Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»



бет26/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   97
ОБРАЗДАР
Орхон жырларында бір топ қағандар образы бар. Олар: Бумын, Естіми, Білге қағандар. Алғашқы екеуінің түркі қауымына иелік етуін адамзаттың жаратылысы- нан бастайды да, оларды ақылды қаған, алып батырлар дәрежесінде бейнелейді.
Қырық жеті рет аттанып, жиырма шайқас жасаған Елтерістің де есімі ерекше аталады.
Ескерткіште дербес образ дәрежесіне көтеріліп, жыр- ланғандардың бірі — Білге қаған.
Білгенің жырда қайда, қандай жорықтарға барғаны, қандай, қаншалықты ерлік көрсеткені толық суреттеледі: ол халықты жинап, ұйымдастырушы ретінде бейнеле- неді.
Жьірда Білгенің іс-әрекеттері ғана емес, көңіл-күйі де баяндалады. Ол табғаштар салған ылаң мен іріткіге ырық беріп жалған сөздің жетегінде кетіп, қырылып- жойылып бара жатқан халқына қатты назаланады.
Шығармада оның образы түркі халқының иелігін молайтқан, тұрмысын жақсартқан батырдың бірі ретін- де суреттеледі.
Жырдың соңында Білгенің түркі халқын біріктіру- дегі еткен еңбектерін, азаптарын баяндай келе, түркі








руларының үстем тап өкілдерін, бектерін жаңылғыш- тығы (кателескіштігі, ақылсыздығы), жағымпаз таккұ- марлығы үшін айыптайды.
Жырдың негізінен суреттеген кейіпкерлері тектіден шыққан батырлар болса, сонымен бірге шығармаларда «ұлдары — құл, қыздары — күң болған»; ұшарын жел, қонарын сай білген; ілгері-кейін бұлттай жөңкілген; «Қаны судай аққан», «аш-жалаңаш, жаяу-жалпы бо- сыған», титықтаған қара халықтың — жалпы бұқара- ның жиынтық образы жасалған.
Аз күн бейбіт өмірдің дәмін татып, рақатын сезген, сәл тыныстан ес жиып, көзін ашқан қарапайым халық- тың басына табан астында-ақ қаралы күн, ақыр заман орнап жатады.
Сол қорлыққа төзе алмай, шыдамы таусылған көп- шіліктің енді бір сәт бектермен айқасқа шыққанын көреміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет