Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет22/29
Дата10.01.2017
өлшемі2,33 Mb.
#1601
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29

 
ішінде  өзінің  қой  бөліктері,  яғни  қыстаудан  бөлек  қой  жайылымы  бар,  жоқ 
екенін  анықтау).  Жайылымды  пайдалану  дәрежесі:  оның  құнды,  маңызды 
бөлігі; көп пайдаланатын ерекше маңыздысы. Су көздері, көшіп-қону жолы, 
малды  қабылдау,  айдау.  Жайылымдық  жерді  арендаға  беру.  Көршілермен 
болған дау себептері. 
2. Шөп шабу, пішен ору. Оның сипаттамасы, орналасуы. Малды шөппен 
азықтандыру  мерзімі.  Ескі  шөптің  қалғаны  бар  ма?  Шабындық  жерлерді 
тапсыру. 
3.  Айдалған  жер.  Егістік.  Олардың  орналасуы  (қыстау  ішіндегі 
территорияда ма, әлде маңында ма). Суландырылған жайылым. Жайылымды 
тапсыру.  
Бұл  бағдарлама қауымдық  кестеге  ескерту  жасау  үшін құрастырылғаны 
көрініп  тұр.  Осындай  статистер  жинаған  нақтылы  материалдарды 
чиновниктер  пайдаланып,  қауымдық  бланктерден  таңдап  алып,  жекеленген 
қауым  құрамын  зерттеп,  олардың  жерді  пайдалану  ауданын  есептеген. 
Әсіресе  бұл  қауымнан  «артық  жерлер»  қиып  алынған  кезде  және  жергілікті 
тұрғындармен конфликт-қайшылық  туындаған кезде  қажет болды.  Нақтылы 
материал қауымдық кестені қарастырған кезде өте құнды болып есептелді [7].  
Үшінші  міндетті  кесте  «Жылқы  малы  бойынша  әр  томға  енген 
шаруашылықты  топтауға  арналған  статистикалық  мәліметтердің  аудандық 
кестесі». Бұл кестенің негізіне экспедицияның зерттеуіндегі әр оязды ауданға 
бөлу  алынған,  ол  жердің  сапасына  қарай  анықталған.  Аудандық  топтық 
кестелер  әр  өлке  бойынша  әр  түрлі  мүліктік  топтарды  анықтауға  мүмкіндік 
туғызады. Бұл арада тағы да бұған дейінгі кестелерде болған: «Тұрғылықты 
халық»,  «Тұрғын  үй»,  «Жалдамалы  жұмыскер»,  «Мал»,  «Жайылымдық 
жерлер»,  «Шабындық  жерлер»,  «Кәсіпшілік»  бағаналары  орын  алған,  тек 
көптеген басқа, жаңа ұсақ сипатталған нышандарға ие болған. Жаңа бағана ет 
пен ұнды пайдалану мөлшеріне арналған. 
Осы  үш  негізгі  кестеде  –  ауылдық,  қауымдық  және  аудандық, 
экспедиция  мүшелері  әр  ауданның  орта  шаруашылығына  қажетті  жерді 
пайдалану нормасын есептеп шығарды. Сондықтан әр томда «Аудандар мен 
артық жерлердің кестесі» берілген. Бұл кішігірім кестелерде жер нормалары, 
жалпы жер аудандары мен артық жерлер немесе жайылымның жетіспеушілігі 
көрсетілген. Бұл міндетті кестелермен қоса, әр томда ерекше кестелер бар.  
Кейінгі  жылдары  осы  тақырыппен  айналысып  жүрген  зерттеушілердің 
бірі  Н.Тасилова  осы  мәселеге  қатысты  өз  ойын  былай  деп  тұжырымдайды: 
«Қырғыздардың (қазақтардың) жерді пайдалану материалдары...» ең алдымен  
екі ғасырдың тоғысындағы бүкіл қазақ қоғамының шаруашылық, әлеуметтік-
экономикалық  жағдайынан,  географиялық  орналасуы  мен  рулық-тайпалық 
құрылымынан құнды-құнды мәліметтер беретін жазба деректің түрі.  
 
Көптеген  зерттеушілер  бұл  деректің  мәліметтерін  өз  еңбектерінде 
кеңінен пайдаланады, бірақ та әлі күнге дейін экспедиция материалдары 

209 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
кешенді  түрде  деректанулық  талдаудан  өткен  жоқ.  Сондықтан  да, 
«Қырғыздардың 
(қазақтардың) 
жерді 
пайдалану 
материалдары...»  
мәліметтерін  деректанулық  сыннан  өткізудің  маңызы  аса  зор  екендігін  атап 
өтуіміз қажет» [5, 10 б.].  
Автор  Н.Тасилова  бұл  деректің  ерекшелігі  мен  құндылығына 
байланысты  мынандай  пікір  білдіреді:  «Біріншіден,  Қазақстан  жерін  зеттеу 
экспедициясы  жұмысын  аяқтамай-ақ,  бүкіл  материалдар  сұрыпталып, 
жүйеленіп  кітап  болып  басылып  шығуында.  Яғни,  дерек  сол  кезеңнен 
алшақтамайды;  екіншіден,  бұл  деректің  материалдарын  кітап  етіп 
құрастырып,  баспаға  даярлаған  авторлардың  өздері  сол  экспедицияның  бел 
ортасында  жүріп,  басынан  соңына  дейін  қатысқан  білімі  жоғары 
зерттеушілер болған. Ол деректің объективтілігін жоғарылатады; үшіншіден, 
дерек басылып шыққаннан кейін қайта өңделмеген, басылмаған. Демек, дерек 
бұрмалаушылыққа  ұшырамай,  түпнұсқа  күйінде  жетуімен  де  ерекшеленеді 
[5, 9 б.]. 
Автордың  зерттеліп  отырған  тақырыпқа  байланысты  пікірін  қолдай 
отырып мынандай қорытынды жасауға болады: «Материалдардың...» барлық 
басылымы  өз  негізінде  мәтіндік,  кестелік  бөлімде  болсын  біртекті 
құрылымда.  Зерттеудегі  әдіс-тәсілдердің  өзгерісіне  сай  және  жекеленген 
ояздың өзіндік ерекшелігіне байланысты барлық томдарда өзіндік өзгертулер 
орын алып, жаңа мәтіндер мен кестелер енгізілген. Сондықтан басылымның І 
томы  көп  жағдайда  өзгелерінен  бөлектеу.  Осы  ерекшелікті  және 
ұқсастықтарды  есепке  алған  кезде  басылымның  томдарын  салыстыруға 
толық негіз бар. 
«Қырғыздардың (қазақтардың) жерді пайдалану материалдары...» арнайы 
ғылыми  түрде  зерттелмеген  үлкен  деректер  кешенін  құрайды.  Оларды 
жүйелеп,  деректанулық  талдаудан  өткізіп,  практика  жүзінде  пайдаланудың 
маңызы аса зор.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Волкова  Т.П.  Материалы  по  киргизскому  (казахскому)  землепользованию, 
собранные и разработанные экспедицией  по исследованию степных областей.  Дисс. 
канд. ист. наук. - М., 1982. – 170 с.  
2.
 
Материалы  по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные 
экспедицией  по  исследованию  степных  областей.  Акмолинская  обл.  Кокчетавский 
уезд. –Т. І. –Воронеж, 1898. – 860 с. 
3.
 
Материалы  по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные 
экспедицией  по  исследованию  степных  областей  под  руководством  Ф.А.Щербины. 
Семипалатинская область. Павлодарский уезд. –Т. ІV. –Воронеж, 1903. – 762 с. 
4.
 
Портреты. Степь глазами извне. От Геродота до Гумбольдта. / Авторс. колл: 
А.Х. Касымжанов и др. –Алматы: Эверо, 2000. – 148 с. 

210 
 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
5.
 
Тасилова Н. «Материалы по киргизскому землепользованию» дерегінің ішкі 
құрылымы  мен  сақталу  формасы.  //  ҚазҰУ  хабаршысы:  Қазақ  университеті.  Тарих 
сериясы, №4 (43). 2006 ж. -9-13 бб. 
6.
 
Очерки экономической истории Казахской ССР (1860-1970 гг.). –Алма-Ата: 
Казахстан, 1974. – 382 с. 
7.
 
Кауфман  А.А.  Переселенцы-арендаторы  Тургайской  области.  2-я  часть 
отчета  старшего  производителя  работ  Кауфмана  по  командировке  в  Тургайскую 
область. – Спб: Типография Безобразова, 1897. – 287 с. 
 
РЕЗЮМЕ 
Автор  в  данной  статье  в  качестве  главной  цели  определяет  изучение  внутренней 
структуры  многотомного  источника  «Материалы  по  киргизскому  землепользованию...», 
явившегося результатом работы экспедиции по изучению казахских земель в конце ХІХ- и в 
начале  ХХ  вв.  Отмечая,  что  до  настоящего  времени  данный  источник  не  подвергался 
комплексному научному изучению, автор проводит систематизацию документов, вошедших в 
данный источник, обращает особое внимание на его практическую деятельность. 
(Амрина М.С., Оскембаев К.С. Общая структура источника «Материалы по киргизкому 
(казахскому) землепользованию... ») 
 
SUMMARY 
Author  determs  as  main  goal  of  this  article  the  study  internal  structure  a  hug  researches  of 
“Materials on the Kirgiz landscape...”. It is result of work the expedition on study the Kazakh lands at 
the  end  of  XIX  and  beginning  XX  the  centuries.  Author  notes  to  the  present  time  such  documents 
don’t consider completely by other scientists and she systematises the documents in this article. 
(Amrina  M.S.,  Oskembaev  K.S.  «Materials  on  the  Kirgiz  (Kazakh)  Landscape»  the  issue  of 
Internal Structure) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

211 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
ӘОЖ 958.45:297     
 
Д.МҰСТАПАЕВА 
тарих ғылымдарының кандидаты, 
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті  
 
КӨНЕ  НАНЫМ-СЕНІМДЕР МЕН ӘУЛИЕЛЕР  
КУЛЬТІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ 
 
Мақалада    елдің    рухани  мәдениетінде    сақталған  көне    наным-
сенімдердің    ерекшеліктері  туралы    баяндалады.    Ежелден  келе  жатқан  , 
тарихи санада  сақталған  әулиелер культінің  сипатына тоқталады.  Қазақ 
жеріндегі, Орталық Азия мен  Кіші Азиядағы  қасиетті жерлердің   ғылыми 
әдебиеттерде  зерттелуі  қарастырылады.Ата-баба  рухын,  қасиетті 
жерлерді      қастерлеудің  өте    ертеден  келе жатқан  түп-тамыры    туралы 
айтылады. Орта Азиядағы әулиелер культінің  тарихи тамырын  зерделеген 
О.А.Сухарева,  В.Н.Басилов,  Г.Н.Снесарев,  Р.М.Мұстафина  т.б.  ғалымдар  
зерттеулері қамтылған.  
 
Кілт сөздер: тотемизм, көне наным-сенімдер, дәстүрлер, ата-баба культі, 
әулиелер культі, дүниетаным. 
 
Елдің рухани өміріндегі ықылым заманнан келе жатқан, сақталып қалған 
тотемизм,  анемизм,  фетишизм,  зоолатрия,  яғни  жануарларға,  аспан 
денелеріне, т.б. бас ию бөлшектері бар ата-баба культі белгілі бір халықтың 
ата-бабасын  қадірлеуде  жасалатын  рәсімдік  іс-әрекеттері  [1].  Мазар,  оның 
жанына  қойылатын  арнайы  заттар,  мысалы  әулиелі  жерлердегі  ту  ұшы, 
малдардың  мүйіздері  де  осыларға  мысал  болады.  Көшпелі  және  отырықшы 
мәдениетті  қатар  алып,  тіршілік  еткен  ортада  көптеген  қасиетті,  киелі 
орындар  болғаны  белгілі.  Ежелгі  наным-сенімде  ата-баба  рухы-  аруақтарды 
құрметтеген.  Олардың  есімі  мен  жорыққа  шығып,  тайпа,  рулар  ұрандарына 
айналды.  Маңызды  бір  мәселені  шешкенде,  жорыққа  шыққанда  ата-баба 
рухына бас иіп, құрбандық шалып отырған.  
Қазақ  халқының  тарихи  санасында  от,  су,  тотемизм,  мифологиялық 
тақырыпта,  жұмақ  пен  тозақ  туралы,  отбасына  беріктік,  жауынгершілік 
туралы    түсініктер  сақталып  қалған  [2].  Дала  дәстүрінде  табиғат  күшін 
сыйлау, аспан, Күн, Ай, Жер, отқа, суға сыйыну тән болды. Ата-баба рухына 
бас  ию  сақ  дәуірінен,  оған  дейінгі  кезеңдерден  келе  жатқан  дәстүр  деуге 
болады.  Қазақтардың  қоғамдық  санасында  ата-бабасына  бас  ию,  отты  
қасиеттеу  әлі  күнге  дейін  сақталған.  Осы  аталған  көптеген  ұстанымдар  мен 
рәсімдер  мұсылмандық  сипатқа  ие  болды.  Ислам  жергілікті  наным-
сенімдердің әсеріне ұшырады және олардың өзара ұштасып, үйлесуіне алып 
келді. Тәңірлік,  зәрдүш,  шаманизм,   т.б.  белгілері  ел  санасында   сақталып  

212 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
дамыды. Бұлар ежелгі жергілікті наным-сенім, дәстүр мен мұсылмандықтың 
бірігуінде  бейнеленеді.  Елдің  тіршілігінде,  оның  дамуында  тарихи  сананың 
маңызы  ерекше,  ата-баба  өсиетіне  беріктік,  ата-баба  рухын  сыйлау  дәстүрі, 
салт-дәстүр  сабақтастығы  ерекше  орын  алады.  Халықтың  ежелден  келе 
жатқан  жырларында  Жаратушыдан  перзент  сұрап,  сыйынады.  Рәсімдер 
жасап, ата-баба рухына құрбандық шалады. Орта Азия мен Қазақстанда кең 
тараған  сопылық  ілім,  ежелден  келе  жатқан  наным-сенімдер,  дәстүрлер, 
әулиелі  жерлерге  деген  дәстүрлер  мен  рәсімдер  исламның  жергілікті 
дәстүрлермен  үйлесуі  деуге  болады.  Аруақтарға сыйыну  ежелгі  дәстүр,  ата-
баба қабірін, әулиелерді қадірлеу ежелден келе жатқан рәсім болып табылады 
[2].  
Қайтыс болған ата-бабаларын, көсемдерді қадірлеу сақтарда  , ғұндарда, 
көне түркілерде болған. 
Қазақтың  салт-жоралғылары  –  әлемдік  құрылым,  қоршаған  орта, 
әлеуметтік  космос,  бөтен  дүние,  қоғамдық  қатынастары  жөніндегі  үлгілері 
секілді.  Зерттеуші  Н.Әлімбай  зерттеуінде  көрсеткендей  екі  космостың 
үйлесуін, байланысын бабаларымыз «құдай жарылқады», «әруақ атты» деген 
баламалармен  бейнелеген.Түркі  халықтары,  оның  ішінде  қазақ  халқының 
ауыз  әдебиетінде  бас  кейіпкер  тілегі  ата-баба  зиратына  барып  тәу  еткеннен 
кейін  қабыл  болады.  Бейіт  әруақтармен  тіл  табысудың,  олардың  құдыретін 
игілікке бағыштаудың торабы [3]. 
Ата-баба рухын, қасиетті жерлерді  қастерлеудің өте ертеден келе жатқан 
түп-тамыры бар, ертеден, сақ дәуірінен келе жатқан үрдіс деуге негіз бар. Сақ 
патшасының    парсы  патшасы  Дариге  «Ата-бабамыздың  моласын  тауып 
бұзып  көріңдер,  сонда  біздің    бұл  молалар  үшін  қалай  соғысатынымызды 
көресіңдер» деген жауабы ата-баба рухын сыйлауды көрсетеді [4]. Бұл дәстүр 
кейінгі  кезеңдерде,  түркілерде  өзінің  жалғасын  алды.  Әруақты  мойындау 
туыстық-ұлттық мінез, тәлім-тәрбие, өнеге, ортақ мақсат төңірегіне топтасу. 
Бабаларға  тағзым  ету  түркі  өркениетінің  өлшемі.  Елдегі  барлық  ұлыс, 
тайпалар, топтар түркі дәстүрлерін бейнеледі, соларға сай заңдар мен салттар 
бойынша өмір сүрді [5]. 
Әскери  демократия  заманында  жеке  батырлық,  әскери  қабілеттер, 
қасиеттер  бағаланған,  алға  тұтылған  батыр  ата-баба  культінің  біртіндеп 
қалыптасуына алып келді. Өткен ата-баба мен ұрпақтарды  байланыстырып, 
жаңаша  түсіндіретін  тарихилық  бөлшегі  деуге  болады.  Ұрпақ  -  зерттеулер 
көрсеткендей көп рет қайталанған, шешуші мәнге ие, тарихи ата-бабалардың 
көптеген ғасырлардан соңғы жаңа сипатта қайталануы [6]. 
Отырар-Қаратау,  Жеті  Асар,  Қауыншы  мәдениетінде  ата-баба  әруағына 
табынған. Ертедегі қаңлы елінде  ата-баба мазарларына әр жыл сайын барлық 
иеліктер жиналып,  ата-бабаларын шек берген [7]. 
Ш.Уәлиханов  зерттеуінде  «Қазақтарда  әруақты  қастерлеу  салты  қазіргі 
күнге дейін өз күшінде. Олар басына қауіп төнгенде, мұсылмандардың әулие- 

213 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
әмбиелеріне сыйынатын, әруағын  көмекке  шақырады,   Қазақтар  әруақтарға  
бағыштап  төрт  түліктің  қайсысын  болсын  құрбандыққа  шалады.  Мінәжат 
етіп, әруақтың басына (моласына) барып түнейді. Құрбандық шалады, өзінің 
қолы  жетпей  жүрген  көкейтесті  арманын  өтеуді  тілейді»  дейді  [8].  Ежелгі 
түркілік  өмір  мен  өлім  туралы  дүниетанымда  ата-баба  рухы  өзінің 
ұрпақтарына  көмектеседі  деген  наным  болған.  Ата-баба  культі  ежелгі 
түркілер  мен    монғолдарда  өз  ғұмырларында  ерлігі,  жақсы  істерімен 
әйгіленіп,  ел  санасында  қалған  тұлғаларды  ұлықтап,  оны  үнемі  қорғап, 
қолдайтынына сенген [9].  
 Ата-баба  культі  -  тотемдік  ата-бабаның  шығу  негізі  отбасының,  рудың 
қолдаушысы,  рудың  негізін  салушы  ата-баба  ерекше  тұлға  ретіндегі 
көзқарастардың    жиынтығынан  туындады.  Олар  көптеген  салт-дәстүрлер, 
рәсімдерде  сақталып,  қайта  қалыптасып,  жаңа  сипатта  барлық  түркі-монғол 
халықтарының  наным-сенімдерінде орын алды.  
Мұсылмандық дәуірге дейін түркілер отқа, қасиетті тау, ағаш, Жер, ата-
баба  әруақтарына,  қасиетті  деп  есептелетін  жануарларға  табынды.  Әлемдегі 
адамзат баласының мәдениеті мыңдаған жылдар бойы адамның іс-әрекетімен 
байланысты болды. Барлық кезеңде адамзат баласы адамның жан-дүниесі бай 
адамды пір тұтқан [10].  
Орта Азиядағы әулиелі жерлер жайында шығыстанушылар еңбектерінде  
қамтылып  зерттелгені  белгілі.  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  зерттеулерде,  атап 
айтқанда  Н.Маллицкий,  П.Позднев,  Ә.Диваевтың,  Н.С.Лыкошиннің,  т.б. 
еңбектерінде  әулиелер  және  олардың  мазарлары  туралы    айтылады.  XX  ғ. 
бірінші  жартысында  А.А.Семеновтың,  В.А.Гордлевский,  И.Гольдциер, 
В.А.Жуковскийдің зерттеулері әулиелер культіне қатысты болды [11]. 
Орта Азиядағы әулиелер культіне қатысты іргелі зерттеулер XX ғ. екінші 
жартысында,  елуінші-алпысыншы  жылдарында    жарияланды.  Сол  кезеңдегі  
ресми көзқарасқа сай  әулиелер культі діни қалдық, ескі діни көзқарас ретінде  
қабылданған еді. Зерттеушілер О.А.Сухарева, В.Н. Басилов, Г.Н.Снесаревтің 
[12],  зерттеулері  бұл  мәселені  саралап  зерттеуде  өзіндік  тұжырымдар 
айтумен, қоғамдағы қалыптасқан сол уақыттың талабына сай талданды. Сол 
кездегі  Орта  Азия,  Қазақстандағы    қазақ,  өзбек,  қырғыз,  тәжік,  түркімен  
тілдерінде  жарияланған    О.Дастанов,  М.Агаев,  А.Мухтаров,  О.Мурадов,  
А.Алиммухамедов, т.б. авторлардың еңбектері, әулиелі жерлерге байланысты 
тұжырымдары  сол  кезеңдегі  қоғамдағы    көзқарастан  алшақ  кетпей,  сынай 
қараған тұстары болды, сонысына қарамастан аталмыш тақырыпты саралаған 
еңбектер деуге негіз береді [13].  
Зерттеушілер  О.А.Сухарева,  В.Н.Басилов,  Г.Н.Снесарев  өз  еңбектерінде  
Орта Азиядағы әулиелі жерлердің, тұрғындарының ерекшеліктерін сипаттап, 
олардың сипатын, құрамын жіктеген.  
  Г.П.  Снесаревтің  зерттеуінде    әулиелі  жерлерді    сипатына  қарай 
жүйелеп, төрт топқа бөлген [14, 277-278]: 

214 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
1. нақты өзінің аты жоқ, лақап атпен белгілі әулиелер мазарлары, жерлеу 
орындары, т.б. 
2.  Құран-  библиядағы  әулиелер,  атап  айтқанда  Мұса,  Нұх,  Сүлеймен, 
Дәуіт,  т.б.  Алғашқы  исламның  кезеңіндегі  алғашқы  халифтер,  Пайғамбар 
ұрпақтары, ілімін жалғастырып, таратушылар. Осы топта әр түрлі  мамандық 
пен кәсіпті қолдаушы әулиелер аталған.  
3. Үшінші топта ортағасырлық сопылар негізін салушылар, жетекшілері, 
ізбасарлары аталады. Осы топта Г.П.Снесаревтің тұжырымында әулиелер көп 
және  кең  танымал  болған.  Дін  таратушы  жергілікті    әулиелер  мен  дін  аша 
келген әулиелер кең тарады.    
4. Төртінші топта жергілікті билеушілер отбасы мүшелері, жеке адамдар 
ел  арасында  әйгілі,  кең  тараған  қасиетті  әулиелер  жанында  жерленген  соң 
белгілі болған адамдар енген.  
 Г.П.Снесаревтің 
1950-1960 
ж.ж. 
тарихи-этнографиялық 
және 
фольклорлық  материалдар  негізінде  жүргізген  зерттеуі  белгілі  бір  аумақты 
қамтығанмен,  Орта  Азия  аймағының  басқа  өңірлерінде  де  кездесетінін 
айғақтады  [4,  3].  Г.П.Снесарев  Орта  Азиядағы  әулиелер  культінің  тарихи 
тамырын,  екі  бастауын  ата-баба  культі  және  көне  өркениет  жағдайында 
қалыптасқан зороастризммен байланыстырған [15]. 
Екі құбылыс  та  Орталық  Азияға  ислам  діні  келгенше  өзгеріске  ұшырай 
отырып, әртүрлі деңгейде сақталған.  
Орталық  Азия,  Кіші  Азия  аумағын  алғанда  әулиелер  культі  уақыт  өте 
сопылық  авторлардың  шығармаларында  ерекше  орын  алды.  «Әулие» 
терминін «Жаратушыға жақын», сопылық шығармаларда «қолдау», «қорғау», 
«Жаратушының көмегі» деп түсіндіріледі [16]. 
XIV-XVғғ.  Анадолы  түріктерінің  әулиелері  туралы  Ф.Көпроғлы, 
О.Көпроғлы,  А.Осактың    зерттеулерінде  тарихи  тұрғыдан  деректік 
маңызы,әулиелер культінің сипаты, халықтың әулилерге қатысты аңыздары, 
ерекшеліктері сараланған болатын [16]. 
Орталық  Азиядағы,  Кіші  Азиядағы  әулиелер,  әулиелі  жерлер  туралы 
елдің  аңыздары,  танымдары,  наным-сенімдері  туралы  О.А.Сухарева, 
В.Н.Басилов,  Г.Н.Снесарев,  Р.М.Мустафина  [17],  Ф.Көпроғлы,  О.Көпроғлы, 
А.Осактың  [18]  зерттеулерінен  мәнді  тұжырымдар  табуға  болады.  Аталған 
зерттеулерге сүйенсек,  көптеген әулиелі орындар тарихы осыны меңзейді.  
 Әулиелер культі исламда маңызды орын алғаны белгілі. Үлкен аумақты 
мекендеген,    сан  ғасырлар  көшін  басынан  өткізген  елдің  салт-дәстүрлері, 
наным-сенімдерінде  әулиелі  жерлерге  байланысты  ортақ  бір  іс  -әрекеттер 
бейнеленген. Атап айтқанда: 
1.
 
Тірі кезінде, кейін қайтыс болған соң қасиетті әулиенің кереметтері ел 
аңыздарында, т.б. деректерде айтылып отырады.  
2.
 
Әулиенің  мазары  қасиетті  орынға,  ол  жердегі  қалған  заттар  құнды 
қасиетті жәдігерлерге айналады.  

215 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
3.
 
Елдің  жадында,  түсінігінде  қасиетті  орындардағы  әулиелер 
Жаратушы  мен  адам  арасындағы  дәнекер,  оның    Жаратушы  берген  күші 
пендеге де өтеді деген нанымы. 
4.
 
Мазарға  ел  үнемі  зиарат  етіп  келеді  және  ол  жер  рухани  орталыққа 
айналады.  
5.
 
Әулие мазарларында құрбандық шалу, түрлі рәсімдер жасау.  
Орталық  Азия  мен  Кіші  Азиядағы,  Анадолы  түріктерінде  әулиелі 
жерлерге қатысты жоғарыда атап өткен ұқсастықтар бар.  
Тарихи  тұлғаларға,  жергілікті  жерлердегі  әулиелерге  қатысты  ел 
арасында  лақаб  атпен  белгілі  әулиелі  жерлер,  мазарлар  көптеген  ғасырлар 
бойы зиарат орнына айналып отырған [16, 98]. Лақап атпен аталған әулиелер 
мазарлары өте көп және үлкен аумақ көлемінде көптеген ғасырлар белесінде 
тарихи оқиғалар, өзгерістер, елдің рухани өмірінің сипатына сай орын алып, 
ел тарихында зиарат орны ретінде қадірленіп сақталып отырды. 
Лақап  атпен  аталған  әулиелер  мазарлары  нақты  тұлғаның  аты  мен 
ерекше  қызметіне,  істеген  кәсібі  не  т.б.  қарай  атаған.  Мысалы  Құсшы  ата 
әулие  кезінде  құсбегілік  өнермен  елге  белгілі  болса,  Қазаншы  ата  қазанды 
құюымен, ежелден келе жатқан ел дәстүрін сақтап, қадірлеуімен, сол кездегі 
рухани дамудың бір тармағын көрсетеді.  
Мұндай  қадірлі,  әулиелі  жерлер  ел  тарихында  өте  көп  сақталған. 
Олардың  бәрі  зерттеушілер  тұжырымдағындай  ата-баба  рухын  қадірлеуге, 
Жаратушыға сыйынуға, сол кезеңдегі дәнекер деген түсінікке негізделгендей.    
Орта  Азия  мен  Қазақстанда,  Кіші  Азияда  әулиелер  мазарын,  зиарат 
орнын ел «қадамжай», «мазар», «кесене», «түрбе» деп атайды. Орта Азия мен 
Қазақстандағы  әулиелі  жерлер  сияқты  Кіші  Азияда  қасиетті  әулиелерді 
зерттеуші  Ю.Аверьянов  жауынгер  кейіпкерлерге,  дәуріштер,  «кәсіптік  » 
әулиелер,  белгілі  бір  кәсіпті  қолдаушылар,  шығармашылық  мұра  қалдырған 
кәсіби  мистиктер  деп  бөледі.    Осы  тұжырымда    қиялдағы,  нақты  түрде 
болмаған есімдері  тау, ағаш тастармен  сәйкес культтік нысаналар әулиелер 
деп аталғаны айтылады [16].  
Әулиелерге  ел  кейбір  мемлекет  қайраткерлерін  де  жатқызған.  Аңыз-
әңгімелерде,  жырлар  мен  әулиелер  кереметтері  туралы  жазбаларда  исламға 
дейінгі  наным-сенімдер,  елдің  сан  ғасырлардағы  рухани  өмірі  бейнеленеді.  
Исламды  қабылдаған  елдің  рухани  өмірінде  ерекше  сипатта  орын  алып,  
исламдық сипатта танылды. 
Ежелден  келе  жатқан  ата-баба  культі  түркі  халықтарының  өмірінде, 
наным-сенімдерінде  ерекше  орын  алып,  жергілікті  жердің  даму  сипатына 
қарай ерекшеленгенмен әулиелерді қадірлеу исламдану процесінде сақталып, 
елдің рухани болмысында бейнеленді.   
Түркі  халқы  қоныстанған  барлық  жерлердегі  әулиелі  орындарға  тән 
ұқсастық    исламды  аша  келген,  кейіннен  мазары  қасиетті  орынға  айналған 
тұлғалар, жергілікті елдің салт-дәстүрі,  наным-сенімдерімен араласу,  

216 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
исламды  насихаттауда    өзіндік  орын  алған,  белгілі  бір  кәсіп  иелерінің  іс-
әрекетімен  елге танылған жеке және  жалпыға  бірдей белгілерінің болуымен 
ерекшеленеді.    Қазақтардағы   батырлар   жыры,   аңыз-әпсаналар,   түрік
  
халқындағы әулиелер туралы әңгімелер, ауызша және жазбаша шығармалары 
қасиетті  әулиелердің  кереметтері,  даму  кезеңдері,  тарихи  оқиғалар  туралы 
нақты айтады.  
Орта  Азия  мен  Қазақстандағы    көптеген  ғасырлар  беделінде  зиарат 
орнына  айналған  орындар  жүздеп,  одан  да  көп  сипатта  кездеседі.  Оларды 
аймақ-аймаққа бөліп қарағанда әр уақыт кезеңінде көне заман, ортағасырлар, 
жаңа заманда  сабақтастық тауып, дами түскені байқалады.  
Қазақ  даласында  әулиелі  жерлер  көп.  Олардың  көп  жері  –  Қаратау 
алқабы  деуге  болады.  Соларды  өлкені  зерттеушілер  үш  топқа  бөлген. 
Біріншісі  –Бабтар,  екіншісі  -  сопылар,  үшіншісі  -  аталар,  шәкірттер  деп 
бөлінеді.  Әулиелер  культі  бірінші,  белгілі  бір  кезеңде  өмір  сүрген 
тұлғалардың  әулиеге  тән  қызметі,  уақыт  беделінде    қияли-ғажайып  сипат 
алған  тарихи  бейнесі,  екінші  әулиелерге  байланысты  мазарлар, 
ғибадатханалар,  молалардың  болуы  және  олардың  жанындағы  барлық 
құрылыс,  шырақхана,  шырақтар,  су  көздері,  құдықтар,  ағаш,  тастар  –  бәрі 
қасиетті болып есептеу, белгілі бір зиарат ету рәсімінің болуы [15].    
Р.М.Мұстафина  әулиелі  жерлерді  Оңтүстік  Қазақстандағы  орындар 
негізінде  келесі  сипатта  ресми  исламға  байланысты  әулиелер,  сопылар, 
қазақтың  ру  басы  әулиелері,  исламға  дейінгі  табиғат  культіне  байланысты 
әулиелер  (Қазығұрт,  Жылаған  ата,  т.б.),  арнайы  кәсіптерге  қамқоршы 
әулиелер,  қазақ  батырларының  сүйеушісі  -  Баба  Түкті  Шашты  Әзиз  деп 
тұжырымдаған.  Қазақы  әулиеге  табыну  өзінің  негізгі  идеялары  бойынша 
ислам рухын білдіріп, оның орнығуына көмектеседі [19].  
Исламға  дейінгі  дәстүрдің  жұрнақтары  тұрмыстық,  халықтық  ислам 
ретінде  көрсетіліп,  исламмен  әрекеттесе  отырып,  өзінің  өміршеңдігін 
жалғастырып  келеді.  Оңтүстік    Қазақстандағы  ел  зиарат  етіп,  қадірлейтін 
әулиелі  жерлер  әр  түрлі  және  өте  көп.  Әулиелер  культі  исламға  дейінгі 
наным-сенімдердің көптеген бөліктерін өзіне жинақтай отырып, өзінің негізгі 
ойы  бойынша  ислам  рухын  бейнелейді.  Әулиелер  мазарлары,  олардағы 
белгілер  кейбір  исламға  дейінгі  рәсімдерді,  салт-дәстүрлерді  сипаттайды. 
Орта  Азия  мен  Қазақстан,  Кіші  Азиядағы  әулиенаманы  зерттеген  ғалымдар 
еңбектеріндегі  әулиелердің  категориялары  әрбір  территорияның  жергілікті 
тарихынан өрбігенмен, өзара ұқсас сипаттары барын көруге болады.   
Әулиелі жерлерге қатысты деректерді саралаған зерттеуші С.Қондыбаев 
Қожа  Ахмет  Ясауи  ілімімен  байланысты  әулиелі  жерлерді  екі  аумаққа 
Қаратау-Ташкент  және  Арал-Каспий  деп  бөледі.  Бірінші  аймаққа  Оңтүстік 
Қазақстан,  Жамбыл,  Қызылорда,  Өзбекстан  Республикасындағы  Ясауи 
жолына қатысты әулиелі орындар енеді [20].  
Ясауи дүниетанымында әулие – даңғыл жол, дана тұлға болды. Ол  

217 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
халқының жақсы-жаманын, олардың екі арасын ажыратуға ықпал ететін [21] . 
Көшпелі  түркілердің  көне  дәстүрлі  көзқарастарымен  араласып,  (тотемизм

анемизм, магия белгісі) олардың исламмен  үйлесу  процесі  жүрді [22]. 
Түркі  тектес  жауынгердерден  тұрған  Әмір  Темір  әскерлерінің 
қолбасшыларының  ата  дәстүрі,  қасиетті  әулиелерге  құрмет  көрсетуі,  Ясауи 
әруағына  құрмет  көрсетуі  ежелгі  наным-сенімдермен  ұштасып  жүргізілді 
және қасиетті жерлерде бейнеленді.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет