Инструктивно-методическое письмо об организации воспитательно-образовательного процесса



Pdf көрінісі
бет12/18
Дата15.10.2023
өлшемі1,19 Mb.
#115342
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы режимдік сәттерде 
Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумды үйрету, түрлі 
балалар әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуін 
дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, салттары мен 
дәстүрлерімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларды, 
мәдениетті қарым-қатынасты игерту ұсынылады.
Күн сайын балаларға кітаптарды оқып беру, балалардың оқылған, 
тыңдалған шығармалардан әсер алуына ықпал ету, балалардың жасына сәйкес 
тақпақтарды, өлеңдерді жаттату, кітаптардағы иллюстрацияларды көрсету және 
оларға түсініктеме беру, балалардың ойларын тыңдау, балаларға қызықты 
кітаптарды таңдау, ол үшін сыныпта балаларға арналған кітаптардан, сондай-ақ 
балаларға арналған аудио шығармалардан кітап бұрышын ұйымдастыру 
ұсынылады. Балалардың өз бетінше, балалармен бірлесіп кітаптарды қарауына, 


21 
тыңдалған шығармалардағы кейіпкерлердің әрекетін ойында қайталауға немесе 
ойдан кейіпкердің рөлін өзінше сомдауға және т.б. мүмкіндік беру маңызды.
Тиімді ұсыныс
 

кітап бұрышын жасау 

толықтыруға ата-аналарды тарту 

кітапты уақытша пайдалануға үйге беру 

буккроссинг ұйымдастыру 

сыныпта ұйымдастырылған кітап бұрышын ата-аналардың 
балалармен бірге қолдануына жағдай жасау 
Балалардың мектепте оқуға дайындығын қамтамасыз ету үшін мектепалды 
даярлық сыныбында Сауат ашу негіздері аптасына үш сағат өткізіледі. 
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің
 
қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және 
зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуді қарастырады. 
Мектепалды 
даярлық 
сыныптарында 
математика 
негіздері 
ұйымдастырылған іс-әрекеті аптасына үш сағат өткізіледі. Мектеп алды даярлық 
балалары үшін күн сайын танымдық, зерттеу әрекетін ұйымдастыруға болады. 
Мұнда математикалық ұғымдарды (заттардың түсі, көлемі, пішіні, саны, 
кеңістікте орналасуы және т.б.) бекіту үшін сәйкес сұрақтар қойып, балалардың 
жеке жауаптарын тыңдау, балалардың математика терминдерін қолданып жауап 
беруіне, заттарға өз бетінше зерттеу жүргізуіне игерген дағдыларын қолдануына 
мән беру ұсынылады.
Қоршаған ортамен танысу ұйымдастырылған іс-әрекеті аптасына екі сағат 
өткізіледі. Мұнда объектілер мен заттарды бақылау (тірі және өлі табиғат) 
зерттеу, материалдармен эксперимент жасау, педагогтің сәйкес ақпаратты оқып 
беруі, кітаптарды және иллюстрацияларды қарау, әңгімелесу, қарым-қатынас, 
ойын, еңбек және басқа да әрекеттер арқылы іске асырылады. Мұнда балалардың 
заттарды қолмен ұстап, зерттеуі, олардың қасиеттеріне талдау жасауы, заттарды 
қолдануы, туындаған сұрақтарға жауап беруі, өз бетінше сұрақтардың жауабын 
іздеуі мен табуы, алынған дағдыларды ойында қолдана алуы маңызды. 
Қоршаған ортамен танысу баланың «Мен» бейнесінің пайда болуына 
барынша ықпал етеді. Сол себепті отбасы, түрлі мамандықтар, ересектердің 
еңбегі, туған жер, Отан, отан қорғаушылар туралы және т.б. түсініктер мен 
дағдыларын, патриоттық сезімін қалыптастыру үшін балаларды қазақ халқының 
ұлттық құндылықтары, отбасылық құндылықтар арқылы тәрбиелеуге басымдық 
беру көзделеді.
Сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру аптасына бір сағат жүргізіледі, ал 
шығармашылық бейнелеу іс-әрекеті күн сайын балалардың қызығушылықтарын 
ескере отырып, ұйымдастырылады және мұнда бірнеше іс-әрекет түрі қатар 


22 
жүруі мүмкін немесе көпшілігінің қалауы бойынша барлығы бір іс-әрекет 
түрімен айналысуына болады.
Балалар айналадағы болып жатқан оқиғаларды ой елегінен өткізіп, тәжірибе 
жинақтауы және дағдыларды игеруі үшін олардың қиялын дамыту
шығармашылық қабілеттерін ашу ұсынылады, ол үшін балаларға жұмыс жасауға 
дайын үлгі беруді жиі қолданбау, бейнелеу құралдарын қолданып, бейнелерді, 
құрастыруларды өзбетінше жасауға ынталандыру, оларға еркіндік беру, 
тапсырманы шығармашылықпен орындауға баулу.
«Музыка» ұйымдастырылған іс-әрекеті мектепалды даярлық сыныптарында
аптасына екі рет білім беру ұйымының сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі. 
Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы музыканы 
тыңдау, ән айту, әндерді жаттату, импровизация, ырғақты-музыкалық қимылдар, 
балалар музыка аспаптарында ойнау және басқа да музыкалық әрекеттерге уақыт 
бөлінеді. 
Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес 
жалпы білім беретін мектептердің мектепалды даярлық сыныптарында 
оқу - тәрбиелеу процесі 1 қыркүйектен бастап 25 мамырға дейін жүзеге 
асырылады (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының 
мазмұнын меңгеру кезеңі). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет