Искакова Ш. Г


Ағылшын жəне қазақ тілдеріндегі жалпы есімдерге



Pdf көрінісі
бет6/179
Дата25.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#86881
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179
Байланысты:
инглиш грамматика

Ағылшын жəне қазақ тілдеріндегі жалпы есімдерге жан-
жануарлардың, заттардың, ұғымдардың, құбылыстардың, халықтардың 
жалпы атаулары жатады. Басқа сөзбен айтқанда, жалпы зат есімдерге 
тілдегі əр алуан деректі жəне дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат 
есімдер жатады. Жалпы зат есімдер жекеше жəне көпше түрлерге өзгере 
береді (ағылшын тіліндегі саналмайтын зат есімдерден басқалары). 



Мысалы, a river – өзен a town — қала rivers — өзендер towns — қалалар. 
Proper Nouns 
(Жалқы есімдер) 
Жалқы есімдер - əдетте, бір затты өзі сияқты көптеген біртектес 
заттардың арасынан ерекшелеп, жекелеп айтуға байланысты жұмсалатын 
зат есімдер болып табылады. Ағылшын жəне қазақ тілдеріндегі жалқы 
есімдер тек қана жекеше тұлғада қолданылады. Жəне оларға есептік сан 
есімдер анықтауыштық қызметте тіркесе алмайды. (Two Almaty - Екі 
Алматы немесе Six Asel - Алты Әсел деп айтуға болмайды). Ағылшын, 
қазақ 
тілдеріндегі 
жалқы 
есімдерге 
адамдардың, 
заттардың, 
құбылыстардың, жануарлардың жеке атаулары жатады.
Countable nouns 
(Саналатын зат есімдер) 
Ағылшын тілінде зат есімдер саналатын жəне саналмайтын болып 
екіге бөлінеді. Саналатын зат есімдерге санауға келетін белгілі бір орын 
мен заттардың атауы жатады. Олардың алдына a/an, the артикльдері 
қойылады. 
Мысалы, a bed - төсек, a pen — қалам, the bird - құс т.с.с. Ағылшын 
тіліндегі саналатын зат есімдер жекеше жəне көпше түрде қолданылады, 
олардың көпше түрі -s/-es жалғаулықтарының жалғануы арқылы жасалады: 
a banana - bananas, a friend - friends, a beach - beaches. Саналатын зат 
есімдермен келген етістік олардың жекеше жəне көпше түріне байланысты 
өзгереді. Мысалы: Where is my pen? Where are my pens? Саналатын зат 
есімдер сан есімдермен де қолданылады. Мысалы, two bags, three girls. 
Ескерту. Зат есімнің көпше түрінің жасалуы туралы толық 
мағлұматты зат есімнің көпше түрі тақырыбында ала аласыздар. 
Uncountable nouns 
(Саналмайтын зат есімдер) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет