Биология
9-сынып емтихан тапсырмалары
Инновациялық мектептерге ІІІ нұсқа
A бөлімі
1. Берілген тірі ағзалардың біреуіне ғана тән мүшені атаңыз:
Омыртқасыз Омыртқалы
А. Қаңқа
В. Тыныс алу мүшесі
С. Көбею мүшесі
D. Қоректену мүшесі [1]
2. Безгек ауруын тасымалдаушы безгек масасының дернәсілдерін жоюға қолданылатын
пестицидті атаңыз:
А. Гербицидтер
В. Инсектицидтер
С. Фунгицидтер
D. Пессимальдық фактор [1]
3. Суретте берілген жүйке жасушасындағы қысқа өсіндінің (А) атқаратын қызметін
атаңыз:
А. Жұлын мен мидың дененің кез келген бөлімімен байланысуын қамтамасыз етеді
В. Ағзадағы кез келген қозғалысты реттейді.
С. Тыныс алуға қатысады.
D. Сұр зат түзіледі. [1]
4. Адамның дене жасушасындағы хромосома саны:
А. 46
В. 23
С. 48
D. 50 [1]
5. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің төменгі сатыдағы өсімдіктерден айырмашалығын
көрсетіңіз:
А. Көпжасушалы
В. Біржасушалы
С. Споралы көбейеді
D. Талломды өсімдік [1]
63
Биология
9-сынып емтихан тапсырмалары
6. Қоректік органикалық заттар өсімдіктің қай мүшесі арқылы тасымалданады:
А. Жапырағы
В.Сабағы
С. Тамыры
D. Жемісі [1]
7. Әртүрге жататын ағзалардың бір-біріне пайда әкеліп, селбесіп тіршілік ететін жүйені
атаңыз:
А. Бәсекелестік
В. Мутализм
С. Комменсатизм
D. Паразитизм [1]
8. Қоректік тізбектің дұрыс реттігін табыңыз:
А. Мысық→ тұқым→тышқан
В. Тышқан→мысық→тұқым
С. Тұқым→тышқан→мысық
D. Тұқым→мысық→тышқан [1]
9. Энергия жоғалту салдарынан (орташа 90%) қоректік тізбекте неше буын болатынын
анықтаңыз:
А. 1-2
В. 4-5
С. 3-5
D. 7-8 [1]
10. Сүйек жасушаларын қоректік заттармен және оттегімен қамтамасыз ететін жүйені
атаңыз:
А. Остеон
В. Коллаген
С. Рецептор
D. Сүйек ұлпасы [1]
11. Нуклеотидтердің бірін-бірі толықтыру жұбы қандай байланыста болатынын
анықтаңыз:
А.Үштік сутектік байланыс
В. Ковалентті полюсті байланыс
С. Сутектік байланыс
D. Азотты негізде [1]
12. Көмірқышқыл газын беріп,оттекті қосып алу механизмін анықтаңыз:
А. Ұлпадағы газ алмасу
В. Тыныс алу
С. Оттегінің ыдырауы
D. Өкпедегі газ алмасу [1]
13. Прокариот және эукариот жасушасы құрылысында кездесетін органоидты атаңыз:
А. Ядро
В. Пластид
С. Митохондрия
D. Рибосома [1]
|