18
Химия
9-сынып емтихан тапсырмалары
13. Медицинада залалсыздандырғыш зат ретінде қолданылатын күлгін түсті
А ерітіндісін
тұз қышқылымен
әрекеттестіргенде В газы түзіледі. Түзілген
В газын анықтаңыз және
сол газдың байланыс типі мен кристаллдық түрін табыңыз.
А) Cl
2
, ковалентті полюсcіз, молекулалық
B) N
2
, ковалентті полюссіз, молекулалық
С) S, ковалентті полюсті, атомдық
D) Cl
2
, ковалентті полюссіз, атомдық
[1]
14. Массасы 250 г күміс пен магний (Ag + Mg) құймасына тұз қышқылымен әсер еткенде
көлемі 56 л (қ.ж) газ бөлінді. Құймадағы қышқылмен әрекеттеспейтін металдың массалық
үлесі (%).
А) 12 %
B) 24 %
С) 76 %
D) 88 %
[1]
15. Массасы 58,5 г натрий хлориді NaCl балқымасын электролиздегенде алынған газдың
көлемі (қ.ж) ?
А) 11,2 л
B) 22,4 л
С) 33,6 л
D) 44,8 л
[1]
16. а) Құрамында 1,59% сутегі, 22,22% азот, 76,19% оттегі бар қосылыстың формуласын
есептеңіз.
І. Қосылыстың формуласын анықтаңыз.
____________________________________________________________ [1]
ІІ. Массасы 126грамм болатын 16а (І) тапсырмасында табылған қосылыстың зат мөлшерін
және көлемін есептеңіз.
____________________________________________________________ [1]
ІІІ. 16а бөлігіндегі табылған қосылысты ЭДТ тұрғысынан ыдыратыңыз.
____________________________ катион
[1]
_____________________________анион
[1]
b) Төменде берілген өзгерістер тізбегін жүзеге асырыңыз.
+O
2
+O
2
+H
2
O+O
2
+Cu
N
2
=> X => NO
2
=> Y => Cu(NO
3
)
2
____________________________ X заты
[1]
____________________________ Y
заты
[1]
с) Азот қышқылының тұздары ауыл шаруашылығында тыңайтқыштар ретінде кеңінен
қолданылады.
І. Азот қышқылының тұздары қалай аталынады?
____________________________________________________________ [1]
d) Азот қышқылының маңызды тұздарының бірі ляписті кальций хлоридімен
әрекеттестіріп, реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеуін жазыңыз.
І. Реакцияның молекулалық теңдеуін жазыңыз.
____________________________________________________________ [1]
ІІ. Толық иондық теңдеуін жазыңыз.
____________________________________________________________ [1]
ІІІ. Қысқартылған иондық теңдеуін жазыңыз. Тұнбаны анықтаңыз.
____________________________________________________________ [1]