс сабағымызға жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайысқа қош келдіңіздер!

Құтқарып ауыр бейнеттен

Техниканы үйреткен

Роботтай –адамды

Тіл бітіріп сөйлеткен

Компьютер емей немене

Білмегенді білдірген

Өлшеп киім кигізген

Барлық істі атқарып

Пайдасын елге тигізген

Компьютер емей немене

Бәріңіз маған қараңыз!

Ойынымызды бастайық

Алуан түрлі ойларды

Ортамызға тастайық.

Информатика пәнінен

Көрсетіп біздер батырлық

Ой толғалық жүйелі

Таңдайымызға татырлық

Әділ қазыларды таныстыру.



І. «Ғажайып жетілік» танымдық білім сайысының шарттарымен таныстыру

1- кезең. Қатысушылар өздерін таныстырады.

2- кезең. “Жұмбақтар әлемі”

3- кезең. “Белгісіз ғажайып”

4- кезең. “Ғажайып ұяшық”

5- кезең. “Ғажайып жетілік”

2- кезең. “Жұмбақтар әлемі”

Әр сұраққа жауап берген оқушы 10 ұпай беріледі.

1.Сол санның өзі шығады

Санды оған бөлуге болмайтынын

Математиктер ұғады.

Көп адамдар сол санға

Шекесінен қараған

Сан өсін қақ бөлуге

Сол саныңыз жараған (нөл)

2. Бүтін сан, бөлшек сандар

Барлығы да бар онда

Бұл қандай сан айтыңдаршы

Оң, теріс сан бәрі осында (нақты сандар)

3. Ақпартты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді.
Егер білсең айта қойшы,
Бұл қандай құрылғы. (сканер)

4. Бірдей санды бірнеше рет,

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады? (дәреже)

5. Өнім кіші жүз болса,

Берекенің қашқаны.

Өнім артық жүз болса,

Істің алға басқаны. (пайыз)

6. Ұзынтұра жалқаубек, 


Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. Бос орын пернесі (пробел)

3- кезең. “Белгісіз ғажайып”

Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және көп операторлар атауларын табар екен? Бұл жерде 12 оператор жасырылған (BEGIN, ELSE, END, FOR, IF, READ, REPEAT, THEN, WHILE, WRITE, CHAR, REAL) 3-минут беріледі.Әр жазған оператор 10 ұпайдан есептеледі



4- кезең. “Ғажайып ұяшық”

Ұпайы аз оқушы ұяшық таңдайды.



Сары(10,20,30,40), қызыл(10,20,30,40), жасыл(10,20,30,40) ұяшықтарын таңдау арқылы, информатика пәні бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы ұпайларын алады.



5- кезең. “Ғажайып жетілік”

Суреттің жартысы жасырылып көрсетілген, суреттің атауын табу керек. Дұрыс тапқан оқушы 10 ұпайдан алады. 7-тапсырма жасырылған.

«Ғажайып жетілік» танымдық білім сайысында І,ІІ,ІІІ орындар беріледі. Оқушылардың жинаған ұпайлары бойынша қорытындылау әділқазыларға беріледі.

9-сынып оқушылары арасында

Тақырыбы: «Информатика әлемінде» сайысы.

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін нығайту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа, топпен жұмыс істейге, өз ойын ашық айтуға және мәдени түрде жеткізе білуге үйрету.

Сайысқа 6а, б – сынып оқушыларының ішінен ең білімді де көңілді, тапқыр информатиктер қатысады. 5 оқушыдан екі топқа бөлінеді. Әділқазылармен таныстыру.Топ басшылары келіп нөмерлерін алады. 1-ші нөмерді алған топ бастайды. Әр сұраққа жауап берген оқушы 1 ұпайдан жинайды.



І. Таныстыру.

ІІ. Капитандар жарысы «Ауыстырмақ»

ІІІ. «Ойшылдар»сайысы

ІV. «Жұбын тап»

V. «Сөз зергері»

VІ. «Кім жылдам?»

VІІ. «Сен маған – мен саған»

VІІІ. «Көңілді сабақ»

ІХ. «Құпия сандық»

Х. Қорытындылау.

ІІ. Капитандар жарысы «Ауыстырмақ» сайыстың шарты бойынша орны ауысқан сөздерден дұрыс сөз құрастыру қажет.

ІІІ. «Ойшылдар»сайысы. Операторлардың қазақша атауы берілген, Паскаль программалау тілінде, яғни латынша айтылуы.

ІV. «Жұбын тап». Екі бағанда тұрған сөздердің жұбын тауып, айтыңдар.

V. «Сөз зергері» Конверттерге информатика пәні бойынша бір термин-сөздер салынған. Қазір осы конверттердің ішінен бір сөзді таңдап аламыз да, сол сөздің құрамына кіретін әріптерден бірнеше сөздер жасап шығулары қажет.

VІ. «Кім жылдам?» Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және көп операторлар атауларын табар екен? Бұл жерде 12 оператор жасырылған (BEGIN, ELSE, END, FOR, IF, READ, REPEAT, THEN, WHILE, WRITE, CHAR, REAL) 3-минут беріледі.

VІІ. «Сен маған – мен саған». Келесі сайысымыздың шарты бойынша топтар бір-бірімен ақпарат алмасады. Екі топ бір-біріне 2 сұрақтан қояды.

VІІІ. «Көңілді сабақ». Информатика пәніне байланысты топтар дайындап келген әзілдерін айтады.

ІХ. «Құпия сандық» Көрермендермен жұмыс. Мұнда оқушылар экраннан компьютер құрылғыларының суреттерін көріп, аталған құрылғының атқаратын қызметтерін айтады.

Х. Қорытындылау. Сайыстың соңында әділқазылар ең көп ұпай алған топ анықталып, марапатталады.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Балапанов Е., Бөрібаев Б. Информатикадан 30 сабақ. -Алматы: «Джагамбек и С», 1999.

  2. Латышев В. П. Компьютерные технологии обучения. М., МАИ, 1992.

  3. Э.Шафран. Создание WEB – страниц. Питер. 1999 г.

  4. С.В.Симоновича., Г, Евсеев., А.Алексеев. Специальная информатика: универсальный курс.-М.: АСТ-ПРЕСС;

  5. «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журналдары — 2010, 2011 ж.

  6. Глушаков С.В., Ломотько Д.В., Мельников И.В. Работа в сети Internet.-Харьков: Фолио, М.: ООО «Издательство «АСТ», 2000.

  7. Каймин В.А. Основы компьютерной технологии

  8. Основы работы с Microsoft Officeи Internet. Руководство пользовотеля. Корпорация Microsoft, 2004.

  9. Персональный компьютер: Настройка и техническая поддержка. Методическая пособие для учителей.-Алматы, 2006.

  10. Симонович С.В., Евсеев Г.А. Практическая информатика: Учебное пособие для средней школы. Универсальный курс.- М.: АСМ-ПРЕСС: Информком-Пресс, 1999.

  11. Системный администратор школьной компьютерный сети. Учебный курс для учителей информатики. Microsoft, 2005.

  12. Шафрин Ю.А. Основы Компьютерной технологии.- М.: АБФ, 1998.

  13. Юркова Т.А. при участии Ушакова Д.М. и Федоренко С.В. Информатика (практическое пособие для старшеклассников) /Под ред. Крука Е.А.-СПб: Пенаты, 1997.

  14. Қазақстан мектебі

  15. Фигурнов В.Э. ІВМР для пользователя 1995


Дугаев Е.М., Әли Г.Қ.
ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

әдістемелік құрал
Тіркеуге 12.05.2016ж. жіберілді.

Басуға 15.06.2016 ж. қол қойылды.

Пішімі 60х84/16. Қағазы офестік.
₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪

Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының баспа қызметі және қоғамдық ортамен байланыс бөлімі – Ақтөбе қаласы, Тургенева көшесі, 86 үй. Тел: 56-05-37





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет