Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет105/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

Ара балы. Бал – жоғары калориялы диеталық тағам.
Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан  өңдеп 
шығарған  өнімі,  қоймалжың,  тəтті  сұйық.  Ара  балы  бір  шырын-
ды  жəне  көп  шырынды  болып  бөлінеді.  Бір  шырынды  бал – тек 
өсімдіктің  бір  түрінен  ғана  жиналған  шырын.  Оны  өсімдіктің 
түріне  (қарақұмық  балы,  жөке  ағаштың  балы,  т.б.)  қарай  атайды. 
Көпшырынды  бал – өсімдіктердің  бірнеше  түрінен  жиналған  шы-
рын. Мұндай балды табиғи бал беретін өңірлерге байланысты (дала 
балы,  тау  балы,  бақ  балы,  т.б.)  əртүрлі  атайды.  Балдың  химиялық 
құрамы  шырын  жинаған  өсімдіктердің  түріне,  топырағына,  ауа 
райының  жағдайына  жəне  балдың  түрлеріне  байланысты  бо-
лып  келеді.  Ара  балының  сапасы  негізінен  хош  иісі,  дəмі,  түсі, 
тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік жəне жабысқақтық қасиеттері 
арқылы  ажыратылады.  Оның 1 кг-ы 3250 кал.  қуат  береді.  Бал 
адам  организмін  витаминдермен,  белокпен,  ферменттермен,  т.б. 
тіршілікке қажетті заттармен байытады. Сондай-ақ балды асқазан, 
бауыр,  бүйрек,  жүрек,  өкпе,  жүйке  ауруларын  емдеуге  жəне  суық 
тигенде қолданады. Ара балын косметикада, дəрі жасау өндірісінде 
пайдаланады.  Балды  құрғақ,  жақсы  желдетілген  бөлмеде  5
о
С-тан 
10
о
С-қа дейінгі температурада сақтайды.
Алайда  оның  құрамында  əртүрлі  мөлшерде  осмофильді 
ашытқылар туысы Zigosaccharomyces кездеседі. Су қосылған балда 
көп  жағдайда  осмофильді  ашытқылардан  туындаған  спирттік  ашу 
жүреді. 
Əрбір  шикізаттың  бұзылуының  алдын  алу  үшін  барлық 
технологиялық режимдер жəне өнім мен жартылай фабрикатты да-
йындау кезінде барлық санитарлық талаптар орындалуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет