«Инженерлік геоэкология» пәні бойынша



бет22/29
Дата02.06.2023
өлшемі0,49 Mb.
#98195
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29
Мысалдар:
«Воркутинская» шахтасында 1995 жылы 31 наурызда метан қопарылысы ондаған шахтердің өмірін қиған. Қопарылысқа 17 минут қалғанға дейін алынған ауаның сынамасы оның құрамында газ бар екенін көрсетпеген. "Зыряновская" шахтасында (Кузбасс) 1997 жылы 2 желтоқсанда болған жарылыстан 67 шахтер қайтыс болған. Донецкідегі Скочинский атындағы шахтада 1100-1200 м тереңдікте осындай аппаттан 63 шахтер құрбан болған.
Шахтада жарылыс свтінде 697 адам болған. Апаттың алдыңда забой қабырғаларындағы өртке қауіпті тозаңды тазартып үлгеру басқа шахтерлардың тірі калуьна септігін тигізген.
Түркияньң көмір шахталарының бірінде, Зонгулак ауданында, 350 м тереңдікте кеніш газының жарылуы салдарынан 98 шахтер мерт болып, 300 жұмысшы ауыр жараланған. Зонгулак шахтасында 40 жыл ішнде ажал үш адамның өмірін қиған.
Техногендік газдар тотығу процестері мен көмір үйінділеріндегі таужыныстардың өз бетімен жануы нәтижесінде карқындылықпен бөлінеді. Барлык көмір шахталарындағы таужыныстар үйінділерінен Жер атмосферасына жыл сайын 175 млн тонна СО, 23 млн тонна СО, 2 млн тонна SO2, 0,9 млн тонна H^S және 0,3 млн тонна NO бөлінеді. Кузбаста 1980-ші жыдлардьщ ортасында 174 көмір уйінділерінің 38 уйіндісі жанып жатқан. Бір орташа үйінді жыльна: 620-1280 тонна SO 11-30 тонна NO; 330-500 тонна СО, 230-290 тонна HS бөледі. Үйінділер маңындағы аумақтарда 2 км қашықтықтағы газдың ШЖК-(шекті жеткілікті концентрация) мөлшерінен бірнеше есе артық болады.
Кен жұмыстарын жүргізу процесінде 1 тонна жарылғыш заттардан 40-50 м- азот тотығы бөлінеді
Атмосфера. Кен өндіретін мекемелерден, әсіресе ашық кеніштерден, тозаң тәрізді заттар өте көп мөлшерде ауаға көтеріліп, ондаған километірге тарайды. Мұндай аудандарда ауадағы тозаның концентрациясы 6 мг/м-ге жетеді. Кендіөнеркәсіпті аудандарда қалыптасатын атмотехногенд аномалиялардағы зиянды және улы элеметтер мен оларды қосылыстарының мөлшері нормадан жүздеген және мындаған еce артып, үлкен аумақтарды қамтиды.
Қазба отындарды жағу нәтижесінде жыл сайын атмосфераға 30 т жузгін бөлшектер бөліп шығады, оларды өндіріс мекемелерінен шығатын 15 млн т зиянды заттар қосылады. Химиялық заттар мен олардың косылыстар атмосфераға газ және тозаң тәрізді қатты бөлшектер түрінде бөлініп шығып, ауа ағындарымен жүздеген және мьңдага километрге таралады. Бұл газдардың көіпшілгі атмосферада жүздеген жылдар бойы сақталады.
''Электростанциялар мен өнеркәсіп мекемелері атмосфераға жыл сайын 200 млн тоннадан артык тозаң, 15 млн тоннадай SO4, 90 млн көмірсутектер, 40-50 млн тоннада NO мен NO2 бөлініп шығарады. Олардың ең көп мөлшері (50%) жылу электp станциялары (ЖЭС) шығарады, ал қалғандарын түсті (15%) және кара (9%) металлургия жылыту (9%) және машинажасау (6%) кәсіпорындары тарзтады.
Қазақстан Республикасы Меметаткомының мәліметтері бойынша (1990 ж.) жекелеген калалардағы станционар көздерден атмосфера ауасына бөлініп шығатын зиянды заттардың мөлшері (5.3 - кестеде) көрсетілген.
Өнеркәсіп мекемелерінің атмосфераға тигізетін терік ықпалын азайту үшін зиянды газ-тозаңды ұстап қалатын қондырғылар мен кұрылыстар салу, ластандыратын көздерді жою, қалдықты аз шығаратын технологияларды енгізу, зиянды металдар мен бөлініп шығатын газдардың құрамындағы заттарды пайдаға жарату, экологиялык таза отын түрлерін пайдалану керек. Осы аталган шараларды біршама қолданудың өзі, Қазақстан бойынша атмосфераның ластану деңгейін 75,7%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Бұл - қоршаған орта экологиясын жаксарту процесінің басы ғана. Көптеген калаларда атмосфера ауасының ластануы әлі де өте жоғары. Осыган байланысты экологияны жакқсартуға бағытталған шараларды комплексті және ұдайы жүргізуді шұғыл қолға алу кажет.

Станционар көздерден атмосфераға бөлініп шығатьн зиянды заттар





Атмосфераға таралған зиянды ауыр газдар мен тозаңдар жерге қайта отырып, биосфера мен гидросфераға залал жасайды.
Күкірт диоксиді, көміртек пен азот оксидтері, көмірсутектер және басқа заттар көмір мен мазут жағатын электростанциялар мен металлургия өндірістернен, автокөліктерден, сондай-ақ химия, мұнай мен газ xимия мекемелерінен көп мөлшерде бөлінеді. Химия заводтарынан 1000 тонна күкірт немесе азот қышкылын өндіргенде ауаға 20 тонна азот оксиді мен күкіртті газ бөлінеді. Астрахань газ өңдеу заводы ауданы күкірт диоксидінің жоғары концентрациялы радиусы 20 км және биіктігі 200 м алқапты қамтиды.
Фосфор заводтары ауаға құрамында фосфор қоспасы бар көміртек окисін шығарады.
Атмосфераға улы газдардың біршама мөлшер автомобиль көлігі бөледі. Автомобиль көлігі оттекті, бұл аудан аумағында бар мөлшерінен артық тұтьнады. Этилденге құрамында қоргасын қоспасы бар бензинде жұмыс жасайтын автокөлік пен қоқыс жағатьн заводтар атмосферас диоксин - өте қауіпті тұрақты органикалық қосылыс шығарады. Оны іс жүзінде жойып жіберу мүмкін емес. Адам организмінде жинақталған диоксин ауыр науқастықа әкеледі, имyндьқ және нерв жұйесін бүлдіpeдi.
Ластаушы заттар атмосфераға өндірісті технологиялардың жеткілісіздігінен және аптты жағдайла болған кезде бөлінеді. Мұнай және газ құбырларынан апатта кезінде бөлінетін жанғыш газдардың әкелетін нұсқаны орасан.
Мәселен, 1989 жылғы жазда Башқорстандағы құбырда болған газ жарылуынан екі жолаушылар поезындағы мыңға жуық адам құбан болды.
Атмосфераның антропогендік ластану маштабы өте үлкен, кейбір жағдайларда ол ауаға газ тәрізді заттардың табиғи жолмен бөліну шамасына жақындайды (5.4-кесте).



Зат

Табиғи бөліну г/жыл

Антропегенді қ бөліну, г/жыл

Озон

2х10

мардымсыз

Көмітек қостотығы
Көмітек оксиді
Күкіртті газ
Азот қосындылары
Қалқыма заттар

7х10
-
1,42х10
1,4х10
(770-2200)х10

1,5х10
2х10
7,3х10
1,5х10
(960-2615)х10

Газдар атмосфераға сұйықтардың жер бетінен булануы салдарынан бөлінеді. Егер сулар ластанған болса, олардың үстіндегі аэрация тұратын белдемінде осы ластанған судың әр түрлі интредиенттерден тұратын булану бұлты пайда болады. Бу ластанған судың құрамындағы ең жеңіл , ұшпа заттардан тұрады. Грунтқа төгілген мұнай мен мұнай өнімдері де біршама буланып, атмосфераның ауасын ластандырады. Мұнай мен мұнай өнімдерінің үстінде газ тәрізді көмірсутектер бұлты қалыптасады.


Мұнар. Мұнар немесе смог (ағылшьнша "smoke" түтін және "fog" - тұман) - цивилизацияның ең қауіпті "жетістіктнрінің" бірі. Смогтің ықпалы туралы Луис Баттан: "Екінің бірі: не адамдар ауадағы түтінді азайтады, не түтін жердегі адамдарды азайтады"- деген.
Мысалдар: Лондон тұрғындары 1257 жылы алғашқылардың бірі болып атмосфсраның "смогпен" ластану зардабын тартқан. Көптеген лондондықгар ауаның көмір тозаңымен ластануынан делсал күйге түскен. Осығап байланысты Король Эдуард I, 1276 жылы ағылшын астанасында көмір жағуға тиым салатын қатал заң кабылдауға мәжбүр болған. Осы заңды бұзған бір адамды дарға да асқан. Бірақ экономика мүддесі табиғатты қорғауды кейінгі планға ысырып тастады.
Көмір ХУІІ ғасырдан бастап қаладағы негізгі отын түріне айналып,Лонтон әлсмдсгі ең түтінді қала деген даңққа бөленген.
Айығу 1952 жылы 5 желтоқсанда басталды. Лонтон құрамында өте көп мөлшерде көмір түтіні мен күкіртті газ (5-10 мг/м-ден астам) бар қалың тұман астында қалады. Бұл жолы мұнар, жүрек ауруына шалдыққан төрт мың қала тұрғынының өміріп қиған.
Токио қаласын 1970 жылы шілде мен тамыз айында "фотохимиялық мұнар" - сүт сияқты қалың тұман орап алады. Ол күннің ультракүлгін сәулесінің ауада жиналып қалған азот оксиді, көмірсутек және күкірт қостотығы қосылыстарына әсер ету салдарынан пайда болған. Тек 18 шілде дәрігерге алты мың адам бас ауруымен, жүрек айнуымен, көздері ашып және аяқтары дірілдейтін науқаска шалдыққандығы туралы шағынып келген. 1972-1978 жылдары фотоюхимиялық мұнардан 395 токиолық тұрғындар қайтыс болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет