Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


Ахмет Иассауидің даналық ойларының Ж.Баласағұн мен Абай шығармаларымен үндестігі



бет36/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   97
16.Ахмет Иассауидің даналық ойларының Ж.Баласағұн мен Абай шығармаларымен үндестігі

А.Иассауидің даналық ойларының Ж.Баласұғұн шығармаларымен үндестігі

А.Иассауидің даналық ойларының Абай шығармаларымен үндестігі

  • А.Йассауи да, Ж.Баласұғұн да өздерінің дастандарында этикалық-философиялық мәселелерді көтерген.




  • А.Йассауи Диуанни хикмет еңбегінде үлкен философиялық категория ретінде қанағат сезімін қарастырады. Ал Ж.Баласұғұнның Құтты білік еңбегінде Одғұрмыш бейнесінде қанағат-ынсап мәселесі көрсетіледі.




  • А.Иассауи қанағат сезімін үлкен философиялық категория ретінде қарастырады. Ол қанағатсыз адамдарды тойымсыз итке не ұлып қайтқан итке теңейді. Абай Құнанбаевта адам болып қалыптасуға қажетті 5 асыл қасиеттің бірі ретінде дәл осы – қанағат ұғымын көрсетеді.

Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой-
Бес асыл іс көнсеңіз.

  • Абай «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңінде Ахмет Иассауидің мораль философиясындағы құдайды танып білу, имандылық, , ораза, қажылық және т.б мұсылман дінінің негізгі қағида-шарттарын, парыз-қарыздарын зор білгірлікпен жырлайды.

  • Абайдың 27,28 қара сөздеріндері мен кейбір өлеңдерінде Йассауи қолданған діни атаулар мен терминдер өзгертпей қолданылған.

  • Абайда Йассауи сияқты надан адамдарды, ғибрат сөз білмейтіндерді өлтіре сынаған.






17.Ахмет Иүгінекидің «Хибатул-Хақайық» («Ақиқат сыйы») шығармасындағы мінез-құлық мәселесі
«Ақиқат сыйы» дастанында адамның мінез-құлық мәселелеріне моральдық, этикалық нормаларды жырлауға ерекше назар аударылған. Ахмет мәселесі Йүгінеки абайлап сөйлеу, тілге сақ болу әдептіліктің басты шарты деп біледі. Олөз оқырманын қысқа да нұсқа сөйлеуге, артық сөз айтпауға, сыр сақтай білуге үндейді. Ахмет Йүгінеки өз дастанында адамдарды бір-біріне мейірімді болуға, өзара көмектесіп отыруға уағыздай келіп, жомарттық пен сарандықты салыстыра жырлайды. Ақын жомарттық қасиетті адам мінезіндегі ең жарқын, ізгілікті құбылыс ретінде көкке көтере мадақтайды. Ал сарандықты ақын адам бойындағы ең жиіркенішті қасиет деп біледі. Жомарттық пен сараңдықты бір-біріне қарама-қарсы қойып суреттеу арқылы ақын «алланың нұры жауған» адамның бейнесін жасайды.
Ахмет Йүгінекидің айтуы бойынша, жомарттық тұрған жерде алынбайтын асу жоқ, жылынбайтын жүрек жоқ. Ақын жомарт жандарды жан-жүрегімен тебірене жырлайды. Дастанның авторы үшін жомарт болу - әдеттегі мінез-құлық нормасы ғана емес, жомарттық жалғыз адамның ғана емес, бүкіл қоғамның имандылығын, адамгершілігін, мейірімділігін айқын көрсететін айна деп біледі.
«Ақиқат сыйы» дастанында жомарттық пен сараңдық, қарапайымдылық пен тәкаппарлық, ұстамсыздық пен сабырлылық жайында айтылған ой-пікірлер қазақтың ақын-жыраулары поэзиясында өзінің көркемдік дәстүр жалғастығын тапқандығын біз жоғарыда айтып өттік. Дастанда сөз болатын тағы бір мәселе - «дүниенің бір қалыпта тұрмай, өзгеріп тұратындығы туралы» деуге болады. Ақын бұл өмірдің адамдар келіп, кететін керуен сарай сияқты екенін жырлап, осы өмірден бай да, кедей де, патша да, құл да тұрақ таппай, өтіп кететінін еске салады. Ахмет Йүгінеки өмірдің өзін - керуен сарайға теңейді. Өйткені тура керуен сарайдағы сияқты, өмірде де мына «жалған дүниеге» біреулер енді ғана келіп жатса, екінші біреулер тіршілікпен қоштасып, өмірден кетіп жатады. «Қатты ашуын баса білген жанға, адамдардың қатесін кешіре білген кісіге Алланың нұры жауады», - дейді ақын. Адамға құт әкелетін мінездің бірі - сабырлылық, көнбістік деген пікір айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет