Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
ҚБ:: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
Сараланған практикалық жұмыстар. (Т) № 1 тапсырма. 5 таңбалы санның алғашқы екі цифрынан құралған санмен соңғы үш цифрынан құралған санның қосындысын табатын программа құрастыр.
Мысалы
Нәтиже
Түсініктеме
12145
157
12 +145=157
(Д) №2 тапсырма.x, у және z айнымалылары бар өрнек берілген. Айнымалылардың кез келген мәндерінде осы өрнектің мәнін есептейтін программа құрастыр.
(Ж) №3 тапсырма: Қазақстан бидайды экспорттау бойынша (сыртқа сатудан) әлемдегі үздік ондыққа кіреді.
а) Бидайға кезекте тұрған мемлекетке m килограмм бидайды экспортқа шығаруға дайындауда. Осы бидайды тонна, центнер, килограмм арқылы өрнектейтін программа құрастыр.