Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясының тақырыптық-көркемдік сипаты



бет53/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   97
41. ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясының тақырыптық-көркемдік сипаты
М. Жармұхамедов жыраулар поэзиясыньщ даму кезеңдерін үш кезеңге бөліп қарастырған:

  • I кезең. (ХІ-ХІҮ ғасырлар) жыраулық дәстүрдің негізі қаланған ілкі

кезеңі. Кетбұға, Сыпыра жыраулардың, Қодан тайшының бізге жеткен мұралары.

  • II кезең. (ХҮ-ХҮІ ғасырлар) жыраулық поэзияның қалыптасу кезеңі. Қазтуған, Асан қайғы, Доспамбет, Шалкиіз жыраулардың шығармашылығы.

  • III кезең. (ХҮІІ-ХҮШ ғасырлар) жыраулық поэзияның неғұрлым кемелденген кезеңі. Жиембет, Тәтіқара, Үмбетей, Ақтамберді, Бұқар жыраулар шығармашылығы.

Сөз болып отырған біз білетін екінші кезеңдегі жыраулар тобынан Қазтуған мен Доспамбет шығармаларын алып қарасақ, бұларда кір жуып, кіндік кескен атамекен мен туған елге деген махаббат, отаншылдық, сезімдер үлкен серпінмен сипатталады. Жыраулар, көбінесе, кешегі мен бүгінгі өмірді, өз басынан кешкен әр алуан ерлік пен қиыншылық сәттерді өзара салыстыру арқылы ой екшегенде, олардың ел мен жерге деген әлгіндей сүйіспеншілігі де нақтылық мәнге ие болып отырады. Айталық, Қазтуған өзінің «Алаң да алаң, алаң жұрт» атты белгілі толғауында атасы Сүйініш пен анасы Бозтуғанның бірі күйеу, бірі келін болып түскен құтты қонысы – айдынды Еділін еске алып тебірене толғайды. Бұл – өз елін, өз жерін беріле сүюдің әдемі үлгісі деуге тұрарлықтай асқақ жыр.
Ал, Доспамбет толғауларында осы сүйіспендік сарын бастан кешкен өз өмірін еске түсіру түрінде келіп, өскен ел, туған жерге деген ыстық махаббатпен өріледі. Жырау өзі есейіп, ер жеткен оттай ыстық ата-мекенін сыртқы жаудан қорғаудан артық мақсат жоқ деп санап, бүкіл күреске толы өмір жолын еске ала жырлайды.
Доспамбет толғауларындағы секілді асқақ әуен, айқын мұратты сипаттау кейде жыраудың өз бейнесін өзі жасау талабымен ұштасып отырады. Мұндай құбылыс біздің әдебиетімізде бұрын-соңды ұшыраса қоймаған жәйт. Айталық, Қазтуған жырау «мұздай үлкен көбелі екі шекесін» айтумен шектеліп қалмай, өзінің «сұлтандайын жүрісті», «айдаса қойдың көсемі, сөйлесе қызыл тілдің шешені», «қашағанның ұзын құрығы, қалайылаған қасты орданың сырығы», «буыршынның бұта шайнар азуы, бидайықтың көл жайқаған жалғызы» екеніне дейін қалдырмай тәптіштеп суреттейді.
Яғни, бұл кезеңнің жыраулар поэзиясының басты тақырыбы – халықтың топтасқандығы мен бірлігі және әскери күш-қуа­тын нығайту мәселелері бол­ды. Сондай-ақ, жыраулар шығар­маларында әміршіге тіке­лей арнау да, мадақ өлеңдер де, болмыс туралы философиялық толға­ныстар да, ізгілік пен зұлымдық, жақсы мен жаман, достық пен дұшпандық туралы толғаулар молынан. Жыраулар өз туындыларын, толғауларын кейінгі ұрпақтарына мәңгілік мұра етіп қалдыру жолында көркемдігі жоғары поэзия тілімен, таптыр­мас теңеулер, жарқын метафоралар, синтаксистік жә­не психологиялық параллель­дер арқылы баяндаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет