Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет26/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

«Мүминдер  бір-бірімен  бауыр»
101
  деген  бұйрығы 
ұстаз  бен  шәкірттің  де  бір-бірімен  бауыр  екендігін 
ұқтыруда. «Мұсылмандар тұтас дене тәрізді. Бір мүшесі 
ауырғанда,  басқа  мүшелері  де  қосыла  сыздайды»
102
 
деп  хадисте  айтылғандай,  ұстаз  шәкіртінің  барлық 
қиындықтарына  бірге  жан  ауыртуы  керек.  Үнемі 
мейіріммен  қарап,  шәкіртке  дәл  әкесіндей  қамқорлық 
жасап,  оны  барлық  жамандықтардан  қорғай  білгені 
жөн. Өйткені адамзаттың дара ұстазы Пайғамбарымыз 
(с.а.с.)  бір  хадисінде:  «Мен  сіздерге  барлық  нәрсені 
үйрететін  әке  сияқтымын»
103
,  –  деу  арқылы  ұстаздар 
қауымына шәкіртке әкелік мейіріммен қарау керектігін 
аңғартқан.  Бұл  тұста  «Ұстазы  мейірлі  болса,  шәкірті 
пейілді  келер»  деген  аталы  сөзді  есте  ұстаудың  мәні 
зор. 
Үшіншісі, оқушының деңгейімен санасу. Пайғам-
барымыз бір хадисінде «Бізге, пайғамбарлар қауымына 
100
  әр-Рази, Тәфсирул-кәбир, ІІІ/48.
101
  Хұжурат, 10.
102
  Бұхари, Сахих, Әдеп, 12.
103
  Әбу Дәуіт, Сүнән, 1/18.


72
Ислам және өнеге
адамдардың деңгейімен санасу бұйырылған»
104
, – деуі 
осы  жайтты  аңғартуда.  Оқушының  қабылдау  түйсігін 
ескерместен,  я  болмаса  ұғымына  ауыр  соғатын 
мәліметтерді  үйіп-төгу  –  қайта  кері  нәтиже  беруі 
мүмкін.  Ондайда  оқушы  мұғалімнен  қашып,  түрлі 
күйзеліске де ұшырауы кәдік. Сол себепті оқушының 
қабылдау  деңгейін  анықтап,  соған  сай  сабақ  өтпеген 
жағдайда жақсы нәтижеге қол жеткізу қиын. 
Төртіншіден,  қатты  ашуланғанда  өзін  тежей 
білуі. Өйткені ашумен зекіп, ауыр сөздер айту, қағып-
жұлқу  балаға  ешқандай  пайда  бермейді.  «Керісінше, 
оқушының мұғалімге деген құрметін азайтып, қарсылық 
білдіруге дейін апаруы мүмкін. Сол себепті ұстаздықта 
ептілікті қажет ететін мәселенің бірі – оқушының на-
шар қылығын бетіне басу арқылы емес, сөзбен меңзеп, 
тұспалдап айту арқылы қойдыру»
105

Бесіншіден,  қойылған  сұрақтарға  тұшымды  жау-
ап  беріп,  білмегені  болса,  үндемеу.  Өйткені  ұстазға 
бәрін білу шарт емес. Алайда, қате жауап айту – ұят іс. 
Шағби бұл туралы «Білмеймін деу – ілімнің жартысын 
құрайды»
106
, – деген. 
Алтыншыдан, білім бергенін оқушыға міндетсімеу. 
Бұл туралы Имам Ғазали былай дейді: «Бір қиындыққа 
тап  бола  қалса,  оқушысынан  көмек  сұрайтын  кейбір 
мұғалімдер  бар.  Оқушым  алдымда  құрдай  жорғалап 
тұрса  дейді.  Егер  көмек  бермесе,  онымен  іштей  жау-
ласа  бастайды.  Осыншалықты  төмен  деңгейге  түскен 
ғалым не деген сиықсыз?!»
107
 
104
  Ғазали, Ихия, 1/57
105
  Ғазали, Ихия, 1/57.
106
  әл-Мақдиси, Адабуш-шарғия, ІІ/65
107
  Ғазали, Ихия, 1/57.


73
Адами мінез – арға сын
«Әй,  мұғалім,  оқушыны  неге  өзіңе  борышты 
қыласың?  Қайта  сен  ешкімге  берілмеген  қайтарымды 
Аллаһтан  алмайсың  ба?  Егер  оқушы  таппасаң,  осын-
шама  сауапты  қалай  иеленер  едің?!  Олай  болса,  әй, 
мұғалім, сен де өз ісіңнің қайтарымын оқушыдан емес, 
Аллаһтан күт»
108

Мұсылмандық  танымдағы  педагогикалық  ең-
бектерде  үлгілі  ұстаз  болудың  тағы  да  мынадай 
ерекшеліктері аталған: 
«Ол ең әуелі өз мамандығын бес саусақтай меңгеруі 
әрі жақсы көруі тиіс. Әр сабаққа дайындықпен сергек 
күйде  келіп,  шәкірттеріне  жаңа  нәрсе  үйретуге  тал-
пынуы  керек.  Пәнге  аса  бір  ыждаһаттылық  танытып, 
үнемі шәкірттеріне болашаққа деген үміт бергені жөн. 
Өзінен жалықтырып алмай, анық білген нәрселерін ғана 
айтқаны дұрыс. Өзінің материалды жағдайына қанағат 
етіп, ұстаздық беделіне нұқсан келтіретіндей жағымсыз 
әрекеттерге бармауы тиіс. Қашанда өзгелерге үлгі бола-
тын кішіпейіл, кеңпейіл, сабырлы, байыпты қалпынан 
танбай,  шәкірттерін  жақсы  көріп,  пәнді  барынша  ма-
хаббатпен үйретуі қажет»
109

Мұсылман  ғалымдар  шәкірттің  де  ұстазға  деген 
бірқатар әдептерін анықтаған. «Әуелгісі, ілім алуға ни-
еттенген шәкірт соған дайындық ретінде бойын барлық 
жаман  қылықтардан  тазартуы  керек.  Бұл  оның  ілімге 
деген құрметі болып табылады. Екіншіден, науқастың 
дәрігерді тыңдап, айтқандарын бұлжытпай орындағаны 
секілді шәкірт те ғылымның «шипасын» өзіне қабылдау 
үшін  ұстазын  мұқият  тыңдауы  қажет.  Бұл  тұрғыда 
шәкірт  жауған  жылы  жауынды  өзіне  тез  сіңірген 
108
  Ғазали, Ихия, 1/56.
109
   В. Йылдыз. Ирфан ордусу. Измир. 1993. 25-35 бб.


74
Ислам және өнеге
топырақ секілді ұстазының ақыл-кеңестерін дереу жа-
дына тоқып, үйреткендерін қағып алуы керек»
110

Үшіншісі,  ұстазға  үнемі  сыпайылық,  кіші-
пейілдік  таныту.  Білетіндер  мен  білмейтіндердің 
айырмашылығы  жер  мен  көктей  екендігі  Құранда 
ескертілгендіктен
111
 әрі «беруші қолдың алушы қолдан 
жоғары  тұратындығы»  хадисте  айтылғандықтан, 
білім  алушы  білім  берушінің  дәрежесін  жоғары 
бағалап,  ұстазын  сыйлауы  тиіс
112
.
 
Бұған  қоса,  ілімді 
құрметтемеген,  ұстазын  қадір  тұтпаған  шәкірттің 
тиянақты  ғылымға  қол  жеткізе  алмайтындығы,  қол 
жеткізсе де, тиісінше кәдеге асыра алмайтындығы да 
айтылады
113
.
Үнемі  біреудің  қас-қабағын  бақылау  оңай  емес, 
әрине.  Бұл  үлкен  сабырлылықты  талап  етеді.  Алайда 
шәкірт  өз  мұратына  жету  үшін  бұған  шын  ниетімен 
көнуі тиіс. Ислам ғалымдары ұстаздан қателік көрген 
жағдайды да назардан тыс қалдырмаған. Бүрсауи бұл 
жайында: 
«Оқушы  оғаш  көрінген  қылығын  көрсе  де, 
ұстазының  сөзіне  я  ісіне  қарсылық  танытпауы  тиіс. 
Ондағы қылықты дереу жамандыққа жорымауы қажет. 
Қайта қателікті өзінен іздегені жөн»
114
, – деуде.
Төртіншісі,  сынау  мақсатында  емес,  тек  білу 
мақсатында ғана сұрақ қою. Хазірет Али (р.а.) бұл жай-
лы былай деген:
110
   Ғазали, Ихия, 1/50
111
   «Зүмәр» сүресі, 39-аят.
112
  Бұхари, Сахих, Зекет, 18, ІІ, 117.
113
  Зәрнужи,  Бурханаддин  әл-Ханафи,  Таалимул-мутааллим 
ли  тааллуми  тариқил-илм,  Шарих:  Ибрахим  ибн  Исмайыл, 
Стамбул, 1318 һ, 54 б.
114
  Бүрсауи, Рухул-Баян, 7/276.


75
Адами мінез – арға сын
«Көп  сұрақ  қоймау,  берілген  жауапты  қанағат 
тұту,  ұстаз  шаршаған  жағдайда  оны  қинамау,  кетпек 
болғанда  етегіне  жабысып  жібермей  қоймау,  сырла-
рын әшкерелемеу, жаңылысқанына түсіністікпен қарау 
–  бұның  барлығы  шәкірттің  әдебіне  жатады.  Діннің 
шеңберінен  шықпаған  жағдайда,  Аллаһ  разылығы 
үшін  ұстазды  құрметтеп,  қадірлеу  –  әрбір  шәкірттің 
борышы»
115

Бұған  қоса,  «ұстаздың  алдында  бәсең  дауыспен 
сөйлеу,  алдынан  қия  баспау,  құрметсіздік  болып  та-
былатын басқа да ұнамсыз қылықтарды жасамау, оны 
сыртынан  мазақтамау  –  ғалымдарға  деген  құрметке 
жатады»
116

Қорыта келгенде, әр мұсылманға ілім үйренуді па-
рыз еткен Ислам дінінде ұстазға деген құрмет жоғары 
бағаланған.  «Адамдардың  ең  жақсысы  –  басқаларға 
пайдасы  тигені»  деген  соңғы  елші,  ғаламның  рақым 
нұры Мұхаммед пайғамбарымыздың да (с.а.с.) әлемге 
үйретуші  ұстаз  ретінде  келгені  тегін  емес.  Олай  бол-
са, ертеңгі өмірдің баянды да бақытты болуын қалаған 
әрбір адам ұстазға құрмет көрсетуді өзіне қастерлі бо-
рыш деп білуі тиіс.
115
  Ғазали, Ихия, 1/51.
116
  Алуси, Рухул-мәани, 8/174.


76
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет