Қызба. Түсінігі. Этиология. Патогенез. Сатылары


Температураның көтерілу сатысы



бет2/4
Дата24.05.2023
өлшемі1,32 Mb.
#96753
1   2   3   4
Байланысты:
Лихорадка

Температураның көтерілу сатысы:

  • Қызба кейде температураның жоғары деңгейге кенет, бірнеше сағаттың ішінде, тез (бөліктік (крупозды) пневмония, тұмау, безгек, бөртпе сүзек т.б.), кейде біртіндеп, бірнеше күннің ішінде (іш сүзегі, қызылша т. б.) көтерілуімен басталады. Бұл кезде организмнен жылудың сыртқа шығарылуы шектеледі де, денеде жылу өндірілу одан басым болады. Шеткері қан тамырларының жиырылуынан және тер шығудың тежелуінен жылудын сыртқа берілуі төмендейді. Бұлшықеттерде, бауырда және ішкі ағзаларда тотығу-тотықсыздану үрдістерінің артуына байланысты организмде жылу өндірілуі күшейеді. Бұлшықеттердің жиырылулары кездерінде өндірілетін жылуды жиырылулық термогенез, бауырда өндірілетін жылуды жиырылулық емес термогенез дейді.

Температураның жоғары деңгейде тұрақтану сатысы:

  • Қызбаның 1-сатысынан кейін дене қызымы белгілі деңгейге көтеріліп, сол деңгейде біршама уақыт (бірнеше күн, сағат) тұрақтанып тұрады. Бұл кезде дене қызымының реттелу тепе-теңдігі жаңа жоғары нүктеге ауысады да, жылу өндірілуінің көтері-луіне сәйкес жылудың сыртқа шығарылуы да жоғарылайды; тері қызарып, ысыйды, тыныс алу жиілейді.

Температура жоғарылау дәрежесіне қарай:


Субфебрильді температура
(37-38°С)
Фебрильді температура
(38-39°С)
Пиретикалық температура
(39-41°С)
Гиперпиретикалық температура
(41°С және одан жоғары)

Температураның қалыпты деңгейге түсу сатысы:

Қызбаның бұл сатысы жылудың сыртқа шығарылуының жылу өндірілуінен басым болуымен сипатталады. Осының нәтижесінде дене қызымы қалыпты деңгейге дейін төмендейді. Организмде жиналған жылу тері тамырларының кеңуі, терлеу мен тыныстың жиілеуі арқылы сыртқа шығарылады. Температураның түсуі екі жолмен болуы ықтимал:

● біртіндеп (лизистік) (бірнеше тәулік ішінде) түсуі;

● күрт (кризистік) түсуі.

Соңғысында тері қан тамырларының кеңеюі тым қатты болуы ықтимал, егер ол организмнің уыттануымен қабаттасса, онда тіршілікке өте қауіпті коллапс дамуына әкеліп соғады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет